Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 шілдедегі N 732 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкiметi өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Павлов                - Қазақстан Республикасы
      Александр Сергеевич     Премьер-Министрiнiң бiрiншi
                              орынбасары, төраға

      Оразбаев              - Қазақстан Республикасының
      Бiрлiк Есiркепұлы       Энергетика және минералдық
                              ресурстар вице-министрi

      Исаев                 - Қазақстан Республикасының
      Батырхан Арысбекұлы     Экономика және бюджеттiк
                              жоспарлау вице-министрi

      Асанов                - Қазақстан Республикасының
      Жақып Қажманұлы         Әдiлет вице-министрi

      Андрющенко            - Қазақстан Республикасының
      Александр Иванович      Индустрия және сауда
                              вице-министрі

      1-тармақта:
      "Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм вице-министрi" деген жолдағы "вице-министр" деген сөз "бiрiншi вице-министр" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген құрамнан Бауыржан Әлiмұлы Мұхаметжанов, Наталья Артемовна Коржова, Петр Петрович Нефедов, Бауыржан Жаңабекұлы Аймақов, Ринат Шарафутдинович Шамсутдинов шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады