Республика ішкі рыногының мазутпен толықтырылуына байланысты және мұнай өңдеу зауыттары резервуарлық парктеріне тауар іркілуінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қыркүйектегі N 1066 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі