Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 және 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 шілдедегі N 749 қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      IV "Шығындар" деген бөлiмде:
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында:
      215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      036 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және оны қайта жаңарту" бағдарламасында:
      035 "Астана - Бурабай автомобиль жолының учаскесiн қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "2200000" деген сандар "2448758" деген сандармен ауыстырылсын;
      049 "Астана қаласының Солтүстiк айналма жолын 0-6,5 км "Солтүстік-Батыс учаскесi" учаскесiнде қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "749 950" деген сандар "662740" деген сандармен ауыстырылсын;
      051 "Ресей Федерациясы шекарасы - Орал - Ақтөбе автожолын қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "849508" деген сандар "860168" деген сандармен ауыстырылсын;
      058 "Астана қаласының айналма жолын қалыпқа келтiру" кiшi бағдарламасындағы "612600" деген сандар "533325" деген сандармен ауыстырылсын;
      060 "Қарағанды қаласы арқылы өту учаскесiн қайта жаңарту" кiшi бағдарламасындағы "1100000" деген сандар "1007067" деген сандармен ауыстырылсын;
      060 "Республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту жөнiндегi жобалау-iздестiру жұмыстары" бағдарламасында:
      037 кiшi бағдарламада:
      кiшi бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қызылорда - Жезқазған - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау";
      038 "Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" кiшi бағдарламасында "33000" деген сандар "26380" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 045 және 046 кiшi бағдарламалармен толықтырылсын:
      045 "2003 жылғы конкурстардың хабарландыруларына және 2004 жылғы объектiлер бойынша конкурстық құжаттаманың таралымын көбейтуге ақы төлеу" кiшi бағдарламасы - 2000;
      046 "Астана - Қостанай - Челябинск автожолын қайта жаңарту жобасын және техникалық-экономикалық негiздемесiн дайындау" кiшi бағдарламасы - 4620;
      2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына :
      көрсетiлген қаулыға 225-қосымшада:
      6-тармақ кестесінің 5-бағаны мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 14, 15 және 16-жолдармен толықтырылсын:
      "14. Азаматтық авиациядағы аса қауiптi жұмыстарға рұқсат беру ережесi;
      15. Азаматтық авиацияның авиациялық персоналы үшiн еңбектi қорғау және қауіпсiздік техникасы жөнінде оқытып-үйрету нұсқаулығы;
      16. Авиациялық-химиялық жұмыстарда және сұйықтықтармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк техникасы және өндiрiстiк санитария жөніндегi ереже" деген жолдармен толықтырылсын;
      7-тармақта "13" деген сан "16" деген санмен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 226-қосымшада:
      6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
      044 кiшi бағдарламада:
      "1/305,82" деген сандар "1/350,43" деген сандармен ауыстырылсын;
      "асфальт бетон жамылғысын," деген сөздерден кейiн "көпiрдi сынау" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      "1/305,82" деген сандар "1/350,43 "деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 229-қосымшада:
      5-тармақта "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
      6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      "мемлекеттiк" деген сөзден кейiн "сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
      7-тармақта "6" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 232-қосымшада:
      6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 1-жолда:
      1-тармақта "23011" деген сандар "23046" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 233-қосымшада:
      6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
      033 - кiшi бағдарламада:
      "130" деген сандар "137,4" деген сандармен ауыстырылсын;
      "жобалық-сметалық құжаттамаларды әзiрлеу - 130 км" деген сөздерден кейiн "оның iшiнде Қашыр кентiнің айналма жолы" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Автожолды қайта жаңартудың техникалық-экономикалық негiздемесінiң жобасы мен мемлекеттік және экологиялық сараптамасының қорытындысын дайындау";
      037 - кiшi бағдарламада:
      кiшi бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қызылорда - Жезқазған - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы" автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау";
      "127 км." деген сөздер "132,7 км., оның iшiнде Розовка кентінің айналма жолы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
___________________________________________________________________
 045  "2003 жылғы     "Казахстанская        Жыл   Қазақстан
      конкурстардың   правда"               бойы  Республикасының
      хабарландыру.   республикалық               Көлiк және
      ларына және     газетi" ААҚ-тың             коммуникациялар
      2004 жылғы      конкурстық                  министрлiгi
      объектiлер      құжаттаманың
      бойынша         таралымын
      конкурстық      көбейту және
      құжаттаманың    автожол саласы
      таралымын       бойынша тендерлер
      көбейтуге ақы   өткiзу туралы
      төлеу"          хабарландыру
                      жариялау жөніндегі
                      қызметтер көрсетуіне
                      ақы төлеу

046   Астана -        Геологиялық және      Жыл   Қазақстан
      Қостанай -      геодезиялық           бойы  Республикасының
      Челябинск -     iздестiрулер,               Көлiк және
      автожолын       автожолды аспаптық          коммуникациялар
      қайта жаңарту   тексеру;                    министрлiгi
      жобасын және    "Астана - Қостанай
      техникалық-     -Челябинск" - 851 км
      экономикалық    автожолына арналған
      негiздемесін    жобалық-сметалық
      дайындау        құжаттаманы және
                      техникалық-
                      экономикалық
                      негiздеменi әзiрлеу,
                      мемлекеттік және
                      экологиялық сараптама
                      жүргізу.
___________________________________________________________________

      7-тармақта:
      "Қызылорда - Жезқазған" деген сөздер "Қызылорда - Жезқазған - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ақтау -  Атырау" деген сөздерден кейiн "Астана - Қостанай - Челябинск", "Омбы - Павлодар - Майқапшағай" автожолы Қашыр кентiнің, "Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы" автожолы Розовка кентiнің айналма жолы, "Атырау - Ақтау" автожолына мемлекеттiк және экологиялық сараптама жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 235-қосымшада:
      6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      "инспекторлық су кемелерiн (8 бiрлiк)" деген сөздер "саны 26 бiрлiк инспекторлық су кемелерiн (оның iшiнде 8 бiрлiк - катер, 18 бiрлiк - мотоқайық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "заңды тұлғалардың" деген сөздер "жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "банктердің қызмет көрсетулерiне ақы төлеу (жеке тұлғалар көрсеткен қызметтер үшiн шығыстарға ақы төлеу сомасының 0,3 %-ы)";
      6-тармақ кecтeciнің 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктік бақылау комитетiнiң аумақтық органдары".;
      7-тармақта "инспекторлық су кемелерiн (8 бiрлiк)" деген сөздер "саны 26 бiрлiк инспекторлық су кемесiн (оның iшiнде 8 бiрлiк - катер, 18 бiрлiк - мотоқайық)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 254-қосымшада:
      6-тармақ кестесiнің 5-бағаны мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
      "8. 2А рульдеу жолын салу";
      "9. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету үшiн акустикалық жүйесiн орнату";
      көрсетiлген қаулыға 255-қосымшада:
      6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
      "Ақтөбе облысы - 53 км." деген сөздерден кейiн "Қандыағаш - Ембi - Шалқар - Ырғыз" автожолының 50 км-дегi Күбiлей өзенi арқылы өтетiн авариялық көпiрдi жөндеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Алматы облысы - 338 км, сонымен қатар құбыр және көпiр жөндеу - 7/272, 1/134 дана/қ.м.;" деген сөздерден кейiн "Алматы - Бiшкек автожолының 27 км-дегi жол өткелiмен көлiк айырымын жөндеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қарағанды облысы - 107 км, сонымен қатар 5/90 дана/қ.м. құбыр және көпiр жөндеу" деген сөздерден кейiн "Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы" автожолының анағұрлым бұзылған учаскелерiн жөндеу, 869-872, 873-880 км" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақта:
      "1458" деген сандар "1473" деген сандармен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 259-қосымшада:
      6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
      "еңбекақы" деген сөз "стипендия" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "мен тамақтану" деген сөздер "және арнайы тамақтану, жеке арнайы киiм және аяқ киiм сатып алу, ұшу, парашюттық дайындықты өткiзу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады