Қазақстан Республикасы көлік-коммуникация кешенінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 786 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық Заңының  24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігі комитеті туралы ереже бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 45, 413-414-құжаттар):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ережеде:
      10-тармақтың 2) тармақшасында:
      "қатынас жолдарын" деген сөздер алынып тасталсын;
      12-тармақтың 3) тармақшасында:
      "әуе" деген сөзден кейiн "және темiр жол" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы ", жол қатынастарын пайдаланудың" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 506-құжат):
      3-тармақ мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде үшiншi абзацтағы "комитетi" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы төртiншi, бесiншi және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "Темiр жол көлiгi комитетi;
      Көлiктiк бақылау комитетi;
      Аэроғарыш комитетi";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеде:
      1-тармақтың екiншi абзацы "Аэроғарыш комитетi" деген сөздерден кейiн "Темiр жол көлiгi комитетi" деген сөздермен толықтырылсын.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.11.21. N 1165  қаулысымен .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң         
2003 жылғы 6 тамыздағы  
N 786 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Темiр жол көлiгi комитетi туралы
ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Темiр жол көлiгi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң құзыретi шегiнде темiр жол көлiгi саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды, темiр жол көлiгiнiң қызметiн үйлестiрудi, реттеудi және бақылауды, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған салада салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясына  және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Yкiметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөртаңбасы, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ банкiлерде заңнамаға сәйкес есеп шоттары болады.
      Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.

      4. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.

      5. Комитеттiң штат саны лимитiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 49.

      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Темiр жол көлiгi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшы құжаты болып табылады.

      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен түскен кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi,
функциялары және құқықтары

      10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) темiр жол көлiгi саласында мемлекеттік саясатты iске асыру;
      2) өзiнiң құзыретi шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеу, үйлестiру мен бақылау;
      3) темiр жол көлiгiнiң қызметтер көрсету рыногын қалыптастыруға қатысу;
      4) Қазақстан Республикасында, одан тыс жерлерде жүк пен жолаушыларды тасымалдау кезiнде темiр жол көлiгiн тиiмдi пайдалануға және магистралдық темiр жол желiсiн дамытуға бағытталған iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      5) темiр жол көлiгi саласындағы қатынастарды реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге қатысу;
      6) темiр жол көлiгi саласында бiрыңғай инвестициялық, ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүргiзудi және кадрлар даярлауды қамтамасыз ету;
      7) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгi туралы заңнаманы орындауды қамтамасыз ету;
      8) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол тасымалындағы мемлекеттiк мұқтаждар қажеттiлiктерiн уақытылы және сапалы қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады.

      11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) жүк пен жолаушыларды темiр жолмен тасымалдаудағы мемлекет экономикасының және халықтың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк саясат пен стратегияны өз құзiретi шегiнде iске асыру;
      2) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша темiр жол көлiгi туралы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау;
      3) магистралдық темiр жол желiсiне еркiн және тең қол жеткiзудiң қамтамасыз етiлуiн бақылау;
      4) темiр жол көлiгiмен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетудi сатып алу жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру және өткiзу;
      5) темiр жол көлiгi саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
      6) тиiстi мемлекеттiк органдармен темiр жолдарды және ондағы құрылыстарды салу, пайдалану және күтiп ұстау мәселелерi бойынша үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
      7) темiр жол көлiгi объектiлерi мен кәсiпорындарын жекешелендiру жөнiндегi мәселелердi шешуге қатысу;
      8) жүктелген өкiлеттiктер шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;
      9) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы қызметтi мемлекеттiк реттеудi, үйлестiрудi және бақылауды қамтамасыз ету; <*>
      10) заңнамамен оған жүктелген өзге де функциялар.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.11.21. N 1165  қаулысымен .

      12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң:
      1) мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан Комитеттiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұрауға;
      2) өз құзыретiнiң шегiнде темiр жол көлiгi саласындағы қызметтi реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар кесiмдер шығаруға;
      3) темiр жол көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеуге;
      4) темiр жол көлiгiнде тасымалдау және басқа да функцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейтiн заңнамалық ережелердi олардың сақтауы бөлiгiндегi қызметтi тексеруге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Комитеттiң мүлкі

      13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.

      14. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе басқа тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
      Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
      Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының екi орынбасары болады.

      17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.

      18. Осы мақсатта төраға:
      1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;
      2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелейдi;
      4) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
      5) Комитеттi мемлекеттiк органдарда, халықаралық және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
      6) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
      7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады