Тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған құжаттар беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 шілдедегі N 675 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1120 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.26 № 1120 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 330-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған құжаттар беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнің       
2003 жылғы 9 шілдедегі
N 675 қаулысымен   
бекiтiлген      

Тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары
мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған
құжаттар беру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң (бұдан әрi - Кеден кодексi) 330-бабына сәйкес әзiрлендi және тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатуға арналған құжаттар беру тәртiбiн айқындайды.Қараңыз.K100296

      2. Осы Ереженiң қолданылуы тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелудi немесе осы аумақтан әкетудi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - заңды және жеке тұлғалар) таратылады.

      3. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетілетін тауарлар Қазақстан Республикасының кеден органына Кеден кодексiнiң 382-бабында , сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттарды берген кезде кедендiк ресiмдегені үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатылады. Қараңыз.K100296

      4. Олардың негiзiнде тауарларды кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босату берiлетiн құжаттар Кеден кодексiнiң 380-бабында айқындалған мерзiмдерде тауарларға кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн кеден органына жүк кеден декларациясын берумен бір мезгiлде ұсынылады. Қараңыз.K100296

      5. Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша көрсетiлген мерзiмдерде ұсынылуы мүмкiн болмайтын жағдайда, кеден органдары құжаттарды кейiннен оларды алу үшiн қажеттi мерзiмдерде, бiрақ кеден декларациясы тiркелгеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бере отырып, олардың көшiрмелерiн беруге рұқсат етедi.
      Егер кеден органына олар бойынша тауарлардың кейiнгi партияларына кедендiк ресiмдеу жүргiзiлген құжаттар бұрын берілсе, онда мұндай құжаттардың көшiрмелерiн беру жеткiлiктi болады.

      6. Тауарға iлеспе құжаттар тауарлар шығарылғаннан кейiн декларантқа қайтаруға жатады және жүк кеден декларациясы тiркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
      Бұл ретте кедендiк ресiмдеу мақсаттары үшiн осы құжаттармен қатар декларант растаған көшiрме берiлуi тиiс.

2. Кеден баждары мен кеден алымдарын салудан
босату үшiн қажеттi құжаттар

      7. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар мынадай құжаттар берiлген кезде кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатылады:
      1) тауарлардың iзгiлiк көмек ретiндегі мәртебесiн көрсете отырып, тауарларды әкелу немесе әкету туралы тауарға iлеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң растауы;
      2) тауарлардың өтеусiз берiлгендiгi фактiсiн растайтын құжаттар, оның iшiнде шет тiлдерiнде жасалғандары;
      3) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жасалған Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгілiк көмек ретiнде әкелiнетiн тауарларды мақсатты пайдалану туралы алушының мiндеттемесi.

      8. Техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттердiң, үкiметтердiң, халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша қайырымдылық мақсаттарына арналған өтеусiз көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн медициналық мақсаттар үшiн арнайы арналған жеңiл автомобильдердi қоспағанда, акцизделетiндерден басқа тауарлар мынадай құжаттар берген кезде кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатылады:
      1) мемлекеттердiң, үкiметтердiң және халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша қайырымдылық мақсаттарында әкелiнетiн немесе әкетiлетiн тауарлар үшiн:
      тауарлардың мәртебесiн көрсете отырып, тауарға iлеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң растауы;
      тауарлардың қайырымдылық мақсаттарда әкелiнетiнiн немесе әкетiлетiнiн белгiлейтiн тиiстi келiсiмдер, шарттар;
      заңды тұлғалар үшiн - құрылтай шартының, жарғының, заңды тұлғаның коммерциялық емес ұйым ретiнде тiркелгендiгiн растайтын заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгендiгi туралы, заңды тұлға растаған куәлiктiң көшiрмелерi;
      2) техникалық жәрдем ретiнде әкелiнетiн немесе әкетiлетiн тaуapлap үшін:
      оны орындау үшiн тауарларды әкелу немесе әкету жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен жобаның (техникалық жәрдем жөнiндегi келiсiм-шарттың) деректемелерi көрсетiлуi тиiс тауарға iлеспе құжаттар және/немесе дипломатиялық немесе оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң растауы;
      оны орындау үшiн тауарлар жеткiзiлетiн жобаның (техникалық жәрдем жөнiндегi келiсiм-шарттың) көшiрмесi.
      Бұл ретте Қазақстан тарапынан техникалық жәрдем бағдарламасының орындалуын бақылайтын құзыреттi орган Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға жобаның орындалғандығы туралы ақпаратты ұсынады.
      Әкелiнетiн немесе әкетiлетiн тауарлардың ұсынылған жобаларда әкелу немесе әкету көзделетiн тауарлармен бiрдейлiгiн қамтамасыз ету мақсатында аталған жобалардағы тауарлардың тiзбесi жеке көрсетiлуi тиiс.

      9. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңына сәйкес кеден баждарын салудан босату Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi мен инвестор арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес инвестициялық жобаны iске асыру үшiн әкелінетiн жабдықтар мен олардың жиынтықтарының импорты кезiнде берiледi.
      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Инвестициялар жөнiндегi комитетi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға инвестордың атауын, келiсiм-шарттың жасалған күнi мен нөмiрiн, олар бойынша кеден баждарын төлеуден босату берiлген жабдықтар мен оның жиынтықтарының тiзiмiн, сондай-ақ көрсетiлген инвестициялық преференцияның қолданылу мерзiмдерiн қамтуы тиiс қабылданған шешiм туралы хабарламаны жiбередi.
      Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жоғарыда көрсетiлген мәлiметтердi әкелiнетiн тауарларға кедендiк ресiмдеу мен бақылау жүргiзiлетiн кеден органдарына жiбередi.
      Инвестор кеден баждарын салудан босатуды қолдану үшiн кеден органына келiсiм-шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) мен оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары (бұдан әрi - бөлiмшелерi) жүзеге асыратын ақша белгiлерiн жасауға арналған шикiзат мынадай құжаттар:
      1) Ұлттық Банктiң ақша белгiлерiн жасауға арналған әкелiнетiн шикiзаттың тиiстiлiгi туралы растауы;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша ақша белгiлерiн жасау үшiн әкелiнетiн шикiзатты мақсатты пайдалану туралы Ұлттық Банктiң не оның бөлiмшесiнiң мiндеттемесi;
      3) алушы Ұлттық Банктi не оның бөлiмшесiн көрсете отырып, тауарға iлеспе құжаттар берiлген кезде кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатылады.

      11. Қазақстан Республикасының көшi-қон туралы заңнамасына сәйкес кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босатылатын тауарлардың импорты кезiнде мынадай құжаттар берiледi:
      1) нақты жеке адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiлген оралмандар көшi-қонының квотасы бойынша Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударатындығы туралы халықтың кешi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның растауы;
      2) оралманның куәлiгi ;
      3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жасалған әкелiнетiн тауарларды тек жеке пайдалану үшiн ғана мақсатты пайдаланатындығы туралы алушының мiндеттемесi.

      12. Мемлекеттердiң, мемлекеттер үкiметтерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын халықаралық ұйымдардың желiлерi бойынша берiлетiн гранттар қаражатының есебiнен сатып алынған тауарларды әкелу кезiнде кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден баждары мен кеден алымдарын салудан босату үшiн мынадай құжаттар берiледi:
      1) шет мемлекетпен (немесе мемлекеттермен) не Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Қазақстан Республикасына грант беру туралы тiзбеге енгiзiлген халықаралық ұйыммен жасасқан Қазақстан Республикасының халықаралық шартының (oл болған кезде) көшiрмесi;
      2) халықаралық ұйым грантты халықаралық шартты жасамастан берген жағдайда - халықаралық ұйымның өзi берген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнде тiркелген грант қаражаты есебiнен тауарлардың импорты туралы растауы;
      3) халықаралық шартқа (oл жасалған жағдайда) сiлтемесi бар тауарға ілеспе құжаттар;
      4) бенефициардың (грант алушының) әкелiнетiн тауар туралы растауы.

      13. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң адамдары әкелетiн тауарларды кеден баждарын салудан босату үшiн мынадай құжаттар берiледi:
      1) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң шетелдiк мемлекеттерде алты айдан астам болуының үздiксiздiгi туралы растауы;
      2) Қазақстан Республикасы шетелдiк мекемесiнiң дипломатиялық қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде жұмыс iстеген барлық кезеңi iшiнде алған жалақысының сомасы туралы анықтамасы;
      3) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жасалған әкелiнетiн тауарларды тек жеке пайдалану үшiн мақсатты пайдалану туралы алушының мiндеттемесi.

      14. Кейiннен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетуге арналған акцизделетiн өнiмдердi маркiлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелде өндiрiлетiн акциздiк маркаларды әкелу кезiнде кеден баждарын салудан босату үшiн мынадай құжаттар берiледi:
      1) әкелiнген шетелде өндiрiлетiн акциздiк маркалармен маркiлеуге жататын акцизделетiн тауарлардың экспортына арналған келiсiм-шарттың (шарттың) көшiрмесi;
      2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша жасалған акциздiк маркаларды керi әкету туралы мiндеттеме.

      15. Кеден кодексiнiң 330-бабының 1-тармағының 1) - 3), 8), 9), 12), 13) тармақшаларында айқындалған әкелiнетiн/әкетiлетiн тауарлар бойынша кеден төлемдерiн салудан босату тiкелей Кеден кодексiне сәйкес қолданылады.

Тауарларды кедендiк ресiмдегенi 
үшiн кеден баждары мен кеден  
алымдарын салудан босатуға   
арналған құжаттар беру ережесiне
1-қосымша           

                                _______________________ бастығына
                                (кеден органының атауы)

Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн тауарларды мақсатты пайдалану
туралы алушының мiндеттемесi

Мен, _____________________________________________________________
__________________________________________________________________
  (жүк алушының атауы, CTH, мекен-жайы, банктiк деректемелерi не
__________________________________________________________________
               Т.А.Ә. және төлқұжаттық деректерi)

NN _______________________________________________________________
___________________________ кеден декларациясына (ларына) сәйкес
ізгiлiк көмек ретiнде:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________________________________________________________ әкелдiм.
                   (тауарлардың атауы)

Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды тек халықтың өмiр сүру және тұрмыс жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшiн пайдалануға және коммерциялық пайда табу үшiн пайдаланбауға мiндеттенемiн.
Көрсетiлген тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес _____ теңге мен олардың өсiмпұлы мөлшерiнде кедендiк ресiмдеу кезiнде төленбеген кеден төлемдерiн, салықтарын төлеуге мiндеттенемiн.

_________________/________/    Күнi 200_ жылғы "__"______________
   аты-жөнi        (қолы)

                       М.О.

Ескерту. Ізгiлiк көмек кеден төлемдерi, салықтары және өсiмпұлдары төленбестен өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиiстi сома Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес жауаптылық шаралары қолданыла отырып алынатын болады.

Тауарларды кедендiк ресiмдегенi 
үшiн кеден баждары мен кеден  
алымдарын салудан босатуға   
арналған құжаттар беру ережесiне
2-қосымша           

                                _______________________ бастығына
                                (кеден органының атауы)

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң немесе
оның бөлiмшелерiнiң ақша белгiлерiн жасау үшiн
әкелiнетiн шикiзатты мақсатты пайдалануы туралы
мiндеттемесi

Мен, ____________________________________________________________
_________________________________________________________________
   (жүк алушының атауы, CTH, мекен-жайы, банктiк деректемелерi)

NN ______________________________________________________________
____________________________ кеден декларациясына (ларына) сәйкес
ақша белгiлерiн жасау үшiн шикiзат ретiнде:

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________ әкелдiм.
                (тауарлардың атауы)

Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды олардың мақсатына қатаң сәйкестiкте пайдалануға мiндеттенемiн.
Көрсетiлген тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес _____ теңге мен олардың өсiмпұлы мөлшерiнде кедендiк ресiмдеу кезiнде төленбеген кеден төлемдерiн, салықтарын төлеуге мiндеттенемiн.

_________________/________/    Күнi 200_ жылғы "__"______________
   аты-жөнi        (қолы)

                        М.О.

Ескерту. Ақша белгiлерiн жасау үшiн шикiзат кеден төлемдерi, салықтары және өсiмпұлдары төленбестен өзге мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, тиiстi сома Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамаларына сәйкес жауаптылық шаралары қолданыла отырып алынатын болады.

Тауарларды кедендiк ресiмдегенi 
үшiн кеден баждары мен кеден  
алымдарын салудан босатуға   
арналған құжаттар беру ережесiне
3-қосымша           

                                _______________________ бастығына
                                (кеден органының атауы)

Әкелiнетiн тауарларды тек жеке пайдалану үшін
мақсатты пайдалану туралы алушының
міндеттемесі

Мен, ____________________________________________________________
_________________________________________________________________
         (жүк алушының Т.А.Ә. және төлқұжаттық деректерi)

NN ______________________________________________________________
_____________________________ кеден декларациясына (ларына) сәйкес
тек жеке пайдалану үшiн тауарлар ретiнде:

_________________________________________________________________
______________________________________________________ әкелдiм.
           (тауарлардың атауы)

Осыған байланысты көрсетiлген тауарларды олардың мақсатына қатаң сәйкестiкте пайдалануға мiндеттенемiн.
Көрсетiлген тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес _______ теңге мен олардың өсiмпұлы мөлшерiндегi кедендік ресiмдеу кезiнде төленбеген кеден төлемдерін төлеуге мiндеттенемiн.

_________________/________/    Күнi 200_ жылғы "__"______________
   аты-жөнi        (қолы)

Ескерту. Тауарлар тек жеке пайдалану үшiн кеден төлемдерi мен өсiмпұлдары төленбестен өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда, тиiстi сома Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жауаптылық шаралары қолданыла отырып алынатын болады.

Тауарларды кедендiк ресiмдегенi 
үшiн кеден баждары мен кеден  
алымдарын салудан босатуға   
арналған құжаттар беру ережесiне
4-қосымша           

                                _______________________ бастығына
                                (кеден органының атауы)

Акциздiк маркаларды керi әкету туралы мiндеттеме

Мен, ___________________________________________________________
________________________________________________________________
  (жүк алушының атауы, CTH, мекен-жайы, банктiк деректемелерi)

NN __________ кеден декларациясына (ларына) сәйкес шетелде шығарылған акциздiк маркаларды әкелдiм:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
        (акциздiк маркалардың сериялары мен нөмiрлерi)

200_ жылғы "___"_____________ дейiн мерзiмде шетелде шығарылған акциздiк маркаларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетудi жүргiзуге мiндеттенемiн.

Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзғандығы үшiн жауаптылық туралы ескертiлдi.

_________________/________/    Күнi 200_ жылғы "__"______________
    Т.А.Ә.        (қолы)

                    М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады