"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнің қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес және материалдық әрi моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық сот iсiн жүргізу тәртiбiмен шығарылған сот шешiмдерiн орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерінiң міндеттемелерін өтеуге көзделген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен қосымшаға сәйкес сот шешiмдерiн орындау үшiн 13 538 887 (он үш миллион бес жүз отыз сегiз мың сегiз жүз сексен жетi) теңге бөлiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 наурыздағы
N 248 қаулысына
қосымша
Азаматтық істер бойынша орындалуға жататын
сот шешімдерінің тізбесі
___________________________________________________________________
Р/с| Сот органының атауы | Талапкердің |Мемлекеттік | Мемлекет.
N | және шешімнің күні | Т.А.Ә. |бажды шегер.| тік баж
| | | гендегі | (теңге)
| | |сома (теңге)|
___________________________________________________________________
1. Алматы қаласы Әуезов В.А. Тупилин 386 957 -
аудандық соты Ақсай А.В. Тупилин 391 957
сот учаскесінің
14.11.2000 ж. шешімі
Алматы қаласы Әуезов
аудандық соты Ақсай
сот учаскесінің
12.07.2001 ж.
ұйғарымы
___________________________________________________________________
2. Тараз қалалық сотының К.А. Исманов 20 412 -
18.06. 2002 ж. N 2 шешімі
___________________________________________________________________
3. Шығыс Қазақстан облыстық М.Е. Рагозина 136570 -
сотының 08.11.1999 ж.
шешімі
Шығыс Қазақстан облыстық
сотының 16.07.2001 ж.
ұйғарымы
___________________________________________________________________
4. Тараз қалалық соты В.Н. Шевчик 50 363 -
Орталық сот учаскесінің
30.11.2000 ж. шешімі
___________________________________________________________________
5. Жамбыл облыстық сотының Н.А. Жорғараев 200 000 -
24.04.2002 ж. қаулысы
___________________________________________________________________
6. Тараз қалалық сотының Р.Х. Шәріпова 20 388 -
05.11.2001 ж. шешімі
___________________________________________________________________
7. Қостанай қалалық сотының К.А. Сенчилов 150 388 -
28.02.2002 ж. шешімі
___________________________________________________________________
8. Өскемен қалалық сотының О.К. Аханаев 778 538 -
23.07.2002 ж. қаулысы
Өскемен қалалық сотының
31.05.2002 ж. қаулысы
___________________________________________________________________
9. Ақмола облысы Көкшетау Г.Н. Войцеховская 265 162 -
қалалық сотының
19.12.2001 ж. шешімі
___________________________________________________________________
10. Астана қалалық сотының "Сағжан" ЖШС 7 035 306 -
04.10.2001 ж. шешімі
___________________________________________________________________
11. Алматы қаласы Бостандық С. Нұрмағамбетов 600 000 -
аудандық сотының
22.06.2001 ж. ұйғарымы
___________________________________________________________________
12. Ақтөбе гарнизоны әскери Р.И. Тынбаев 1 896 563
сотының 03.10.2002 ж.
қаулысы
___________________________________________________________________
13. Астана қаласы Сарыарқа Т.Қ. Жұмақаев 1 606 283
аудандық сотының
12.11.2002 ж. шешімі
___________________________________________________________________
Жиыны 13 538 887
___________________________________________________________________
Жалпы сомасы 13 538 887
___________________________________________________________________