"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына 2003 жылғы 17 наурыздағы N 02/10 келiсiм-шарт бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура мен санда Өзбекстан Республикасының Геология және минералдық ресурстар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Сибвзрывкомплект" жабық акционерлiк қоғамы (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 22 шілдедегі
N 725 қаулысына
қосымша
2003 жылғы 17 наурыздағы N 02/10 келiсiм-шарт
бойынша Өзбекстан Республикасының Геология
және минералдық ресурстар жөнiндегi мемлекеттiк
комитетіне (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы)
"Сибвзрывкомплект" жабық акционерлік қоғамы
(Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) беретiн
жарылғыш материалдардың номенклатурасы мен саны
___________________________________________________________________
Р/с| Жарылғыш | СЭҚ ТН | Өлшем | Саны | Бiрлiк | Құны
N | материалдың | коды |бiрлігі| | бағасы | АҚШ
| атауы | | | | АҚШ |долларымен
| | | | |долларымен |
___________________________________________________________________
1 Аммонит 360200000 тн 60,0 800,0 48000,0
6ЖВд.32
2 Аммонит 360200000 тн 30,0 790,0 23700,0
20 ПЖВ
MEMCT 3470-80
Жиыны 71700,0
___________________________________________________________________
Жөнелту пунктi: Черкасов Камень стансасы (Ресей Федерациясы).
Белгiленген пунктi: Янги-Заравшан, Аблык, Яккабаг стансалары (Өзбекстан Республикасы).
Шекаралық өту пункттерi: Локоть стансасы (Ресей Федерациясы) - Шеңгелдi стансасы (Қазақстан Республикасы).