"Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 268 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспары бекiтiлсiн.

      2. "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 1600 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2003 жылғы 18 наурыздағы 
N 268 қаулысымен    
бекітілген        

"Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған жоспары

Астана қаласы, 2003 жыл

Кiрiспе

      Осы "Қазпочта" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) дамыту жоспары "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегi Заңына , Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 15 қарашадағы N 1716 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының почта саласын дамыту және почта-жинақ, жүйесiн қалыптастыру бағдарламасына сәйкес әзiрлендi.

1. Қоғамның жай-күйi және даму перспективалары

1.1. Қазақстандық почтаның миссиясы

      Қазақстандық почтаның қоғамның әлеуметтiк-өндiрiстiк инфрақұрылымының маңызды құрастырушысы ретiндегi миссиясы азаматтардың ақпарат алуға, таратуға және беруге конституциялық құқықтарын қамтамасыз етумен тұжырымдалады.
      Қазақстандық почтаның миссиясы төменде келтiрілген бiрнеше басты кезеңдердi бiрiктiредi.
      Нарықтық экономиканы құру жағдайында Қоғам қызметiнiң әлеуметтiк бағдары күшейтiледi, ол барлық тұтынушы топтардың, әсiресе, елiмiздiң шалғай аймақтарында өмiр сүретіндердiң, почта байланысының өмiрлiк маңызды қызметтерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етумен бiлдiрiледi, сонымен кәсiпкерлiктiң дамуына, iскерлiк белсендiлiктiң, білiмнiң, мәдениет пен ғылымның дамуына ықпал етедi.
      Почта жүйесiнiң тиiмділігiн арттыру. Қазақстан Республикасының почта саласын дамытудың стратегиялық мақсаты қазiргі заманғы технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары негiзiнде почталық та, қаржылық та қызметтердің ауқымын кеңейту есебінен коммерциялық өміршең және қаржылай тұрақты почта бөлiмшелерi желiсiн қалыптастыруды көздейтiн тиiмдi почта-жинақ жүйесiн құру болып табылады. Почта-жинақ жүйесiн қалыптастырудағы таңдалған стратегияның тиiмдiлiгi әлемнiң жетекшi почта әкiмшілiктерiнің тәжiрибесiмен расталады.
      Пайдалылықты почта саласының қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдай ретiнде тану. Қоғам нарықтық инфрақұрылымның тиiмдi жұмыс iстеуiнiң және коммерциялық табыс кепiлiнiң маңызды шарты ретiнде почта байланысының сапалық деңгейiн жақсартуға және бәсекеге төзiмдi қызметтердi ұсынуға жәрдемдесетiн ішкі әлеуеттi одан әрi өсiрудi мақсат етiп отыр.
      Нарықтық бағдарға ерекше ден қою. Қоғам тиiсті қызметтердi жаңа сапалы деңгейде ұсыну мақсатында корпоративтiк клиенттердi қоса алғанда, тұтынушылардың қажеттілiктерiн зерделеу жөнінде жұмысын күшейтедi. Қоғам почталық технологияларды жаңғырту және қазiргі заманғы ақпараттық технологияларды ендiру негiзiнде қызметтердiң кең кешенiн ұсынатын әмбебап почта-қаржылық институты ретiнде бекiп қалуға ниеттi.
      Институционалдық мүмкiндiктердi дамыту: адам, қаржы және техникалық ресурстарды дамыту, олардың ішкi өсуiне жәрдемдесу. Қоғам мемлекеттік қолдау мен мүдделі шетелдік әрiптестермен байланыстарды пайдалана отырып, инвестициялық мүмкiндiктердi кеңейту жөнінде шаралар қабылдайды. Активтердi нығайту және сапасын жақсарту Қоғамға халықаралық қаржы институтының облигациялық заемы мен несиелерi арқылы капитал тартуға мүмкiндік береді.
      Бұл миссияны анағұрлым тиімді ету үшін Қоғамның орындалуы осы Дамыту жоспарында жазылған тиiстi мiндеттердің iске асырылу шамасына қарай бағалануы мүмкiн айқын білдірiлген негiзгi стратегиялық міндеттерi мен қаржылық мақсаттары бар.

1.2. Компания туралы жалпы мағлұмат

      Қоғам мемлекет 100% қатысатын ашық акционерлiк қоғам болып табылады. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 30503-1910-AO.
      "Қазпочта" ААҚ "Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940 қаулысына сәйкес Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және 2000 жылғы 7 қаңтарда әрқайсысының номиналды бағасы 1000 теңге 903 660 акциядан тұратын 903 660 мың теңге сомасындағы жалпы капиталмен тiркелді.
      Қоғамның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 621 қаулысымен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне берiлдi.
      Қоғам өз қызметiн мынадай құжаттардың негізiнде жүзеге асырады:
      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңы ;
      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы ;
      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңы ;
      Қоғам Жарғысы;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген почта байланысы қызметтерiн ұсыну ережесi;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргiзу ережесi;
      Почта жөнелтімдерін, жедел почтаны қабылдау, тасымалдау және жеткiзу жөнiндегi кәсіпкерлiк қызметпен айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 0001188 мемлекеттiк лицензиясы;
      банк заңнамасында көзделген операцияларды теңгемен және шетелдiк валютамен жүргiзуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 14 лицензиясы;
      күзету қызметiмен: азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, меншiк иелерінің мүлкiн, соның iшiнде оны тасымалдау кезiнде де күзетумен айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігiнің 2001 жылғы 4 мамырдағы ГС N 007583 лицензиясы;
      бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметпен айналысуға арналған Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 29 наурыздағы N 0401200225 лицензиясы.

1.3. Қоғамды басқарудың ұйымдық құрылымы

      Қазiргі уақытта Қоғамда 1-деңгейi облыстық филиалдарды тікелей басқаруды, почтаның жұмысын республикалық деңгейде ұйымдастыру мен үйлестiрудi жүзеге асыратын және почтаны халықаралық деңгейде бiлдiретiн орталық аппараттан тұратын үш деңгейлi басқару жүйесi жұмыс істейді.
      2-деңгейге 14 облыстық филиал, "Қазпочта" ААҚ-ның "Алматы почтамты" Алматы филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Астана почтамты" Астана филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Республикалық арнайы байланыс қызметi" (бұдан әрі - РАБҚ) филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Алматы почта тасымалдау бөлiмшесi" филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Астана қаласының почта тасымалдау бөлiмшесi" филиалы, "Қазпочта" ААҚ-ның "Почтажабдықтау" филиалы.
      3-деңгейдi облыстық филиалдарға бағынатын және қалалар, аудандар аумақтарында почта жөнелтiмдерiнің барлық түрлерiн қабылдауды, өңдеудi, тасымалдауды және табыс етудi қамтамасыз ететiн почта байланысының 20 қалалық торабы мен почта байланысының 150 аудандық тораптары құрайды. Қалалық почта байланысы тораптары (бұдан әрі - ҚПБТ) және аудандық почта байланысы тораптары (бұдан әрі - АПБТ) қалалық (бұдан әрi - ҚПББ) және ауылдық почта байланысы бөлiмшелерiнiң (бұдан әрi - АПББ), сондай-ақ почта байланысы пункттерiнiң (бұдан әрi - ПБП) қызметiн басқаруды, үйлестірудi және бақылауды жүзеге асырады.
      2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелер желісіне 20 ҚПБТ, 150 АПБТ, 3365 почта байланысының бөлiмшелерi (бұдан әрi - ПББ) кіредi, олардың 610-ы қалаларда және 2755-i ауылдық жерлерде орналасқан.
      2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердiң тізiмдiк саны 16 513 адамды құрады, оның iшiнде 79% немесе 13 076 адам әйелдер. 2001 жылы нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшiн қолданылатын) 11 238 адамды құрады.

1.4. Өндiрiстiк-қаржылық дамуын талдау

      Қазақстан почтасы қаржы жағдайын тұрақтандыру және тұрақты өсу сатысына нық қадам басуда: бiртіндеп почта байланысы қызметiнің сапасы жақсаруда, почта-қаржылық қызметтер аймағы кеңеюде, қазiргi заманғы коммерциялық қызмет көрсетулер дамуда.
      2000-2001 жылдар кезеңінде шығатын ақылы почта алмасудың өсу үрдісі байқалды, 2001 жылы почта жөнелтімдерінің жалпы саны 97,7 млн. бірлікті құрады және 2000 жылмен салыстырғанда 18% өсті. Шығатын ақылы почта алмасудың көлемi 2002 жылы 0,65 млн. бiрлiкке немесе 2001 жылдың деңгейiне қатысты 101% ұлғайды (1-кесте).

                                                   1-кесте

             Шығатын ақылы почта алмасудың динамикасы

------------------------------------------------------------------
       Атауы        ! 2000 ж. ! 2001 ж. ! 2002 ж. !2001 ж. қатысты
                    !  есеп   !  есеп   !  баға   !  2002 ж. %
------------------------------------------------------------------
Шығатын ақылы почта     83,3      97,7      98,3      100,6
алмасу (млн.бiр.),
Оның iшінде:
- жазбаша хат-хабар     14,8      14,5      14,5      100,2
- сәлемдемелер           1,2       1,3       1,3      100,0
- мерзiмдiк
басылымдар              67,3      81,9      82,5      100,7
------------------------------------------------------------------

      Шығатын ақылы почта алмасудың құрылымында ең үлкен үлес салмақ (84%) жазылуға және мерзiмдiк басылымдарды сатуға келiп тұр, жазбаша хат-хабар 15% құрайды. 2002 жылы Қоғам балама байланыс құралдары пайда болғаннан және Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн басқа да қызметтердi жеткiзушiлер тарапынан өсiп отырған бәсекелестiктен туындаған хатпен алмасудың құлдырауын жеңiп шықты, сондай-ақ 2000-2001 жылдары байқалған бандерольдер, сәлемдемелер және мерзімдiк басылымдар бойынша почта алмасудың өсу үрдісi сақталып қалды.
      Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөнiндегі функцияларды бiртiндеп қайтару нәтижесiнде Қоғамның "Қазақстан Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ) субагенті ретiнде 2001 жылы төлеген зейнетақыларының, жәрдемақыларының және атаулы әлеуметтік көмектiң жалпы саны 57,3 млрд. теңгеден аса сомаға 17,1 млн. бiрлiктi құрады, мұның өзі 2000 жылғы деңгейден 60% асып түсті. 2002 жылы 17,4 млн. бiрлiк мөлшерiндегі 66 млрд-тан астам теңге сомасында зейнетақылар мен жәрдемақылар төленді.
      2001 жылы қабылданған ақша аударымдарының саны 0,76 млн. құрады, мұның өзі 3,6 млрд. теңгенi құрап, 2000 жылғы деңгейден 3% асты, 2002 жылы қабылданған ақша аударымдары саны ақшалай аударым сомасы 13,8 % өсiп, 0,75 млн. бiрлiк құрады.
      Почта-жинақ iсiн қарқынды дамыту, ауылдық жерлер мен аудандық маңыздағы қалаларда бөлшек сауда бизнесiн енгізу нәтижесінде қаржылық операциялардың көлемi: төленген жалақы көлемi - 2000 жылмен салыстырғанда 75 есе, қабылданған коммуналдық төлем көлемi 1,4 есе, қабылданған аударымдар көлемi - 1,2 есе ұлғайды. Қабылданған коммуналдық төлем көлемі 2,0 млрд. теңгенi, бөгде ұйымдарға төленген жалақы сомасы - 10,4 млрд.теңгенi құрады.
      Халықтың ақшасын депозитке қабылдау және беру жөнiнде қызметтер ұсынылатын почта байланысы бөлiмшелерiнiң саны 20 бiрлiкке ұлғайды және 2001 жылдың қорытындысы бойынша 2291 бiрлiктi құрады, оның iшiнде АПБТ жанында - 109, ҚПБТ жанында - 36, қалалық - 285, ауылдық - 1861. Қолданылған шаралар Қоғамға аумақты кеңейту және қызмет көрсетудiң сапалы деңгейiн арттыру есебінен клиенттер санын ұлғайтуға мүмкiндiк бердi.
      Қоғамның депозиттiк базасы бiр жылда өткен жыл деңгейiне қатысты 2 есе ұлғайды және 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 756,6 млн. теңгенi құрады.
      2001 жылы Қоғам Қазақстан Республикасының iшiнде "Жедел аударымдар" сынама жобасын енгiзді. "Western Union" жедел аударымдарды өңдеу желiсi кеңейтілдi, 2001 жылы қабылданған аударымдар саны өткен жылмен салыстырғанда 14 есеге ұлғайды және 95,5 млн. теңге сомасына 2053 бiрлiктi құрады, төленген аударымдар саны 45,8 млн.теңге сомасына 1267 бiрлiктi құрады, бұл өткен жыл деңгейiнен 39,6 есе жоғары.
      Есеп беру кезеңiнде филателияны дамыту және почта төлем белгiлерiн сату жөнiнде үлкен жұмыс жүргiзiлдi. Алматы және Астана қалаларында филателия салондары ашылды. Қоғам шарттар жасасты және "Gеоrg Roll" және Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі дүниежүзiлiк ұйым (WWF) сияқты халықаралық ұйымдарға филателия өнімдерін жеткiзiп бердi.
      Сондай-ақ Қоғам мен Қырғыз Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Қырғыз почтасы" мемлекеттік департаментi арасында почталық және телеграфтық аударымдармен алмасу жөнiндегi қосымша келiсiмге қол қойылды, "Белпочта" республикалық мемлекеттiк бiрлестiгiмен және Жапон почта әкiмшiлiгiмен почталық ақша аударымын алмасу жөнiндегi келiсiмге қол қойылды, Дойче Пост Банкпен (Германия) келiсiм қол қоюға дайындалуда.

1.5. 2000-2001 жылдардағы өндiрiстiк-қаржылық қызметтiң
нәтижелерi және 2002 жылы күтілетін көрсеткiштер

      Тиімді жұмыс iстейтiн отандық почта-жинақ жүйесiн қалыптастыруға бағытталған қызметтi жандандырудың нәтижесінде компанияның қаржы жағдайы едәуiр жақсарды (2-кесте).
      Қаржылық нәтижелердi салыстырып талдау үшін 2000 жылдың көрсеткiштерi 2001 және 2002 жылдармен салыстырмалы жағдайда келтiрiлген.

                                                      2-кесте

2000-2002 жж. қаржы-шаруашылық қызметтiң
негізгi көрсеткіштерi

                                               (млн. теңге)

------------------------------------------------------------------
    Баптардың атауы    ! 2000 ж. ! 2001 ж. ! 2002 ж. ! 2000 жылға
                       !  есеп   !  есеп   !  баға   ! шаққанда
                       !         !         !         ! 2002 жылы
                       !         !         !         ! %
------------------------------------------------------------------
Жиынтық табыс,            3066,3    3561,0    3992,2     130,2
оның ішінде

- негiзгi қызметтен       2819,3    3305,6    3810,5     135,2
түсетін табыс

- негiзгi емес             247,0     255,4     181,7      73,6
қызметтен түсетiн
табыс

Жиынтық шығыстар,         3047,7    3423,2    3818,7     125,3
Оның iшінде:

- өндiрiстiк өзiндiк      1888,1    2041,4    2443,1     129,4
құны

- кезең шығыстары         1126,6    1307,5    1318,9     117,1

- негiзгi емес қызмет       33,0      74,3      56,7     171,8
шығыстары

Салық салынатын табыс       18,6     137,8     173,5    9,3 есе

Салық төлемдерi             16,4      26,8      46,2    2,8 есе

Төтенше жағдайлардан           0       0,3
шығыстар

Таза табыс (шығын)           2,2     110,7     127,3   57,9 есе
------------------------------------------------------------------

      2001 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi бойынша Қоғамның жиынтық табысы 2000 жылдың нақты көрсеткішiмен салыстырғанда 16% ұлғайып, 3 561 млн. теңгенi құрады. 2001 жылы жиынтық табыс 2000 жылдың деңгейiнен 12,3% асып, 3 423,2 млн. теңгенi құрады. 2001 жылы Қоғамның таза табысы 110,7 млн. теңгені құрады, ал 2000 жылы бұл көрсеткiш 2,2 млн. теңгеге тең болған.
      2002 жылы жиынтық кiрiсті 2001 жылдың деңгейiмен салыстырғанда 12% өсіру күтiлуде, бұл 3992,2 млн. теңгенi құрайды, жиынтық табыс деңгейi 11,5% немесе 3 818,7 млн. теңгеге ұлғаяды, таза табыс 14,9%-ға немесе 127,3 млн. теңгеге артады.
      2002 жылы негізгі қызметтен 3 810,5 млн. теңге сомасында, негiзгі емес қызметтен 181,7 млн. теңге сомасында табыс алу күтiлуде. Бұл ретте өндірiстiк шығыстар (негiзгi қызмет түрлерiнiң өзiндiк құны) 2443,1 млн. теңгенi құрайды, оның iшінде:
      материалдар - 203,9 млн. теңге,
      қызметкерлердің (өндiрiстiк персонал) еңбек ақысы - 1 274,2 млн. теңге,
      үстеме шығыстар - 444,4 млн. теңге,
      басқа шығыстар - 520,6 млн. теңге.
      Кезең шығыстары - 1 318,9 млн. теңге.
      Негiзгi емес қызметке байланысты шығыстар - 56,7 млн. теңге.
      Қызметкерлердiң нақты саны (орташа жалақыны есептеу үшiн алынатын) 2001 жылмен салыстырғанда 7,3% ұлғаяды және 12 057 адамды құрайды, орташа айлық жалақы 12 675 теңгенi құрайды, бұл 2001 жылғы деңгейден 22,6% жоғары.

1.6 Қоғамды дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспары

      Нарықтық экономиканың қалыптасуы және қоғамды ақпараттандыру жағдайында почта байланысы кәсiпкерлiктiң, қаржы-жинақ қызметтерiнiң, бағалы қағаздар рыногының, ақпаратпен алмасудың дамуына жәрдемдесетiн нарықтық және ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементi болып отыр.
      Осыған байланысты Қоғамның таяу перспективада негiзгi даму мақсаты Қазақстан Республикасында меншiкті почта бөлiмшелерi желiсi арқылы кең ауқымды почталық, қаржылық және агенттiк қызметтер көрсететiн, тиiмдi жұмыс істейтін почта-жинақ жүйесiн құру болып табылады.
      Қойылған мақсатты iске асыру мынадай негiзгi мәселелердi шешудi көздейді:
      қазiргi заманғы технологияларды қолдану, почта жөнелтiмдерiнiң өтуiн бақылау, басқару жүйесiнің нысандары мен әдістерiн жетiлдiру есебiнен почта саласының жұмыс сапасын арттыру;
      ақпараттық инфрақұрылым құруды көздейтiн және ақпарат жiберудiң аса сенiмдi, жылдам және қорғалған жүйесiн ұйымдастыруға бағытталған почта байланысын ақпараттандыру;
      ықтимал рыноктарды зерделеу және Қоғам қызметiнiң перспективалық бағыттарын айқындау жөнiндегi жұмысты жандандыру арқылы қызмет түрлерiн кеңейту;
      почта жөнелтiмдерiнiң нақты көлемiн тұрақтандыру және елдi мекендердiң толық қамтылуын ескере отырып, аймақтық инфрақұрылымды жетiлдiру және көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру;
      почта қауiпсiздiгi жүйесiн құру арқылы почта жөнелтiмдерiнiң сақталуын және қызметтiк міндеттерiн атқару кезiнде почта байланысы қызметкерлерiнiң жеке басының қауiпсiздігін қамтамасыз ету;
      Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі Даму стратегиясында тұжырымдалған ұзақ мерзімді басымдықтардың бiрi болып табылатын халықтың жинақ ақшасын ұлғайтудың ұлттық бағдарламасын iске асыруға барынша жәрдемдесу;
      ауылдық жерлердегі тұрғындарға зейнетақы мен жәрдемақыларын уақытында жеткiзу функцияларын қалпына келтiрудi көздейтiн зейнетақы реформасын қолдау және осы негiзде осындай әлеуметтiк төлемдердi ұйымдастыруға арналған өз төлем жүйесiн әзiрлеу;
      еңбекақы, стипендия, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелердің, көлiк-коммуникация кешенi кәсiпорындарының және басқа ұйымдардың санын көбейту;
      жеке тұлғалар мен мемлекеттiк органдардың өкілдерiнен салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер есебiне төлейтiн қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегi қызметтi жандандыру;
      материалдық базаны және техникалық жарақтандыруды жақсарту;
      почта-жинақ желiсін жетілдіру және соның негiзiнде қазiргi заманғы өз төлем жүйесін құру;
      нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру, жаңа қызметтердi көрсету жөнiндегі Қоғам қызметiн реттейтiн әдiснамалық базаны қалыптастыру;
      шетелдiк почта әкiмшiлiктерiнiң озық жетiстiктерiн зерделеудi және ендiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы почта саласының әлемдiк почта жүйесiне кірігуiн одан әрi тереңдету.
      Белгiленген мақсаттарды табысты iске асыру үшiн Қоғам, төмендегінi қоса алғанда, жаңа технологияларды ендiру және жабдықтарды жаңғырту негізiнде Қоғам ұсынатын қызметтердiң бәсекеге төзiмдiлiгін арттыру жөнiнде жұмысты жалғастырады:
      жаңа автоматтандырылған жүйелердi қосуға және барларын жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн ақпараттық жүйенi модульдық құру;
      халықаралық почта жөнелтiмдерi бойынша мәлiметтердi жинау және өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн ендiру. Мұндай жүйенi ендіру күн сайын транзиттiк, кiретiн және шығатын халықаралық почта жөнелтімдерi, олардың саны туралы ақпарат алуға, олардың жүру жолы мен мерзiмiн бақылауға мүмкiндік береді;
      халықаралық почта жөнелтімдерiн бақылау модулi негiзінде дамыған елдердiң почта әкімшiліктерiнiң талаптарына сәйкес келетiн машинамен оқылатын деректемелердi пайдалану мүмкiндiгiн көздейтiн, барлық тiркелетiн почта жөнелтімдерін толық бақылау модулiн құру;
      құжат айналымының жалпы жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
      халыққа ақпараттық қызметтер көрсететiн ақпараттық-iздестіру қызметін құру.
      Шетелдiк ұйымдармен және почта әкiмшiлiктерiмен халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында Қоғам мынадай бағыттарды анықтады:
      бiртұтас почта аумағын сақтау, әмбебап почталық байланыс қызметiн көрсету, сала қызметкерлерiн оқыту үшiн Дүниежүзілік почта одағының органдарымен, аймақтық почта одақтарымен, шетелдiк почта әкiмшiлiктерiмен ынтымақтастықты дамыту;
      Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерi арасында авиа және жер бетiндегi көлiкпен жолданатын почта жөнелтімдерiнің жүрiп өтетiн бақылау мерзiмiн белгiлеу және енгізу.
      Қоғамның Дүниежүзілік почта одағының Халықаралық бюросы өткiзетiн халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң нақтылы жүріп өту мерзiмiн тексерулерiне қатысуы.
      Тiркелетiн жөнелтімдердің сақталуын және халықаралық рынокта ұсынылатын әмбебап почта қызметiнiң сапасын көздейтiн, Дүниежүзiлiк почта одағының Пекин конгресінде қабылданған өзгерiстерге сәйкес шетелдiк почта әкімшiлiктерiмен ақырғы шығындарды өтеу тәртiбiн өзгерту.
      Таяу перспективадағы даму басымдылықтары ретінде мынадай қызмет бағыттары белгiленген:
      хаттарды, бандерольдердi, сәлемдемелердi жiберу үшiн почта жөнелтiмдерiнiң жаңа орамын әзiрлеу және енгiзудi қоса алғанда, почта жөнелтімдерін өңдеудің технологиялық процестерiнiң жекелеген рәсiмдерiн өзгерту;
      почта байланысын пайдаланудың сапалық көрсеткiштерiн бағалау нормативтерін қайта қарау, почта жөнелтiмдерiн жеткiзудiң бақылау мерзiмдерiн қысқарту мақсатында қайта қарау;
      салымдар бойынша пайыздарын автоматты есептеу және бухгалтерлiк есепте жүргiзiлетiн операцияларды көрсету үшiн Қоғамның бөлiмшелерiнде ашылған барлық дербес есепшоттарды орталықтандырылған түрде жүргізу;
      екiншi деңгейдегі банктерге заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк қызметтердi ұсыну жұмысын жандандыру;
      "Western Union" жүйесi бойынша ақша аударуда клиенттердiң шеңберiн кеңейту.
      Сондай-ақ мынадай жаңа қызмет түрлерiн енгiзу және дамыту жоспарлануда:
      1) тапсырыстар бойынша сәлемдемелермен сауда жасау жүйесi шеңберiнде, оның iшінде Интернет арқылы сервистiк қызмет көрсете отырып "Тауар - почтамен" каталогы бойынша почта саудасын ұйымдастыру және дамыту;
      2) гибридтiк почтаны ұйымдастыру;
      3) трансфер-агенттiк қызметтер;
      4) зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына, брокерлiк компанияларға, банктерге және басқа да ұйымдарға агенттiк қызметтер көрсету;
      5) почта жарнамасы саласында қызметтер көрсету;
      6) қазiргi заманғы технологиялар, филиалдардың республикалық желiсi және халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары негiзiнде электронды почта саудасын дамыту.
      Қазақстандық почтаны дамытудың перспективалы бағынарының бiрi электрондық сауда жасау жүйесiн енгiзу болып табылады, оның ерекшелiктерi мен артықшылықтары мынадай:
      қазақстандық рынокқа жаңа сауда түрлерiн енгізу;
      почтаның қызмет аясын кеңейту;
      уақытты, қаржы және адам ресурстарын үнемдеу;
      әрқилы топтардағы тұтынушылардың кең ауқымды қаржылық, ақпараттық қызметтерге және тауарларға қол жеткiзуi;
      отандық өндiрушiлердi тауарлар рыногына енгiзуге бағыт алу;
      тұтынушылар мұқтаждығына бағдар ұстау, нарықтық жағдайға тез бейiмделу.
      EMS Kazpost курьерлiк қызметiнiң жұмысындағы басым бағыттар оны жаңғыртып жетiлдiру мен бәсекелестiк қабiлетiн арттыру болады. Соған байланысты:
      1) Қазақстан бойынша EMS Kazpost курьерлiк қызмет жүйесiн автоматтандыру;
      2) EMS халықаралық кооператив жүйесiне сәйкес келетiн компьютерлiк бақылап қадағалау жүйесін енгізу;
      3) әлемнiң iрi почта әкiмшіліктерiмен халықаралық жедел почта саласындағы ынтымақтастық;
      4) почталық қызмет көрсетудiң жылдамдығын арттыру және сапасын жақсарту мәселелерi шешiледi.
      ЕМS Kazpost курьерлiк қызметiн одан әрi дамыту - халықаралық EMS кооперативінің толық құқылы мүшелігіне жету және оның іс-шараларына қатысу, шетелдік почта әкімшіліктерімен және компанияларымен келісімдер жасасу, әуежайларда жедел жөнелтімдерді өңдейтін учаскелер ұйымдастыру, шет елдерге жолданған жөнелтімдерді бақылап қадағалаудың жүйесін (штрих кодтар) енгізу арқылы жүзеге асырылады.
      Жоғарыда аталған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыруды Қоғамның табысты жұмыс iстеуi үшiн қажетті жағдай ретiнде жарамды табыстылық деңгейiне қол жеткiзуге бағытталып, белгiленген инвестициялық және қаржылық жоспарларды iске асыру арқылы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

1.6.1. Шағын бизнеске қолдау көрсету

      Кәсiпкерліктi қолдау тұрғысында Қоғам алдағы уақытта да iскерлiк белсендiліктің, әcipece, ауылдық жерлерде өсуiне, шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына жәрдемдесуге ниетті.
      Шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуын қолдаудағы мүмкiн шаралардың арасында Қоғам уақытша iске қосылмаған өндiрiстік алаңдарды жалға беруге ұсынуды көздеп отыр. Халықтың әлеуметтiк қорғалмаған бөлiгiн қолдау мақсатында зейнеткерлер мен мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын (мысалы, маркаларды желiмдеу, хаттарды сұрыптау және т.б.) шағын кәсiпорындарға қолайлы жағдай жасау көзделуде. Сондай-ақ Қоғам шағын кәсіпорын субъектілерiне электрондық почта қызметтерiн, Интернетке кiрудi жеңiлдiкпен ұсынуға дайын. Бұдан басқа, жоспарланған iс-шаралар почталық жарнаманы тұрақты жүргiзу арқылы отандық тауар өндiрушілердiң өнiмiн рынокқа шығаруды қамтып отыр.

1.6.2. Кадр саясаты

      Кадр саясаты саласында Қоғам персоналдың кәсiби даму мәселелерiн оның қызметiн жақсартудағы маңызды факторлардың бiрi деп қарайды.
      Кадр саясатының негiзгi қағидаттары:
      почта байланысы желiсiнің барлық деңгейлерiн басқару жүйесiнiң кешендi және толық сипатымен қамтамасыз ету;
      аса тиiмдi уәждi еңбекке, шығармашылық қайтарымдылыққа және жаңалық енгiзуге қабiлеттi персоналды қалыптастыру болып табылады.
      Кадрлар жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру, олардың кәсiби шеберлiкке жетiп, почталық және қаржылық қызмет рыногындағы бәсекелестiк қабiлетiн қолдау мақсатында персоналмен жұмыс жүйесiн, ұйымдық құрылым мен штаттық лауазым жүйесiн жетілдiруге бағытталған жұмыс жалғаса түседі. Почта персоналының кәсiби дамуы мен олардың сапалық сипатын жақсартудың негiзгi құралы қызметкерлердi оқыту, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру болып табылады.
      Жоспарлы кезеңде еңбек ресурстарын дамытуда менеджменттің тиiмдiлiгiн арттыру, басқару мен жоспарлаудың қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, басқарушы персоналдың кәсiби сапасын дамыту айрықша орын алмақ. Менеджердің адамдармен қарым-қатынас жасауы, талдау қабiлеттілiгi, ұйымдастырушылық күш-жiгерi мен жұмысқа шығармашылық көзқарасы сияқты қасиеттерiне ерекше көңіл бөлiнетiн болады. Адам ресурстарын дамыту орта буындағы басшылармен қатар өндiрiстiк персонал үшiн де семинарлар, тренингтер, курстар ұйымдастырып өткізудi көздейді.
      Қоғам персоналын оқытудың үдемелi бағдарламаларының негiзгi бағыттары мыналарды қамтиды:
      1) ақпараттық технологиялар (қазiргi заманғы телекоммуникациялық жабдықтарды ендiру, бiрыңғай операциялық жүйе мен корпоративтiк желiнi құру);
      2) қызметтер (почта сервисiнiң сапасын арттыру және клиенттiк базаны кеңейту, почта-қаржылық қызметтер);
      3) бухгалтерлiк есеп (бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына көшу, бiрыңғай төлем жүйесiн автоматтандыру және ендiру);
      4) экономикалық талдау, жоспарлау (бюджет процесiн ұйымдастырудың қазiргi заманғы әдістерiн ендіру, статистикалық мәлiметтер жинау жүйесiн автоматтандыру, қаржылық және жобалық талдаудың, монополияға қарсы заңнама аясына кiрмейтiн қызметтерге арналған тарифтердi болжау және есептеудiң бағдарламалық өнiмдерiн ендiру);
      5) маркетинг (қаржылық және агенттiк қызметтердi ұсынатын корпоративтiк клиенттермен жұмыс iстейтiн мамандарды маркетингтiң негiзгi әдiстерiне үйрету);
      6) фирма ішiндегi және сыртқы корпоративтiк имидждi қалыптастыру.

1.6.3. Қоршаған ортаны қорғау және почта қауiпсiздiгi

      Почта қызметтерiнiң жұмыс ерекшелiгiне байланысты жөнелтiмдердi жинау және жеткiзу үшiн көлiк құралдарын пайдаланбау мүмкiн емес. Алайда Қоғам өзiнiң даму барысында почта байланысы кәсiпорындары пайдаланатын автокөлiктiң қоршаған ортаға терiс ықпалын жұмсарту жөнiнде iс-шаралардың тұтас кешенiн жүзеге асыруды көздеп отыр.
      Осы iс-шаралар қатарына технологиялық жабдық паркiн, соның iшiнде көлiк құралдарын жаңартуды, сүзбелер мен катализаторлар орнатуды жатқызуға болады. Қазiргi заманғы почта жабдығын және көлiк құралдарының соңғы модельдерiн жоспарланып отырған сатып алу анағұрлым жоғары экологиялық стандарттарды көздейдi.
      Қазақстандық почтаның беделi көбiне почталық сервистiң сапасы мен қауіпсiздiгіне тәуелдi. Қоғамның почта қауiпсiздігі қызметi почта жөнелтiмдерiнiң сақталуын бақылау жүйесiн жетiлдiру, байланыс объектілерi мен жұмыс iстеушi персоналдың қауiпсiздігі, қауiпті жүктердi жiберу фактiлерiн болдырмау мәселелерiне айрықша көңіл бөледi.
      АҚШ-тағы биотерроршылдықтан туындаған жоғары қауiп кезеңiнде почта қауiпсiздігі қызметi почта байланысы қызметкерлерiмен почта жөнелтiмдерiнде күдіктi заттарды айқындау жөнiнде нұсқау жүргiздi. Күн сайын хат-хабармен жұмыс iстейтiн персонал респираторлармен, резеңке және мақта-қағаз қолғаптармен және басқа да қорғау құралдарымен қамтамасыз етілдi.
      2003 жылы почта қауiпсiздігiнiң негізгі мiндеттерінің бiрi Қоғам объектілерінің техникалық қауiпсiздігі мен өрт қауiпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүргізу болып табылады.
      2003 жылы тасымалданатын құндылықтарды, инкассация қызметiнiң қызметкерлерiн және көлік құралдарын сақтандыру жөніндегi iс-шараларды жүргiзуге баса назар аударылатын болады.
      Одан басқа, Қоғамның барлық бөлiмшелерiнде компьютерлiк желiлердi қорғаудың алдын алу және нығайту жөнiндегi iс-шаралар жүргізiлетiн болады.
      Тұрақты негізде почта жөнелтiмдерінде жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақты, оқ-дәрiнi, есiрткiлiк және тез тұтанатын заттарды айқындау тақырыбына нұсқау және жүйелi бақылау жұмысы жүргізiледi.
      Почта қауіпсiздігі жүйесiн дамытудың перспективалы бағыттары:
      1) кiретiн почтаның сақталу деңгейi мен сапасын арттыру мақсатында шетелдік почта әкiмшiлiктерінің почта қауіпсiздiгi қызметтерiмен байланыс орнату. Дүниежүзілiк почта одағының ұсынымы бойынша Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық шеңберiнде ТМД және Балтық елдерi аумағында аймақтық почта қауіпсiздiгi желiсi құрылды. Почта қауіпсiздiгi бөлiмшелерi тұлғасында почта қызметтерi ұсынылатын қызметтердің сапасын, почта байланысы жүйесінің сенімдiлiгi мен тұтастығын арттырудың, нақты құралына ие болады. Осыған байланысты қазақстандық почтаның өкiлi Почта қауіпсiздiгі жөніндегi iс-қимыл тобы құрамына ендi, бұл топ ТМД және Балтық елдерiнің почта байланысы мүддесiн қорғау жөнінде негiзгi бағыттарды әзiрлеуде;
      2) Қоғамның құрылымдық бөлiмшелерiн почталық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, халықаралық почтамен толық алмасу, почта жөнелтiмдерiне тарифтi дұрыс қою және ұрлауды болдырмау бөлiгiнде тексерiс ұйымдастыру және жүргiзу;
      3) почта жөнелтімдерi мен ақшалай соманың жоғалуы және ұрлануы фактілерi бойынша тексерiс жүргiзу, тексерiс материалдарын тергеу органдарына беру;
      4) төтенше жағдайлар туындаған жағдайда iс-қимыл жоспарын әзiрлеу;
      5) бөлiмшелердiң почта қауiпсiздiгі құралдарымен техникалық жарақтануын жақсарту жөніндегi iс-шараларды iске асыру, почта байланысы объектiлерi мен мүлкiнің қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету.
      Күзету-қорғау iс-шараларын жүргізу почта жөнелтiмдерiнiң сақталуына, почта байланысы объектiлерi мен персоналының қауіпсiздiгіне, почта жөнелтiмдерiнде қауiптi тауарлар мен тыйым салынған заттарды жiберуге жол бермеуге бағытталған.

1.6.4. Маркетингтік зерттеулер

      Почта рыногының даму перспективасын қамтамасыз ететiн басты ерекшелiк өндiрiстi ұйымдастыру үшiн тұтынушылардың қажеттiлiгiн барынша ескеру, қызмет ауқымы мен әрекет ету аясын кеңейту және оларды iске асырудың табыстылығын қамтамасыз ету болып табылады.
      Почта байланысы қызметтерiн пайдаланушылардың қызмет сапасына талаптарының жоғарылауы, жаңа технологияларға көшу және қазiргi заманғы жабдықты ендiру қажеттiлiгiн талап етедi, соған байланысты маркетингті дамытудың басымдылықты бағыты клиентураның дәстүрлi және жаңа қызметтерге мұқтаждарын толығырақ ескеру мақсатында почта рыногын, сұранымның төлем қабiлеттiлiгi деңгейiн зерттеу және де почта рыногын сақтау мен дамыту жөнiндегi iс-қимыл әзiрлеу болып отыр.
      Маркетингінің басты мақсаттарына мыналар жатады:
      клиенттердің қажеттілiгiн қанағаттандыру;
      почта байланысының дәстүрлi қызметтер рыногының үлесiн ұстап тұру;
      почта байланысының жаңа қызмет түрлерiн көрсету есебiнен рынокты кеңейту.
      Белгіленген мақсаттарға қол жеткiзу Қоғамның маркетинг қызметiнiң мынадай басты мiндеттерін шешудi көздейдi:
      қызмет рыногын зерттеу, оған сыртқы ортаны, соның iшiнде саяси, мәдени, демографиялық, аумақтық және басқа жағдайларды зерттеу кiредi; қазiргi және ықтимал тұтынушыларды зерттеу және рынокты саралау; нақты және болжамды сұранысты анықтау, почта байланысы қызметiнің рынок жағдаятын болжау; бәсекелестердiң хал-жағдайы мен iс-әрекетiн зерттеу;
      төлемге қабiлеттi сұранысқа жауап беретiн қызметтердің ұсынылуын ұйымдастыру;
      нақты қызметтердiң мүддесiнде рынокқа, тұтынушы сұранысына ықпал ету;
      рынок конъюнктурасын бағалау, Қоғамның коммерциялық қызмет нәтижелерiн және оларға ықпал ететiн факторларды ұдайы талдау; сату мен Қоғамның нарықтық үлесінің болжамдарын әзiрлеу, нарық жағдайына талдау жасау;
      Қоғамның басқа бөлiмшелерiмен және Қоғам басшылығымен бiрлесiп Қоғамның iшкi және сыртқы рыноктарда, тұтас алғанда және қызметтiң жекелеген түрлерiне баға саясатына қатысты мақсаттары мен стратегиясын пысықтау;
      тұтас алғанда, Қоғам және жекелеген қызметтер үшiн маркетингтiң ұзақ мерзiм және ағымдағы маркетинг жоспарларын әзiрлеу және осы қызмет саласында Қоғам бөлiмшелерінің қызметiн үйлестiру;
      бүкiл Қоғамның және оның бөлiмшелерiнiң маркетинг қызметiн жедел ақпараттық қамтамасыз ету;
      нарықтық қызметке бағдарды негiзге ала отырып, Қоғамды басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдiру, қызметтер ұсынудың технологиялық процесін өзгерту, көрсетілетiн қызметтердiң сапасын арттыру және т.б. жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      сыртқы ұйымдармен байланыс орнату жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу, ал бiрқатар жағдайда Қоғамды басқа ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынаста білдіру;
      сапалы қызметтер ұсынатын жетiлген және сенiмді компания имиджiн құру.
      Маркетинг саясатын iске асыру кезiнде ұсынылатын қызметкердің тiршiлiк циклы ескерiледi. Тiршілік циклы кезеңдерiнiң ұзақтығы әртүрлi, ал кезеңнен кезеңге көшу баяу өтетiндiктен Қоғамның маркетинг қызметi табыс пен түсiм көлемінің өзгерiстерін ұдайы бақылап, кезең шекаралары мен рыноктың дамуында күтілетін үрдістерді дер кезiнде белгiлеу үшiн болатын өзгерiстердiң себебiн айқындап, Қоғамның маркетинг бағдарламасына тиiстi түзетулер енгiзiп отырады.

2. Қоғамды дамытудың инвестициялық жоспары

2.1. Инвестициялық қызмет

      Жаңа техниканың, ақпараттық технологиялардың пайда болуы, бәсекелестіктің дамуы, тиiмділігі жоғары және сенiмдi қызметтерге қажеттiлiктің өсуi салдарынан почтаны жылдам өзгеретiн нарық жағдайына тезiрек бейiмдеу қажеттілігі туындады.
      Дәстүрлі қызметтер көлемiнiң құлдырауы почта байланысы бөлiмшелерiнен нарықтық экономика жағдайында өзектi болатын, дәстүрден тыс, бiрақ табысы жеткілікті қызмет түрлерiн кеңейтудi талап етедi. Бұл бағытты дамыту үшiн қазiргі заманғы ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым, қазiргі заманғы көлік, яғни, инвестициялар қажет.
      Почта саласында қаржы ресурстарын тартпай жағдайды тұрақтандыру бойынша жасалған бұрынғы iс-әрекеттер тек уақытша ғана әсер беретiн, өйткенi Қоғамда ауылдық жерлердегi шығынды желiнi ұстау үшiн едәуiр қаржылық шығын жұмсаушы нағыз монополист ретiнде, саланы жетiлдiрудi қаржыландыратын өзiнiң iшкi қаржы көзiнiң тапшы болуында, ал қазiргi заманғы жабдықтарды сатып алмай және иелiнi компьютерлендiрмей, шығынды азайту да, көрсететiн қызмет сапасын жақсарту да мүмкiн емес.
      Бұл қажеттiлiктi мойындаған Қазақстан Республикасының Үкiметi 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына почта байланысын жетілдіру және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру жобасын енгiзді, оны басым ретінде белгіледi. Осы жоба қазiргі почталық технологияларды енгізудi, Қоғамның байланыс бөлiмшелерiн компьютерлендiрудi, инкассация қызметiн жарақтандыруды, көлік паркiн жаңартуды көздейдi. Оны iске асыру почта қызметінің сапасы мен жұмыс iстеу қауiпсiздiгiн арттыpуға, әрбiр почта бөлімшесiнде кең ауқымды қызмет көрсетуге, көп тармақты почта бөлiмшелерi желісiн пайдалану арқылы банктердің, зейнетақылық және инвестициялық қорлардың қызметтерiн ұсынатын агенттік желi құруға жағдай туғызады. Қоғам ең жедел қызмет көрсету рыногында табысты түрде бәсекелесуге және қаржылық қызмет рыногында белсенді түрде iлгерi жылжуға мүмкiндiк алады.
      Сонымен, клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасын, қауiпсiздiк кепілдігін қамтамасыз ету мен почталық, қаржылық және басқа да қызметтердің жаңа түрлерiн ұйымдастыру үшiн Қазақстанның почта саласын ақпараттық және техникалық жағынан жаңғырту Қоғамның инвестициялық саясатының басым бағыты болып анықталды.
      Таяу болашақта ауылдық жерден почта байланысы бөлiмшелерiн күрделi жөндеуге, касса тораптарының техникалық нығайтылуына, соның iшінде техникалық қауіпсіздіктің кешендi жүйесiн орнатуды қоса санағанда почта байланысы бөлiмшелерi орналасқан ғимараттар мен жер учаскелерiне меншiк иелiгін ресімдеудi аяқтауға айрықша маңыз берiлетiн болады. Бұл мақсат үшiн қаржыландыру көзiн қалыптастыру Қоғамды капиталдандыру жолымен жүзеге асыру көзделген. Почта саласының айрықша әлеуметтік мәндегі қызмет көрсететiн ерекшелiктерiн ескере отырып, жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшiн мемлекеттік қолдау қажет болады. Соған байланысты, жарғылық капиталды ұлғайтуды акцияларды кейiннен эмиссиялау және оларды республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алу жолымен жүзеге асыру болжанып отыр.
      "Қазақстан Республикасының почта байланысын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру" жобасын 2003-2005 жылдары қаржыландыруды жүзеге асыру көздерi мынадай деп жоспарлануда (3-кесте):
      1) 2003 жылы 9 000 мың АҚШ долларына балама 1413 миллион теңге сомасында, айналым мерзiмi 5 жылға дейiн, купондық ставкасы жылына 12% дейiн, Қоғамның корпоративтiк облигацияларын шығару және орналастыру, оны игерудi жүзеге асыру 2003-2004 жылдарға жоспарланып отыр;
      2) 2003 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен 9 000 мың АҚШ доллары сомасында, айналым мерзiмi 12 жыл, сыйақы ставкасы жылына 6% және негiзгі қарызды төлеу бойынша 2 жыл жеңiлдiк кезеңiмен сыртқы үкiметтік емес заем (Ислам Даму Банкiнiң кредитi) тарту, оны 2003-2004 жылдары игеру жоспарланған;
      3) 2004-2005 жылдары жарғылық капиталды ұлғайтуға жалпы сомасы 1537,6 млн. теңге республикалық бюджеттiң қаржысы;
      4) 2005 жылы 153,8 млн. теңге сомасында банк-резиденттердiң кредиттерi.

                                                  3-кесте

2003-2005 жылдардағы қаржыландыру көздерi

                                                 (млн. теңге)
------------------------------------------------------------------
N !   Iске асыру   !     Қаржыландыру көздерi   !Тартылған сома
р/с!    мерзiмi     !                            !
------------------------------------------------------------------
1    2003 - 2004 жж. Қоғамның облигациялық заемы       1 413

2    2003 - 2004 жж. ИДБ кредиті                       1 498,5

3    2004 ж.         Акцияларды кейіннен                 800
                     эмиссиялауға шығару

4    2005 ж.         Акцияларды кейiннен                 737,6
                     эмиссиялауға шығару

5    2005 ж.         Банк-резиденттердiң                 153,8
                     кредиттері
                     БАРЛЫҒЫ:                           4602,9
------------------------------------------------------------------

      2003 жылы облигациялық заем қаржысының бөлiгін "Қазақстан Халық Банкi" ашық акционерлiк қоғамының қолданыстағы несиелiк желiсi бойынша қарыздың қалдығын өтеуге жұмсау жоспарланып отыр. Осының нәтижесiнде 2003-2005 жылдары пайыздар төлеу жөнiндегi шығыстар бойынша жасалатын үнемдеу 35,3 млн. теңгені құрайды.
      Сөйтіп 2003-2005 жылдары негізгі қаражатты сатып алуға жұмсалатын инвестициялардың жалпы сомасы 4 367,4 млн. теңгенi құрайды.
      Инвестициялық бағдарлама мынадай бағыттарды iске асыруды көздейдi:
      ақпараттық инфрақұрылым құруды көздейтін және аса сенiмдi, жылдамдығы жоғары және қорғалған деректердің берілуін ұйымдастыруға бағытталған почта байланысын ақпараттандыру;
      ақпаратты өңдеудiң бiртұтас компьютерлiк орталығын құру;
      почта жөнелтімдерінің жүріп өтуіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтарды қолдану есебінен, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың және оны iске асырудың жаңа қағидаттарына көшу арқылы почта саласындағы жұмыстың сапасын арттыру;
      Қазақстан Республикасы почта саласының дүниежүзілік почта жүйесiне одан әрі кірігуін тереңдету, шетелдік почта әкімшіліктерінің озық жетістіктерімен танысу және енгiзу.
      Белгіленген жоспарлардың нәтижесiнде почта ұсынатын қызметтердiң сапасы озық ақпараттық технологияларды ендiру және почта жабдықтарын жетілдіру есебінен едәуір жақсарады, почта өнімдерi мен қызметтерiнің ассортиментi кеңейедi, еңбек өнiмдiлiгі артады, демек, Қоғамның табысы да көбейедi.
      Байланыс бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң жұмыс барысында жаңа әдiстер мен технологияларды зерделеуi, қазiргі заманғы техникалық құралдарды пайдалануы персоналдың бiлiктiлiк және бiлiм деңгейiнiң өсуiне оң ықпал етедi.
      Сонымен, жобаның ауқымын ескерсек, персоналдың талап етiлетiн бiлiктiлiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды жүзеге асыру аймақтарда және тұтас алғанда, Қазақстанда почта саласы қызметiнің жақсаруына оң ықпал етедi.
      Қазiргi уақытта барлық аудандық және қалалық почта байланысы тораптары компьютерлік техникамен жарақталған, "Аманат-почта" бағдарламалық өнiмiн ендіру және корпоративтік ақпарат жүйесiн құру жөнiндегi жұмыс жалғасуда. Қоғам жіберудiң қысқа мерзiмiмен және ақпараттық қорғаудың жоғары дәрежесiмен кiріктірiлген қызметтердi ұсынуға мүмкiндiк беретiн меншiктi автоматтандандырылған ақпараттық-технологиялық жүйенi құруды жоспарлап отыр.
      Компьютерлік және перифериялық жабдықтарды орнату бiртұтас корпоративтік ақпарат жүйесiн құрудағы бастапқы кезең болды. Бұл төлемдiк қаржылық тәртіпті, көлiк желiсiн ұтымды пайдалануды, жаңа қаржылық және агенттік қызметтер енгiзудi қамтамасыз етудi қоса алғанда, сапалық сипатты арттыруға мүмкiндiк бердi, мұның өзi, қорыта келгенде, Қоғамның табыстылығын арттыруға әкеледі.
      Гибридтік почта, электрондық почта, Директ-мейл сияқты почта саласы үшін дәстүрлі емес жаңа қызметтердi және қаржылық қызметтердiң өте кең ауқымын ұсыну мүмкіндiгі пайда болды.
      Ауылдық жерлердегi зейнеткерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерi зейнетақы мен жалақыны уақтылы алады, салық төлемдерiнiң барлық түрлерiн жинау және түрлі деңгейдегi бюджеттерге есептеу жеделдетілдi, почта саласының ауылдық бөлімшелерiнің саны көбеюде, мұның өзi мемлекеттiк саясатты жүргiзу және ауыл тұрғындарының ақпаратқа қол жеткiзу мүмкiндiгiн кеңейтедi.
      "Қазақстан Республикасының почта байланысын жаңғырту және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру" жобасын табысты iске асыру өмiр сүру аймағына байланыссыз Қазақстан халқының кең тобына почта сервисi қауiпсiздігінің кепiлін қамтамасыз етудi көздейтiн жаңа сапалы негіздегi почта қаржылық және агенттiк қызмет көрсетулерін ұсынуға мүмкіндік береді. Почта жөнелтімдері мен ақшалай аударымдардың өтуін тездету, уақтылы жеткізу мен жазысулардың жасырындылығын сақтау, почта имиджіне оң әр қосады, ал жақын және алыс шетелдердің почта қызметтерімен тығыз іс-қимылды және қазақстандық почтаның қызмет көрсетулерін шетелдік азаматтардың пайдалануын ескерсек, бүтіндей алғанда елдің беделінің артуына ықпал етеді.
      Белгіленген инвестициялық бағдарламаға сәйкес негізгі капиталды инвестициялауға және айналым қаражатын толықтыруға сырттан қаржы ресурстарын тартуға байланысты, сонымен қатар почта-жинақ жүйесiн дамытуды тұрғындардың депозиттерiнiң өсуiн және клиенттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудiң кеңейюiн ескере отырып, Қоғамның кредиторлық қарыздары 2003-2005 жылдары көбейтiледі.
      Сөйтіп, 2003 жылдан 2005 жылға дейiнгi кезеңде негiзгі капиталға инвестициялар ретiнде заемдарды тарту нәтижесінде кредиторлық берешектің артуы жалпы көлемде 2 829, 8 млн.теңгенi құрайды, мұның өзі 2001 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2,3 есе жоғары, оның iшiнде:
      "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ кредиттiк желiсi бойынша қарыздың қалдығын өтеудi ескере отырып, 2003 жылы кредиторлық берешектiң өсуi 1 177,5 млн. теңгенi құрайды;
      2004 жылы кредиторлық берешектiң деңгейi Ислам Даму Банкiнiң үкiметтiк емес заемын мемлекеттiк кепiлдiкке тарту нәтижесінде 1498,5 млн.теңгеге артады, немесе 2003 жылмен салыстырғанда 38%-артады;
      2005 жылы - банк-резиденттің кредитi есебiнен - 153,8 млн.теңгеге.
      Кредиторлық берешектің кемуi Ислам Даму Банкінің шарттарына сәйкес негiзгі қарызды төлеу жөніндегі жеңілдетiлген мерзiмнiң аяқталуы бойынша 2006 жылдан, сондай-ақ, 2008 жылы облигацияларды өтеу есебiнен басталады.

2.2 Күрделі салымдар

      Қазiргі уақытта Қоғамға тиесілi ғимараттардың жалпы санынан (1300 бiрлiк) ғимараттар мен құрылыстардың негiзгі үлесi (831 бірлiк немесе 66%) 1966 жылдан 1971 жылға дейiнгі аралықта салынған, олардың 417 - қалаларда, 171 - аудан орталықтарында және  243  -  ауылдық жерлерде орналасқан. 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қоғамның ғимараттары мен құрылыстарының тозуы - 32%, машиналардың тозуы - 31%, автокөлiктiң тозуы - 47% құрады.
      Қоғамның алынған таза табысын қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес құрылатын резервтiк капиталдан өткен жылдардың шығынын өтеуге жұмсау нәтижесiнде, Қоғам күрделi салымды Қоғамның инвестициялық бағдарламасының шеңберiнде тартылған сыртқы көздердiң есебiнен қоғам жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
      2001 жылы күрделi салымдар "Қазақстан Халық банкi" ААҚ кредитi есебiнен жүзеге асырылды және компьютер жабдығын сатып алуға бағытталды, нәтижесiнде 1442 компьютер, 1102 принтер, 16 сервер, 600 үздiксiз қоректендiру көздерi орнатылды. Осылайша, барлық аудандық және қалалық почта байланысы тораптары компьютерлiк техникамен жарақтандырылды.
      2002 жылы "Қазақстан Халық банкі" AAҚ 247,7 млн.теңге сомасындағы кредитi, сондай-ақ республикалық бюджеттiң Қоғамның жарғылық капиталын көбейтуге бөлiнген 643,1 млн. теңге сомадағы қаржысы есебiнен мыналарды сатып алу күтілуде:
      қауіпсiздік жүйелерiн сатып алу;
      кассалар мен алмастыру пункттерi үшiн жабдықтар сатып алу;
      спутниктiк жабдық сатып алу;
      компьютерлiк және перифериялық жабдықтар сатып алу;
      почта жабдықтарын сатып алу;
      банк жабдықтарын сатып алу және қауіпсiздiк қызметiн жарақтандыру;
      почталық жөнелтiлімдер мен ақша қаражатын тасымалдау үшiн көлiк сатып алу;
      басқа да жабдықтар (бағдарламалық қамтамасыз ету, почта вагондары үшiн сейфтер, РАБҚ үшiн жабдықтар) сатып алу;
      ғимараттарды, почта вагондарын күрделi жөндеу, касса тораптарын қайта құру;
      2003-2005 жылдары 4367,4 млн. теңге (3-кесте) мөлшерiнде қаржыны мыналарға:
      почта жабдықтарын сатып алуға;
      компьютерлiк жабдықтар сатып алуға;
      банк жабдықтарын, оның ішiнде инкассация үшiн, сатып алуға;
      почталық жөнелтілімдер мен ақша қаражатын тасымалдау үшiн көлік сатып алуға;
      корпоративтік ақпарат желiсiн құру үшiн бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алуға;
      ғимараттар мен қондырғыларды күрделi жөндеуге, касса тораптарын қайта құруға, почта вагондарын жөндеуге;
      ғимараттар мен жер учаскелерiне иелікті pecімдеуді аяқтауға бағыттау жоспарлануда.
      2003-2005 жылдары ауылдық байланыс бөлiмшелерiн қамтамасыз етудi көздейтiн почта байланыс бөлiмшелерiн кезең-кезеңмен компьютерлендіру нәтижесiнде, 2003 жылдан бастап компьютерлерге қосылған электронды таразыларды орнатуды қоса алғанда, почта жабдығын жаңартуға кiрiсу мүмкiндігі пайда болды. Сондай-ақ, спутниктік технологиялар негiзiнде корпоративтiк желiнi құрумен қатар 2003 жылдан бастап Қоғам корпоративтiк ақпараттық желiнi енгiзуге кiрiседі, бұған бағдарламалық қамтамасыз етулер мен тиiстi серверлерді сатып алу да кiредi. Қаржылық қызмет көрсетулер көлемінің өсуiне байланысты 2003-2005 жылдары кассалық техникамен жабдықтау жалғастырылады. Сондай-ақ, автокөлiк паркi мен оны жедел жөндеуге қажетті жабдықты жаңарту жоспарлануда. Инкассация қызмет көрсетулерiнің сапасын жақсарту мақсатында инкассация қызметiн тиiстi экипировкамен және байланыс құралдарымен қамтамасыз ету көзделiп отыр.
      Ғимараттар мен құрылыстардың негiзгі бөлiгi (831 немесе 66%-ы) 1966 жылдан бастап 1971 жылға дейiн салынғанын, оның iшінде 417-ci қалаларда, 171-i аудан орталықтарында және 243-i ауылдық жерлерде орналасқанын ескере отырып, 2003-2005 жылдарда ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ касса бөлмелерiнің техникалық бекемдігін жүргізу жоспарлануда.

3. Қоғам дамуының аса маңызды көрсеткіштерін болжау

3.1. Өндірiстің даму қарқыны және қызметінің
қаржылық нәтижелерін болжау

      2003-2005 жылдары почталық қызмет саласында мына нәтижелерге жету жоспарланып отыр: шығатын жазбаша хат-хабардың көлемiн 15,6 млн. бiрлiкке дейiн арттыруды немесе 2001 жылмен салыстырғанда 8,3% және 2002 жылға қарағанда 7,6% ұлғайтуды қамтамасыз ету, сәлемдемелер қабылдау деңгейін 1,4 млн. бiрлiк шегiнде немесе 2001 және 2002 жылдармен салыстырғанда 7,7% арттыруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр, мерзімдiк басылымдар көлемiн 2001 жылмен салыстырғанда 19,7% және 2002 жылы - 18,8% өсуiн қамтамасыз ете отырып, 2005 жылы 98,0 млн. бiрлікке дейiн жеткiзу. Қабылданған экспресс-жөнелтілiмдер санын 2001 жылғы деңгейге қарағанда 11% және 2002 жылғы деңгейге қарағанда 10% арттыру жоспарланды.
      Қаржылық және агенттік қызмет саласында мына көрсеткiштерге жету жоспарланып отыр: 2001 жылмен салыстырғанда 30% және 2002 жылы күтілген деңгейге қарағанда 21% ұлғайтуды қамтамасыз ете отырып, ақша аударымдары санын 2005 жылы 0,91 млн. бiрлiкке дейiн жеткiзу, зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу санын 2005 жылы 19,3 млн. бiрлiк деңгейiне дейiн немесе 2001 жылмен салыстырғанда 12,9% және 2002 жылмен салыстырғанда 10,9% көтеру жоспарланып отыр. Коммуналдық төлемдер қабылдауды 2005 жылы 2001 жылға қарағанда 50% және 2002 жылы күтiлген деңгейге қарағанда 30% көбейту, жалақы төлеудi, тиiсiнше 190% және 72,6%, салық төлемдерiн - 258,3% және 34,4%, ақша мен құндылықтарды инкассациялауды - 311,5% және 174,1% арттыру, сондай-ақ зейнетақы хабарламаларын жеткізуді тиiсiнше - 44,4% және 13% қамтамасыз ету жоспарланған.

                                                     4-кесте

Көрсетiлетiн негiзгi қызметтер бойынша көрсеткіштердің
2003-2005 жылдарға арналған болжамы

------------------------------------------------------------------
Көрсеткіштің  ! Өлшем !2001 ж.!2002 ж.!2003 ж.!2004 ж.! 2005 ж.
    атауы      !бірлігі! есеп  !бағалау!болжау !болжау ! болжау
------------------------------------------------------------------
Почталық қызмет көрсетулер:

- жазбаша хат-    млн.    14,4    14,5    15,5    15,6     15,6
xaбaр             дана

- сәлемдеме       млн.     1,3     1,3     1,3     1,4      1,4
                  дана

- мерзiмдi        млн.    81,9    82,5    97,5    97,6     98,0
басылымдар        дана

- ЕMS Kazpost     мың    297,8   300,0   310,0   319,0    330,0
қызметi           дана

Қаржылық және агенттік қызмет:

Еңбекақы төлеу    млрд.   10,4    17,5    20,9    25,2     30,2
                  теңге

Зейнетақы мен     млн.    17,1    17,4   18,98    19,1     19,3
жәрдемақы төлеу   дана
саны

сомасы            млрд.   57,3    66,8    73,5    80,8     88,9
                  теңге

Коммуналдық       млрд.    2,0     2,3     2,5     2,8      3,0
төлемдер          теңге

Депозиттер

саны              мың    603,6   860,0   946,0   1 041,0  1 145,0
                  дана

сомасы            млн.   756,6  1 021,0  1 240,0 1 480,0  1 730,0
                  теңге

салық төлемдері   млрд.    1,2      3,2      3,4     3,7      4,3
                  теңге

Ақша аударымдары

саны              млн      0,7     0,75     0,77    0,83    0,91
                  дана

сомасы            млрд.    3,6      4,1      4,6     4,9     5,4
                  теңге

Құндылықтар мен   млрд.    46,9    70,4    102,0   143,0   193,0
ақшаны            теңге
инкассациялау

Зейнетақы         млн.     1,8      2,3     2,4      2,5     2,6
хабарламасы       бірл.
------------------------------------------------------------------

      Белгіленген өндірістік бағдарлама мынадай қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік туғызады (5-кесте):

                                                     5-кесте

              Қаржылық көрсеткіштердің болжамы

                                                   (млн. теңге)
------------------------------------------------------------------
                 ! 2001 ж. ! 2002 ж. ! 2003 ж. ! 2004 ж. ! 2005 ж.
                 ! есеп    ! бағалау ! болжау  ! болжау  ! болжау
------------------------------------------------------------------
Кіріс              3 561,0   3 992,2   4 527,3   5 217,6  5 836,5
Шығыс              3 423,2   3 818,7   4 351,7   5 017,0  5 602,9
оның ішінде
- өндірістік       2 041,4   2 443,1   2 866,7   3 460,7  3 939,8
өзіндік құны
Салық салынатын      137,8     173,5     175,6     200,6    233,6
табыс
Табыс салығы          26,8      46,2      46,5      53,4     62,1
бойынша шығыстар
Таза табыс (шығын)   110,7     127,3     129,1     147,2    171,5
------------------------------------------------------------------

      Кiрiстiң өcуін, бiрiншi кезекте, почталық қызметтердің көлемiн ұлғайту, қаржылық және агенттiк қызметтердi белсендi ендіру арқылы, сондай-aқ әлеуметтiк маңызды қызметтер бойынша тарифтiк ставкаларды (комиссиялық сыйақыны) олардың қол жеткiзiмдiлiгiн сақтай отырып және рентабельдi қызметтердi (ТМД және алыс шетелдерде жүзеге асырылатын почта қызмет көрсетулерiн, қаржылық және агенттік қызмет көрсетулердi) ендiру есебiнен ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік беретiн нақты шығындар деңгейiне дейiн теңестiруді көздейтiн оңтайлы баға құру стратегиясын қалыптастыру арқылы қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      Қоғамның шығыстарын қалыптастыру кезiнде айлық жалақының ең төмен мөлшерiнің өсуiн ескере отырып, қызметкерлердің жалақысын жыл сайын ұлғайту жоспарлануда. Бұдан басқа, сатып алынатын почта және банк жабдықтары, сондай-ақ компьютерлiк техника мен спутниктік жабдықтар есебiнен амортизациялық есептеулерді ұлғайту жоспарланып отыр.
      2003 жылы Қоғам персонал санын және тиiсiнше компанияның аймақтық бөлiмшелерінде мынадай санаттағы қызметкерлердiң жалақы қорын арттыруды жоспарлап отыр:
      спутниктiк жабдықтарды сатып алуға байланысты ақпараттық технологиялар мамандарының және күзетшiлердің;
      орындайтын операциялар көлемінің артуына байланысты бухгалтерлердiң;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi талаптарына сәйкес фельдъегерлердің.
      Осының нәтижесінде, сондай-ақ республикалық бюджетке сәйкес ең аз жалақыны жоспарлы арттыруды ескере отырып, Қоғамның жалақы қорының жиынтық өсiмi 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 17,5% құрайды.
      Көлiк және коммуникация кешенi қызметкерлерiнің орташа жалақысы 2001 жылы 24910 теңгенi, почта саласы қызметкерлерінің жалақысы - 10342 теңгенi құрады.
      Почта қызметкерлерiнің жалақысын көлiк-коммуникациялық кешенi бойынша еңбекақы төлеу деңгейiне дейiн кезең-кезеңмен арттыру мақсатында 2005 жылы өндiрiстiк персоналдың еңбек ақысын 2001 жылдың деңгеймен салыстырғанда 2 есе арттыру жоспарланып отыр (есептеу деректерi бойынша 2001 жылғы 971,9 млн. теңгеден 2005 жылы 2 052,3 млн. теңгеге дейiн).
      Сатылған өнiмнің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзiндік құны құрылымында (6-кесте) барынша үлкен үлестi тікелей өндiрiстiк шығындар құрайды (66%-дан артық), оның 75%-ы қол еңбегiн қоса алғанда, өндiрiстiк персоналдың еңбек ақысын төлеуге, 14%-ы - әлеуметтік салыққа жұмсалады, почта және қаржылық қызмет көpceтулерге арналған пайдаланымдық 11%-ы материалдарды құрайды.
      Қоғамның үстеме шығыстары орташа есеппен алғанда 23%-ды құрайды, оның iшiнде 26%-ы көмекшi персоналдың еңбек ақысынан түсетiн аударымдарды қоса алғанда, еңбек ақы төлеуге, 25%-ы негізгi құралдардың амортизациялық аударымдарына, 18%-ы - коммуналдық төлемдерге, 4%-ы - негізгi құралдарды жөндеуге, қалған бөлiгi жалға төлеу, еңбектi қорғау және т.б. материалдық шығындарды құрайды. 2005 жылы үстеме шығыстар 2001 жылғы деңгейге қатысты 2,2 есе өседi, бұл негiзiнен 2003-2005 жылдарда негiзгi қаражатты сатып алу нәтижесiнде еңбек ақының 3,6 есе, амортизациялық аударымдардың 3,7 есе өсуінің есебiнен болады.
      Үстеме шығыстар 2003-2005 жылдары жаңадан сатып алынатын жабдыққа амортизациялық аударымдардың артуы (3,7 ece), сатып алынатын негiзгi құралдарды жұмыстық күйде ұстап тұру үшiн жұмсалатын шығындардың өсуi, сондай-ақ санының өсуiне байланысты (3,6 ece) қосымша персоналдың еңбек ақысын төлеуге жұмсалатын шығындардың өсуi нәтижесінде 2001 жылғы көрсеткiшке қатысты 492,8 млн. теңгеге (немесе 2,2 ece) өсетiн болады.
      Қоғам жоспарлап отырған қосымша персоналдың санын арттыру (2003 жылы орта есеппен 200 адамға), сондай-ақ орташа айлық жалақыны өсiру 2001 жылғымен салыстырғанда еңбек ақы қорының 2005 жылы 164,9 млн. теңгеге өсуiне ықпал етеді.
      2003-2005 жылдары жабдыққа және ғимараттарға күрделi жөндеу жүргiзуге 4367,4 млн. теңге сомасындағы инвестицияларды тарту нәтижесінде амортизациялық аударымдар 222,1 млн. теңге сомаға артатын болады.
      Бұл ретте Қоғамның амортизация саясаты салықтық есепке алу бойынша шектiк нормалармен шектелген шектерде объектiнің амортизациялық құны ай сайын бiрдей сомаларда есептен шығарылатын, оған сәйкес құнын бiрқалыпты (түзу сызықты) есептен шығару әдiсi қабылданған Қоғамның Есептiк саясатымен айқындалады. Үдемелi амортизациялау әдісiн қолдану көрсетілетін қызметтердің өзiндiк құнының артуына, яғни көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтердің артуына соқтырады. Одан басқа, бұл әдiстi таңдау Қоғам жататын табиғи монополия субъектiлерiнің қызметiн реттейтiн нұсқау-нормативтiк құжаттармен алдын ала айқындалған.
      Негiзгi өндірiс бойынша басқа да шығыстар сатылған өнiмнің өзіндiк құнының 11%-ын құрайды, оның 94%-ы почта жөнелтiмдерiн тасымалдауға және жеткiзуге жұмсалады, қалған бөлiгi демалысқа және басқа шығыстарға арналған резервтi құрайды. Почта жөнелтiмдерiн жеткiзу жиiлiгiн арттыруды жоспарлау нәтижесінде почта жөнелтімдерiн тасымалдауға және жеткiзуге жұмсалатын шығыстардың өсуi 2003 жылы 2001 жылдың деңгейiне қарағанда 27,9%, 2005 жылы - 41% құрайды.

                                                 6-кесте

Сатылған өнiмнің (жұмыстың, қызмет көрсетулердің)
өзiндiк құнының құрылымы

                                                     млн.теңге
------------------------------------------------------------------
Баптардың атауы!2001 жыл !2002 жыл ! 2003 жыл !2004 жыл! 2005 жыл
------------------------------------------------------------------
Сатылған өнiмнiң
(жұмыстың, қызмет
көрсетулердің)
өзiндік құны -
барлығы:          2 041,4  2 443,1   2 860,7   3 460,7   3 939,8

оның iшінде:

тiкелей
өндірiстiк
шығыстар          1 375,7  1 715,7    1 904,9   2 259,9   2 678,6

үстеме
өндірістік
шығыстар            415,3    444,4      656,1     870,2     908,1

негiзгi өндірiс
бойынша басқа да
шығыстар            250,4    283,0      305,7     330,6     353,1
------------------------------------------------------------------

      Бұл ретте Қоғамның қызметi кiрiстердiң шығыстардан озыңқы өсуiн қамтамасыз етуге бағытталады, бұл Қоғамның таза кiрiс сапасын жыл сайын арттыруға мүмкiндік береді.

3.2 Қаржы саясаты

      Қоғамның қаржы саясаты тәуелсiз көздерден ұзақ мерзiмдi инвестициялар тартуға, Қазақстан Республикасының почта саласын одан әрi реформалау және почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру мақсатында табысты арттыру есебiнен қайтарымдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
      Халықтың жинақ қаржысын тарту, кейіннен мерзімдiк депозиттерді мынадай құралдарға орналастырумен жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның iшiнде, басқа мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес эмиссияланған);
      2) жергілiктi атқарушы органдар шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, бұл бағалы қағаздар "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ сауда жүйелерінде айналымға жiберiлген жағдайда;
      3) халықаралық қаржы ұйымдары эмиссиялаған бағалы қағаздар.

3.3. Болжамды тарифтер мен бағалар, оларды негiздеу

      Тарифтер баға белгiлеу құралы ретiнде кәсiпорынның ағымдағы шығындарын жабу және пайда табу үшiн табысты қалыптастырудың негiзi болып табылатындықтан, өндiрiстi дамыту және технологиялық процестердi жаңғырту көзi ретінде баға белгiлеудiң оңтайлы стратегиясын жасау Қоғамның маңызды мiндетi болып табылады.
      Азаматтардың ақпарат алуға, таратуға және беруге конституциялық құқығын қамтамасыз ету, республика iшiнде почта байланысы қызметiн көрсету жөнiндегi Қоғамға жүктелген миссияға сәйкес Қоғам Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялары субъектілерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне кiргiзілген, бұл тарифтердi уәкілеттiк мемлекеттiк реттеушi органдардың реттеуiн көздейді.
      Қазiргi уақытта тартылған активтердiң реттелушi базасына кiрiс ставкасын есептеу әдiстемесiн жасау және енгiзу жұмысы жүргiзілуде. Осыған байланысты Қоғамның тарифтік саясаты қызметтердi көрсетудiң үлгi шарттары кезiнде олар бойынша шығындардың объективтi қажеттi деңгейiн жабуды қамтамасыз ету және кәсiпорынның дамуын қамтамасыз ететiн кәсiпорынның қолданысқа енгiзiлген активтерiне пайда ставкасын алу қағидатына негiзделетiн болады. Тарифтік табыс құрамына кiретiн кiрiс почта жүйесiнің рентабельдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi, ол өз кезегінде почта байланысының негiзгi құралдарын жұмысқа қабiлеттi күйде ұстау мақсатында регламенттік, жөндеу және қалпына келтiру жұмыстарын сапалы әрi уақытында жүзеге асыруға мүмкiндiк береді.
      Осы әдiстемеге сәйкес, тарифтер түзудiң құрылымы екi бөліктен тұрады: шығындар қосу кiрiстер. Тарифтiң шығындар бөлiгiн құрастыруға талаптар "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетінің 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03-2 ОД бұйрығымен бекiтілген Табиғи монополиялардың қызмет (тауар, жұмыс) өндiру және көрсету бағасын (тарифтерiн) есептеу кезiнде ескерілетін шығындарды құрастырудың айрықша тәртібi туралы нұсқаулықпен реттелген.
      Сонымен бiрге, рыноктық экономика жағдайында шығындардың негiзделген деңгейiн жабудан басқа табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi дамуы үшiн кiрiстi белгiлеу қажет.
      Тартылған активтерге кiрiстiң пайыздық ставкасының шамасын капитал құнын бағалаумен айналысатын лицензияланған ұйымдардың сараптық қорытындысының негізiнде тариф ставкаларын қайта қарау кезiнде уәкілеттi реттеушi мемлекеттiк орган белгiлейді. Тартылған активтерге кiрiстің нормасын реттеу (бұдан әрi - КНР) тарифтік реттеудiң процедуралық белгіленген түрi болып табылады. Тарифтердi дискреттік белгілеуге қарағанда, КНР почта байланысы операторына ұзақ мерзiмді негiзде белгiленген нормаға сәйкес кiрiс көлемінде өз қажеттілігін қанағаттандыруға деген салыстырмалы сенiм бередi. Алдымен оператор ұсынатын қызметтердiң кіріс нормасы есептеп шығарылады. Содан соң оператордың нақтылы қызметінiң бағасы кiрiстiң агрегаттық көрсеткiшi белгiленген норманы жабатындай етiп есептеп шығарылады.
      Кiрiстiң барлық шығындарды жапқаннан кейiн тарифтердi есептеу кезiнде қолданылатын пайыздық ставкасының шамасы кәсiпорынның инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуi тиiс.
      Тартылған активтердің реттелетiн базасына кiрiс ставкасын есептеу әдiстемесiнiң негізiнде шығындарды бөлектеп есептеу әдiстемесi жатыр. Почта саласының ерекшелігі, атап айтқанда почта әкiмшілігінің кең ауқымды почталық, қаржылық және агенттік қызмет көрсетуі, шығындарды қызмет түрлерi бойынша бөлек есептеу қажеттілігiн көздейді. Eceптеудің қиындығы барлық қызмет көрсетудiң технологиялық процестерi кейбiр кезеңдерде қоса атқарылатындығында.
      Сонымен, тартылған активтердің реттелетiн базасына кiрiс ставкасын есептеу әдiстемесiн енгiзу қызмет түрлерi бойынша шығындарды бөлектеп есептеу әдiстемесiн енгiзген соң мүмкiн болмақ.
      2003-2005 жылдары тарифтердi жоспарлау кезiнде Қоғамның қызметi экономикалық негiзделген әдiстердің базасында жоғарыда аталған әдiстемелердi енгiзу жолымен, почта байланысы қызметтерiнің өзіндік құнын құраушылардың өсуіне, оның iшiнде "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының почта вагондарымен жөнелтiмдердi тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне әсер етуi мүмкiн макро- және микроэкономикалық индикаторлардың әсерiн, сондай-ақ тарифтердің өзгеру мүмкiндiгiн ескере отырып, икемдi тарифтiк реттеулер тетiгiн енгiзуге бағытталады.

3.4. Қоғамның дивидендтік саясаты, Қоғамның таза табысын бөлу,
резервтiк капиталды құру және пайдалану тәртібі

      Қоғамның Директорлар кеңесi 2001 жылғы 9 сәуiрде бекiткен Қоғамның таза табысын, резервтiк капитал мен өзге де қорларының қаражатын пайдалану тәртiбiне, Қоғам Жарғысына, сондай-ақ "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес "Қазпочта" ААҚ таза табыс есебiнен Қоғамның Жарғылық капиталының 15% кем емес мөлшерде резервтiк капитал құруы қажет.
      2003 жылға арналған негiзгi көрсеткiштердi (1HK/1 нысаны) есептеу кезiнде мынадай жағдайлар ескерілді:
      1) "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мөлшерi Қоғамның жарияланған Жарғылық капиталының 15% құрайтын жоспарлы резервтiк капиталды қалыптастыру;
      2) өтеу көзi резервтiк капитал болып табылатын өткен жылдардың шығындары 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 250,6 млн. теңге;
      3) 2002 жылы 643,1 млн. теңге сомасына, 2004 жылы - 800 млн. теңге сомасына, ал 2005 жылы - 737,6 млн. теңге сомасына акциялардың қосымша эмиссиясын шығару нәтижесінде жарғылық капиталдың мөлшерi 2004 жылы 26121 млн. теңгенi, ал 2005 жылы 3476,1 млн. теңгенi құрайды.
      Осыған байланысты 521,4 млн. теңгеге тең талап етiлетiн сомаға дейiн резервтiк капиталды жасақтау үшiн 2001 жылдан бастап 2005 жылды қоса есептеген кезеңде Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнен түскен барлық таза табыс сомасы аталған кезеңде толықтай осы мақсатқа бағытталады. Сөйтіп, 2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса есептеген кезеңде Қоғамның резервтiк капиталы 433,4 млн. теңге сомасында жасақталады (7-кесте), соның нәтижесiнде Қоғам акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтер төлеудi жоспарламайды.

                                                    7-кесте

Қоғамның таза табысын пайдалану бағыттары

                                                  (млн. теңге)
------------------------------------------------------------------
Жыл !    Таза    !       Резервтiк капитал     !  Дивидендтер
     !   табыс    !-----------------------------!     төлеу
     !            !  барлығы   !  оның ішінде,  !
     !            !            !  өткен жылдың  !
     !            !            ! шығынын жабуға !
     !            !            !  (250,6 млн.   !
     !            !            !     теңге)     !
------------------------------------------------------------------
2001     110,7        110,7[0]       110,7              -

2002     127,3        127,3[0]       127,3              -

2003     129,1     116,5 [=129,1     12,6               -
                          -12,6]

2004     147,2     263,7 [=116,5       -                -
                         +147,2]

2005     171,5     435,2 [=263,7       -                -
                         +171,5]
------------------------------------------------------------------

3.5 Бюджетпен өзара қарым-қатынасы

      2003-2005 жылдары Қоғам республикалық және жергіліктi бюджеттерге мына сомада салық төлемдерiн жiберудi жоспарлап отыр (8-кесте):

                                                   8-кесте

Салық төлемдерi сомасы

                                                 (млн. теңге)
------------------------------------------------------------------
                  !   2003 жыл    !   2004 жыл   !   2005 жыл
------------------------------------------------------------------
Барлығы                692,0          700,2          750,3

оның iшінде:

Әлеуметтік салық       402,2          468,0          561,5

Заңды тұлғаларға
салынатын
корпоративтік
табыс салығы            46,5           53,4           62,1

Жер салығы               8,7            9,6           10,5

Көлiк құралдарына        5,9            6,5            7,1
салынатын салық

Мүлiкке салынатын       19,7           21,6           23,8
салық
------------------------------------------------------------------

      2002 жылы жарғылық капиталды ұлғайтуға бөлiнген республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қоғам акциялардың үшінші эмиссиясын шығаруды және орналастыруды жүзеге асырды. 643,1 млн. теңге сомасына акцияларды орналастыру қорытындысы туралы eceпті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 2002 жылғы 2 шілдеде бекiтті, соның нәтижесінде жарғылық капиталдың мөлшерi 1812,1 млн. теңгенi құрады.
      Республикалық бюджет қаражаты есебінен Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайтуға 2004 жылы 800 млн. теңге, 2005 жылы - 737,6 млн. теңге сомасында акцияларды соңынан эмиссиялауға шығару жоспарланған, соның нәтижесінде жарғылық капиталдың мөлшерi 2004 жылы 2 612,1 млн. теңгенi, ал 2005 жылы - 3 349,7 млн. теңгенi құрайтын болады.

Қорытынды

      Осы Даму жоспарында Қоғамның 2003-2005 жылдарға арналған саясаты тұжырымдалған, қаржы мақсаттары мен белгiленген міндеттерді iске асыру үшiн қажеттi ресурстар анықталды.
      Осы Жоспарды iске асыру нәтижелерi бойынша почталық, қаржылық, агенттiк қызметтер рыноктарындағы Қоғамның тұғыры нығайып, почта байланысын одан әрi ақпараттандыру және автоматтандыру, қазақстандық почтаның институционалдық және инвестициялық мүмкiндіктерiнің дамуы күтіледі.
      Қоғамды дамытудағы басты бағыт одан әрi де Қазақстанның почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру мен дамытуға, сервис сапасын жақсартуға, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге, Қоғамның корпоративтік мәдениетiн дамытуға және "имидждік" кеңiстігін кеңейтуге бағытталған, белгiленген мiндеттердi iске асыру болмақ.
      Кiрiстің өсуi және ұтымды тарифтік саясат салаға орнықты рентабельдiлік деңгейiне шығуға мүмкiндiк бередi. Рентабельдi емес байланыс бөлiмшелерiн ұстау мүмкіндігін алу арқылы Қоғамның әлеуметтік функцияларын күшейту, әлемдік стандарттарға сәйкес келетiн почта-жинақ қызметтерiн ұсыну - осының барлығы қазақстандықтардың ақпарат алуға конституциялық құқықтарын iске асыруға жәрдемдеседі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2003 жылғы 18 наурыздағы      
N 268 қаулысымен бекітілген     
"Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын 
дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
жоспарына қосымша          

      "Қазпочта" ААҚ 2003 жылға арналған негізгі көрсеткіштері

                                                    1НК/1 нысаны

-------------------------------------------------------------------
   !               ! Өлшем !2001   !2002   !2003  !2001    !2001
   !               !бірлігі!жылға  !жылға  !жылға !жылға   !жылға
   !               !       !есепті.!бағалау!болжау!қатысты !қатысты
   !               !       !лік    !       !      !%-бен   !%-бен
   !               !       !       !       !      !2003 жыл!2003 жыл
--------------------------------------------------------------------
1.  Өндірілген
    өнімнің (жұмыс.
    тың, қызмет
    көрсетулердің)
    көлемі -
    барлығы:
    оның ішінде
    түрлері бойынша:
    жазбаша хат-
    хабарлар       млн. дана   14,4    14,5    15,5   108%   107%
    сәлемдемелер   млн. дана    1,3     1,3     1,3   100%   100%
    мерзімдік
    басылымдар     млн. дана   81,9    82,5   97,47   119%   118%
    ақшалай        млн. дана    0,7    0,75    0,77   110%   103%
    аударымдар
    зейнетақылар
    мен жәрдем.    млн. дана   17,1    17,4   18,98   111%   109%
    ақыларды төлеу

2.  Барлық қаржы.
    ландыру көз.
    дері есебінен
    негізгі капи.
    талға инвес.
    тициялар салу
    - барлығы:     млн. теңге  558,4   890,8   942,0   169%   106%
    оның ішінде
    акцияларды
    кейіннен
    эмиссиялауды
    сатып алудан
    түскен қаражат    "            0   643,1       0
    сыртқы заемдар
    есебінен          "        558,4   247,7       0
    меншікті
    қаражат           "            0       0       0
    облигацияларды
    эмиссиялау        "            0       0   942,0

3.  Өнімдерді
    (жұмыстарды,
    қызмет көрсету.
    лерді сатудан
    түскен кіріс -
    барлығы:         млн.     3561,0  3992,2  4527,3   127%   113%
                     теңге
    негізгі қызмет.
    тен түскен
    кіріс, барлығы    "       3305,6  3810,4  4367,3   132%   115%
    негізгі емес
    қызметтен түскен
    кіріс, барлығы    "        255,4   181,8   160,0    63%    88%

4.  Шығыстар -        "       3423,2  3818,7  4351,7   127%   114%
    барлығы

5.  Сатылған өнім.
    дердің (жұмыс.
    тардың, қызмет
    көрсетулердің)
    өзіндік құны -
    барлығы:         млн.     2041,4  2443,1  2866,7   140%   117%
                    теңге
    оның ішінде:
    материалдар       "        211,8   203,9   213,6   101%   105%
    қызметкерлердің
    (өндірістік
    персоналдың)
    еңбек ақысын
    төлеу             "        971,9  1274,2  1425,2   147%   112%
    (өндірістік
    персоналдың)
    еңбек ақысын
    төлеуден түсетін
    аударымдар        "        192,0   237,6   266,1   139%   112%
    өндірістік ақау   "          0,0     0,0     0,0
    құжаттамалық
    шығыстар          "        415,3   444,4   656,1   158%   148%
    өзге де шығыстар  "        250,4   283,0   305,7   122%   108%
 
6.  Кезең шығыстары   "       1307,5  1318,9  1453,9   111%   110%

7.  Негізгі емес
    қызметпен
    байланысты
    шығыстар          "         74,3    56,7    31,1    42%    55%

8   Жалпы табыс       "        137,8   173,5   175,6   127%   101%

9.  Табыс салығы      "         26,8    46,2    46,5   174%   101%
 
10. Төтенше жағдай.
    ларға жұмсалатын
    шығыстар          "          0,3     0,0     0,0     0%

11. Таза кіріс
    (шығын)           "        110,7   127,3   129,1   117%   101%

12. Мемлекеттік
    акциялар
    пакетінің
    дивиденді         "          0,0     0,0     0,0

13. Қызметкерлердің
    саны             адам      11238   12057   13263   118%   110%

14. Жалақы қоры      мың     1447700 1835400 2155928   149%   117%
                    теңге

15. Орташа айлық
    жалақы                    10342   12675   15844   153%   125%

16. Өнім (жұмыстар,
    қызмет көрсету)
    бірлігіне
    қойылатын       бірлік
    тарифтер         үшін
    (бағалар)       теңге
    почтаның жай
    карточкасын
    салып жіберу    "            15      15      15   100%   100%
    почтаның
    арнайы
    карточкасын
    салып жіберу                 20      20      20   100%   100%
    Массасы 20 г.
    жай хатты
    салып жіберу    "            20      23      23   115%   100%
    Массасы 20 г.
    арнайы хатты
    салып жіберу    "            35      35      35   100%   100%
    Массасы 20 г.
    бағалы хатты
    салып жіберу    "            45      45      45   100%   100%
    массасы 50 г.
    жай бандерольді
    салып жіберу    "            15      25      25   167%   100%
    массасы 50 г.
    арнайы банде.
    рольді
    салып жіберу    "            20      30      30   150%   100%
    массасы 50 г.
    бағалы банде.
    рольді
    салып жіберу    "            20      30      30   150%   100%
    сәлемдемелерді
    салып жіберу
    (әрбір толық
    және толық
    емес 500 гр.
    үшін)           "          6-29    8-36    8-36          100%
    ақшалай        аударым
    аударымдар:   сомасынан %
    ҚР бойынша
    (100 мың
    теңгеден
    бастап және
    одан жоғары)    "           3-5     3-5     3-5   100%   100%
    ТМД және АШ     "         10-15   10-15   10-15   100%   100%

17. Кредиторлық
    берешек      мың теңге  2818712
                                    3235534,7
                                           4420456,7   157%   137%

18. Дебиторлық
    берешек      мың теңге     3448  4020,0  4422,0   128%   110%
-------------------------------------------------------------------

    "Қазпочта" ААҚ 2003-2005 жылдарға арналған негізгі
                      көрсеткіштері

                                                     2НК нысаны

-------------------------------------------------------------------
   !                  ! Өлшем !2001    !2002    !2001     ! 2003
   !                  !бірлігі!жылға   !жылға   !жылға    ! жылға
   !                  !       !есепті. !бағалау !қатысты  ! болжау
   !                  !       !лік     !        !%-бен    !
   !                  !       !        !        !2002 жыл !
--------------------------------------------------------------------
1.  Өндірілген
    өнімдердің (жұмыс.
    тардың, қызмет
    көрсетулердің)
    көлемі -
    барлығы:
    оның ішінде
    түрлері бойынша:
    жазбаша хат-
    хабарлар           млн. дана  14,4      14,5      101%    15,5
    сәлемдемелер       млн. дана   1,3       1,3      100%     1,3
    Мерзімдік
    басылымдар         млн. дана  81,9      82,5      101%    97,47
    ақшалай            млн. дана   0,7      0,75      107%     0,77
    аударымдар
    Зейнетақылар мен
    жәрдемақыларды
    төлеу              млн. дана  17,1      17,4      102%    18,98

2.  Қаржыландырудың
    барлық көздері
    есебінен негізгі
    капиталға инвес.
    тициялар салу
    - барлығы:         млн.
                       теңге     558,4     890,8      160%    942,0
    оның ішінде
    кейіннен акция.
    ларды эмиссиялау.
    ды сатып алудан
    түскен қаражат      "            0     643,1                  0
    сыртқы заемдардың
    есебінен            "        558,4     247,7       44%        0
    Меншікті қаражаты   "            0         0                  0
    Облигацияларды
    эмиссиялау          "            0         0              942,0

3.  Өнімді (жұмыс.
    тарды, қызмет
    көрсетулердің)
    сатудан түскен
    кіріс - барлығы:   млн.
                       теңге    3561,0    3992,2      112%   4527,3
    Негізгі қызметтен
    түскен кіріс,
    барлығы             "       3305,6    3810,4      115%   4367,3
    Негізгі емес
    қызметтен түскен
    кіріс, барлығы      "        255,4     181,8       71%    160,0

4.  Шығыстар - барлығы  "       3423,2    3818,7      112%   4351,7

5.  Сатылған өнімдер.
    дің (жұмыстардың,
    қызмет көрсетулер.
    дің) өзіндік құны
    - барлығы:          млн.
                       теңге    2041,4    2443,1      120%   2866,7
    оның ішінде:
    Материалдар         "        211,8     203,9       96%    213,6
    қызметкерлердің
    (өндірістік
    персоналдың)
    еңбек ақысын
    төлеу               "        971,9    1274,2      131%   1425,2
    (өндірістік
    персоналдың)
    еңбек ақысын
    төлеуден түсетін
    аударымдар          "        192,0     237,6      124%    266,1
    өндірістік ақау     "          0,0       0,0        0%      0,0
    үстеме шығыстар     "        415,3     444,4      107%    656,1
    өзге де шығыстар    "        250,4     283,0      113%    305,7

6.  Кезең шығыстары     "       1307,5    1318,9      101%   1453,9

7.  Негізгі емес
    қызметпен
    байланысты шығыстар "         74,3      56,7       76%     31,1

8.  Жалпы табыс         "        137,8     173,5      126%    175,6

9.  Табыс салығы        "         26,8      46,2      173%     46,5

10. Төтенше жағдай.
    ларға жұмсалатын
    шығыстар            "          0,3       0,0                0,0

11. Таза кіріс
    (шығын)             "        110,7     127,3      115%    129,1

12. Мемлекеттік
    акциялар пакетінен
    түсетін дивидендтер "          0,0       0,0                0,0

13. Қызметкерлердің
    саны               адам      11238     12057      107%    13263

14. Жалақы қоры        мың
                      теңге    1447700   1835400      127%  2155928

15. Орташа айлық
    жалақы            теңге      10342     12675      123%    15844

16. Өнім (жұмыс,      бірлік
    қызмет көрсету.   үшін
    лер) бірлігіне    теңге
    қойылатын
    тарифтер
    (бағалар)
    жай почта
    карточкасын
    салып жіберу        "           15       15        100%      15
    Арнайы почта
    карточкасын
    салып жіберу        "           20        20      100%       20
    Массасы 20 г.
    жай хатты
    салып жіберу        "           20        23      115%       23
    Массасы 20 г.
    арнайы хатты
    салып жіберу        "           35        35      100%       35
    Массасы 20 г.
    бағалы хатты
    салып жіберу        "           45        45      100%       45
    Массасы 50 г.
    жай бандерольді
    салып жіберу        "           15        25      167%       25
    Массасы 50 г.
    арнайы бандерольді
    салып жіберу        "           20        30      150%       30
    Массасы 50 г.
    бағалы бандерольді
    салып жіберу        "           20        30      150%       30
    сәлемдемелерді
    салып жіберу
    (әрбір толық
    және толық емес
    500 гр. үшін)       "         6-29      8-36               8-36
    ақшалай          аударым
    аударымдар       сомасынан
                        %
    ҚР бойынша
    (100 мың
    теңгеден
    бастап және
    одан жоғары)        "          3-5       3-5      100%      3-5
    ТМД және АШ         "        10-15     10-15      100%    10-15

16. Алдыңғы кезеңге
    қарағанда
    тарифтердің
    (бағалардың)
    өзгерісі            %
    почта
    карточкасын
    салып жіберу        "                                      0,0%
    Массасы 20 г.
    жай хатты
    салып жіберу        "                    15%               0,0%
    Массасы 20 г.
    арнайы хатты
    салып жіберу        "                                      0,0%
    Массасы 20 г.
    бағалы хатты
    салып жіберу        "                                      0,0%
    Массасы 50 г.
    жай бандерольді
    салып жіберу        "                    67%               0,0%
    Массасы 50 г.
    арнайы бандерольді
    салып жіберу        "                    50%               0,0%
    Массасы 50 г.
    бағалы бандерольді
    салып жіберу        "                    50%               0,0%
    сәлемдемелерді
    салып жіберу
    (әрбір толық
    және толық емес
    500 гр. үшін)       "                    25%               0,0%
    ақшалай аударымдар
    ҚР бойынша
    (100 мың теңгеге
    дейін және одан
    жоғары)             "                                      0,0%
    ТМД және АШ         "                                      0,0%

17. Кредиторлық       мың
    берешек          теңге  2818712   3235535      115%  4420457

18. Дебиторлық        мың
    берешек          теңге     3448    4020,0      117%   4422,0
-------------------------------------------------------------------

      таблицаның жалғасы

-----------------------------------------------
   !  2004   !  2005   !2001 жылға !2002 жылға
   !  жылға  !  жылға  ! қатысты   ! қатысты
   !  болжау !  болжау !%-бен 2005 !%-бен 2005
   !         !         !    жыл    !   жыл
-----------------------------------------------
1.    15,6       15,6        108%       108%
       1,4        1,4        108%       108%
      97,6       98,0        120%       119%
      0,83       0,91        130%       121%
      19,1       19,3        113%       111%

2.  2534,0      891,4        160%       100%
       800      737,6
    1498,5      153,8         28%        62%
         0        0,0
     235,5        0,0

3.  5217,6     5836,5        164%       146%
    5057,4     5676,0        172%       149%
     160,2      160,5         63%        88%

4.  5017,0     5602,9        164%       147%

5.  3460,7     3939,8        193%       161%
     226,4      238,4        113%       117%
    1710,2     2052,3        211%       161%
     323,2      387,9        202%       163%
       0,0        0,0
     870,2      908,1        219%       204%
     330,6      353,1        141%       125%

6.  1518,3     1624,6        124%       123%

7.    38,0       38,5         52%        68%

8.   200,6      233,6        170%       135%

9.    53,4       62,1        232%       134%

10.    0,0        0,0

11.  147,2      171,5        155%       135%

12.    0,0        0,0

13.  14589      16048        143%       133%

14. 2694910    3368638        233%       184%

15.   19805      24756        239%       195%

16.      16         17        112%       112%
         21         22
         24         26        128%       112%
         37         39        112%       112%
         48         50        112%       112%
         26         28        186%       112%
         32         33        167%       112%
         32         33        167%       112%
        9-38      10-40
        3-6        3-6
       11-16      12-17

16.     5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%
        5,9%       5,3%

17.  6095775    6492798        230%       201%

18.   4731,5     4968,1        144%       124%
----------------------------------------------

"Қазпочта" ААҚ қаржы-шаруашылық қызметі
  нәтижелерінің болжамы

                                                       3НК нысаны
                                                      (млн. теңге)
-------------------------------------------------------------------
Р/с !                                ! 2001 жыл! 2002 жыл! 2003 жыл
N   !    Көрсеткіштердің атауы       !есептілік! бағалау !  болжау
-------------------------------------------------------------------
1  !                2               !    3    !    4    !    5
-------------------------------------------------------------------
1.   Өнімді (жұмысты, қызмет
     көрсетуді) сатудан түскен табыс    3305,6    3810,4    4367,3
2.   Сатылған өнімнің (жұмыстың,
     қызмет көрсетудің) өзіндік құны    2041,4    2443,1    2866,7
3.   Жалпы табыс (1-2 бет)              1264,2    1367,3    1500,6
4.   Кезең шығыстары, оның ішінде       1307,5    1318,9    1453,9
4.1. жалпы және әкімшілік шығыстар      1204,6      1180    1289,2
4.2. сатуға байланысты шығыстар           35,3      53,5      53,4
4.3. пайыз төлеуге жұмсалған шығыстар     67,6      85,4     111,3
5.   Негізгі қызметтен түсетін кіріс
     (шығын) (3-4 беттер)                -43,3      48,4      46,7
6.   Негізгі емес қызметтен түсетін
     кіріс (шығын)                       180,7     125,1     128,9
7.   Салық салынғанға дейінгі
     кәдімгі қызметтен түсетін кіріс
     (шығын) (5+(-)6 беттер)             137,4     173,5     175,6
8.   Табыс салығы                         26,8      46,2      46,5
9.   Салық салынғаннан кейінгі
     кәдімгі қызметтен түсетін кіріс
     (шығын) (7-8 беттер)                110,6     127,3     129,1
10.  Төтенше жағдайлардан түсетін
     кіріс (шығын)
11.  Таза табыс (шығын)
     (9+(-)10 беттер)                    110,6     127,3     129,1
-------------------------------------------------------------------

Ақшалай қаражаттың қозғалысын болжау

                                           4НК нысаны (мың теңге)
-------------------------------------------------------------------
Р/с !                         ! 2001 жыл !  2002 жыл ! 2003 жыл
N   !     Көрсеткіш атауы     !есептілік !  бағалау  !  болжау
-------------------------------------------------------------------
1  !           2             !     3    !     4     !     5
-------------------------------------------------------------------
 
I   Операциялық қызметтен
    түсетін ақша қаражатының
    қозғалысы

1.  Ақша қаражатының түсуі      160844991     171294336   172779643
    өнімді (жұмысты, қызмет
    көрсетулерді) сатудан
    түскен кіріс                  3707441       3810400     4367300
    алынған аванстар             17665965      18195944    18377903
    пайыздар                         1554          1585        1601
    дивидендтер                         0             0           0
    роялти                              0             0           0
    өзге де түсімдер            139470031     149286407   150032839

2.  Ақшалай қаражаттың          160908219     170181036   171444461
    істен шығуы
    жеткізушілер мен              4516352       4651843     4850000
    мердігерлердің
    есепшоттары бойынша
    берілген аванстар            16774054      17195000    17366950
    жалақы бойынша                1333716       1520400     1672440
    әлеум. сақтандыру және
    зейнетақымен қамт. ету
    қорларына                           0             0           0
    салықтар бойынша               695556        730334      744941
    пайыздарды төлеуге              64629         81357       83798
    өзге де төлемдерге          137523912     146002102   146726333

3.  Операциялық қызметтің
    нәтижесінде ақша
    қаражатының ұлғаюы
    (+)/кемуі (-)                  -63228       1113300     1335182
 
II  Инвестициялық қызметтен
    түсетін ақша қаражатының
    қозғалысы

1.  Ақшалай қаражат түсімі          23467         10000       12100
    материалдық емес
    активтерді сатудан
    түсетін кіріс                       0             0           0
    негізгі қаражатты сатудан
    түсетін кіріс                   23467         10000       12100
    басқа ұзақмерзімді
    активтерді сатудан
    түсетін кіріс                       0             0           0
    қаржылық инвестицияларды
    сатудан түсетін кіріс               0             0           0
    басқа заңды тұлғаларға
    ұсынылған несиелерді
    алудан түскен кіріс                 0             0           0
    өзге де түсімдер

2.  Ақшалай қаражаттың істен
    шығуы                          361747       2140100     2434775
    материалдық емес активтерді
    сатып алу                        1303          1500        1020
    негізгі қаражатты сатып алу    358304       1030100      940980
    басқа ұзақмерзімді
    активтерді сатып алу             1153          1500        1800
    қаржылық  инвестицияларды
    сатып алу                           0       1100000     1483800
    басқа заңды тұлғаларға
    несиелер ұсыну                      0             0           0
    өзге де төлемдер                  987          7000        7175

3.  Инвестициялық қызметтің
    нәтижесінде ақша
    қаражатының ұлғаюы
    (+)/кемуі (-)                  -338280      -2130100    -2422675

III Қаржылық қызметтен түсетін
    ақшалай қаражаттың
    қозғалысы

1.  Ақшалай қаражаттың түсуі      7196267       1030100     1413000
    акцияларды және басқа да
    бағалы қағаздарды шығарудан   1060533        643100     1413000
    Банк кредиттерін алу          6135734        387000           0
    өзге де түсімдер                    0             0           0

2.  Ақшалай қаражаттың істен
    шығуы                         6635603             0      235500
    банк кредиттерін өтеу         1266012             0      235501
    меншікті акцияларды сатып алу       0             0           0
    дивидендтер төлеу                   0                         0
    өзге де төлемдер              5369591             0           0

3.  Қаржылық қызметтің
    нәтижесінде ақшалай
    қаражаттың ұлғаюы
    (+)/кемуі (-)                  560664       1030100     1177500
-------------------------------------------------------------------
    Барлығы: Ақшалай қаражаттың
    ұлғаюы (+)/кемуі (-)           159156         13300       90007
    Есепті кезеңнің басындағы
    ақшалай қаражаттар             414985        574141      587441
    Есепті кезеңнің соңындағы
    ақшалай қаражаттар             574141        587441      677448
-------------------------------------------------------------------

"Қазпочта" ААҚ кезең шығыстары, болжамдық көрсеткіштері

                                                      5НК нысаны
                                                      (мың теңге)
-------------------------------------------------------------------
Р/с !                            ! 2001 жыл ! 2002 жыл ! 2003 жыл
  N  !  Көрсеткіштердің атауы     !есептілік ! бағалау  ! болжау
-------------------------------------------------------------------
  1  !              2             !     3    !     4    !    5
-------------------------------------------------------------------
      Барлығы                        1307539    1318909   1453862
1.    Жалпы және әкімшілік
      шығыстар, барлығы              1204598    1180027   1289157
1.1.  Материалдар                      12489       9210     10782
1.2.  Қызметкерлердің еңбек           419636     513501    561675
      ақысын төлеу
1.3.  Еңбек ақыдан түсетін
      аударымдар                       85326      95758    104788
1.4.  Негізгі қаражат пен
      материалдық емес активтердің
      амортизациясы                    57285      84730     83600
1.5.  Негізгі қаражат пен
      материалдық емес активтерге
      қызмет көрсету және жөндеу       10935       8116      4690
1.6.  Коммуналдық шығыстар             24343      26899     26060
1.7.  Іссапарлық шығыстар, барлығы     30829      29828     35000
1.7.1 Белгіленген нормалар шегінде     29422      29828     35000
1.7.2 Нормадан артық                    1407          0         0
1.8.  Өкілеттік шығыстар                3695       2005      1600
1.9.  Қызметкерлердің біліктілігін
      арттыруға жұмсалатын шығыстар     1830       4080      6000
1.10. Директорлар Кеңесін ұстауға
      жұмсалатын шығыстар                  0          0         0
1.11. Кеңсе және баспа жұмыстары       12877      11022      9300
1.12. Салықтар бойынша шығыстар       233548     159300    243250
1.13. Байланыс қызмет көрсетулері      75175      57431     61645
1.14. Күзетке жұмсалатын шығыстар       4812       4635      3458
1.15. Консультациялық (аудиторлық)
      және ақпараттық қызмет
      көрсетулер                       37580      49933     34196
1.16. Банк қызмет көрсетулері           7230       6770     13150
1.17. Сот шығындары                      111       3256       500
1.18. Шарт талаптарын бұзғаны үшін
      салынатын айыппұлдар,
      өсімақылар және төлемдер          1601          0         0
1.19. Кірісті жасырғаны (кеміткені)
      үшін салынатын айыппұлдар
      және өсімақылар                    523          0         0
1.20. Ұрлаудан, нормадан тыс
      жоғалтымнан, бүлінуден
      ТМҚ жетіспеуінен келетін
      шығындар                          1629          0         0
1.21. Жалға алу бойынша шығыстар       11814       7706      4128
1.22. Әлеуметтік салаға жұмсалатын
      шығыстар                          2931       2235       260
1.23  Күмәнді қарыздар бойынша
      резервтер құру жөніндегі
      шығыстар                         60089       8778     14065
1.24. Мерекелік, мәдени-бұқаралық
      және спорттық іс-шараларды
      өткізуге жұмсалатын шығыстар      1822      18611     10500
1.25. Қайырымдылық көмек                 633        300      4220
1.26. Өзге де шығыстар                105855      75923     56290
2.    Сатудан түсетін шығыстар,
      барлығы                          35344      53525     53426
2.1.  Материалдар                       5860       3100       439
2.2.  Қызметкерлердің еңбек
      ақысын төлеу                     12721      16952     16857
2.3.  Еңбек ақыдан түсетін аударымдар   2590       3168      3160
2.4.  Негізгі қаражат пен
      материалдық емес активтердің
      амортизациясы                      127        210       500
2.5.  Негізгі қаражат пен материалдық
      емес активтерге қызмет көрсету
      және жөндеу                        126         75       100
2.6.  Коммуналдық шығыстар               640        510       100
2.7.  Іссапарлық шығыстар, барлығы       128         30        70
2.7.1 белгіленген нормалар шегінде       128         30        70
2.7.2 нормадан артық                       0          0         0
2.8.  Арту, тасымалдау және сақтау
      жөніндегі шығыстар                1808        445       600
2.9.  Жарнамаға және маркетингке        9166      25225     30000
      жұмсалатын шығыстар
2.10. Жалға алу бойынша шығыстар         704        840       400
2.11. Әлеуметтік салаға жұмсалатын
      шығыстар                             0          0         0
2.12. Өзге де шығыстар                  1474       2970      1200
3.    Пайыздар бойынша шығыстар,
      барлығы                          67597      85357    111279
3.1.  Банк кредиттері бойынша
      сыйақыға (пайызға) жұмсалатын
      шығыстар                         65814      81357    107279
3.2.  Жеткізушілер кредиттері бойынша
      сыйақыға (пайызға) жұмсалатын
      шығыстар                             0          0         0
3.3.  Жалға алу бойынша сыйақыға
      (пайыздарға) жұмсалатын
      шығыстар                             0          0         0
3.4.  Өзге де шығыстар (депозиттер)     1783       4000      4000
-------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады