Стратегиялық зор маңызы бар қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 19 ақпан N 178

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Алтынсарин-Хромтау" темiр жол желiсi құрылысының сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы қаржыландыру жоспарында көзделген қаражат шегiнде стратегиялық зор маңызы бар ретiнде "Алтынсарин-Хромтау" темiр жол желiсi құрылысын техникалық қадағалауды және технологиялық қолдауды ұйымдастыруды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады