Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісiм министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Холокост Мемориалдық Мұражайы арасындағы Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 525 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Холокост Мемориалдық Мұражайы арасындағы Ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Холокост Мемориалдық мұражайы арасындағы Ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ

      Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мен Америка Құрама Штаттарының Холокост Мемориалдық мұражайы (бұдан әрi - Мұражай), бұдан әрi Тараптар деп аталатын,
      өзара тиiмдi ынтымақтастық туралы ниеттi назарға ала отырып,
      мұрағаттар саласындағы бiрлескен зерттеулердiң маңыздылығын растай отырып,
      халықаралық құқық нормалары мен тараптардың - мемлекеттердiң ұлттық заңнамасына сәйкес iс-әрекет жасай отырып, мыналар туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң атынан осы Келiсiмдi iске асыруды Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) жүзеге асырады.

2-бап

      Комитет американдық зерттеушiлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарында сақталған Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi еврей босқындары туралы құжаттарды анықтау және көшiру жөнiндегi жұмыста көмек көрсетедi.

3-бап

      Мұражай қазақстандық мемлекеттiк мұрағат мекемелерiнiң өкiлдерiне Қазақстан Республикасы үшiн тарихи және мәдени құндылығы бар құжаттарды анықтау және көшiру жөнiндегi жұмыста жәрдемдеседi.

4-бап

      Мұрағат құжаттарына қол жеткiзу Тарап мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5-бап

      Мұражай Комитетке АҚШ мұрағат қоймаларындағы Қазақстан тарихы жөнiндегi құжаттар туралы ақпаратты бередi.

6-бап

      Құжаттарды анықтауға және көшірмелеуге байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттары мен Мұражай арасындағы белгiленген тәртiппен келiсiлген құжаттарды көшiрмелеу үшiн беретiн шарттар шеңберiнде реттеледi.

7-бап

      Комитет пен Мұражай Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттары мен Мұражай мұрағатында анықталған құжаттарды баспа және электронды басылымдарда жариялаған кезде құжаттардың түпнұсқасын сақтайтын мұрағаттарға сiлтеме жасауға және оларды үшiншi тұлғаға бермеуге мiндеттенедi.

8-бап

      Комитет пен Мұражай өзара қолайлы жағдайларда мұрағаттарды сақтау және пайдалану, көрме жұмыстары мәселелерi бойынша мамандармен, әдебиеттермен алмасуды жүзеге асырады.

9-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Комитет пен Мұражай бiрлескен консультациялар өткiзедi. Осы Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану барысында туындауы мүмкiн барлық даулы мәселелер келiссөздер және консультациялар жолымен шешiледi.

10-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты мәселелер шешуге Тараптар өз заңнамасы шеңберiнде келiсiлген көзқарасты ұстанады.

11-бап

      Келiсiм екi Тарап қол қойған күннен бастап күшiне енедi және бес жыл мерзiмге жасалады. Осы Келiсiм егер Тараптардың ешқайсысы екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы жазбаша хабарлама жiбермесе, келесi бec жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады. Бұл ретте Келiсiмнiң қолданылуы бiр Тарап осындай ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама жiберген сәттен бастап алты ай өткеннен кейiн тоқтатылады.

      Келiсiм 2003 жылғы _________________ Алматы қаласында және Вашингтон қаласында ағылшын, қазақ және орыс тiлдерiнде, екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң заңды күшi бiрдей.

      Қазақстан Республикасының      Америка Құрама Штаттарының
      Мәдениет, ақпарат және         Xoлoкocт
      қоғамдық келiсiм министрлiгi   Мемориалды Мұражайы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады