Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 ақпан N 182. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 185 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.04.2016 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан  Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
     1. Қоса берiлiп отырған Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк
мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi бекiтiлсiн.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.    

    Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Yкiметiнiң              
2000 жылғы 3 ақпандағы       
N 182 қаулысымен         
бекiтiлген             

Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi
ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан
түскен қаражатты пайдаланудың
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже қылмыстық-атқару жүйесiнiң (бұдан әрi - ҚАЖ) мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты қалыптастырудың, пайдаланудың және есепке алудың тәртібiн анықтайды.

2. Қызмет көрсетулерден және тауарлар сатудан
түскен қаражат

      2. ҚАЖ-дың мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан қаражат түсiру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сотталғандарға, қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларға тауарлар сату және ақылы қызмет көрсету есебiнен жүзеге асырылады.

3. Қызмет көрсетулерден және тауарлар сатудан түскен
қаражатты пайдалану тәртiбi

      3. ҚАЖ-дың мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарлар сатудан түскен қаражат мынадай бағыттар бойынша пайдаланылады:
      - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, мiндеттi аударымдар мен салықтарды ескере отырып, қосымша қызметтердi көрсету үшiн шарттық негiзде жұмысқа тартылған қызметкерлерге еңбекақы төлеуге;
      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға рұқсат берiлетiн тiзбе бойынша, осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген адамдардың мұқтаждары үшiн азық-түлiк өнiмдерiн, диеталық тамақ өнiмдерi, күнделiктi қажеттi заттар, газет және журналдар сатып алуға;
      - қосымша емдеу-профилактикалық және санитарлық-профилактикалық көмек көрсету үшiн дәрi-дәрмектер және медициналық мақсаттағы басқа да құралдар сатып алуға;
      - қосымша қызмет көрсету үшiн қажеттi ағымдағы шаруашылық мақсаттарға заттар мен материалдар сатып алуға;
      - тұрмыстық жағдайлары жақсартылған камералар, кездесу бөлмелерi мен дүкендер үшiн жұмсақ мүкәммал, жиhаздар және жабдықтар сатып алуға;
      - қосымша қызметтер көрсету үшiн қажеттi жабдықтар, ұйымдастырушылық және компьютерлiк техникалар сатып алуға;
      - коммуналдық қызметтерге, электр, жылу энергиясына, тұрмыстық жағдайлары жақсартылған камераларды, кездесу бөлмелерi мен дүкендердi ағымдағы және күрделi жөндеуден өткiзуге ақы төлеуге;
      - қосымша қызметтер көрсету кезiнде қажеттi байланыс қызметтерiне ақы төлеуге.

4. Қызмет көрсетулер мен тауарлар сатудан түскен
қаражатты есепке алу және есеп беру

     4. Қылмыстық-атқару жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң қызмет көрсетулерi мен тауарлар сатудан түскен қаражаты ҚАЖ-дың мемлекеттік мекемелерiнiң "Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаражат" ағымдағы шотына аударылады, қатаң түрде белгіленген мақсаттарға сай пайдаланылады, оған бюджеттiк қаражатқа билiк етуге құқық берiлген мемлекеттiк мекеменiң басшысы оларға иелiк етушi болып табылады.
      5. Қызмет көрсетулер мен тауарлар сатудан түскен қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі белгiлеген тәртiппен шығыстар сметасы жасалады және бекiтiледi.
      6. Қызмет көрсетулер мен тауарлар сатудан түскен қаражатты есепке алу және оларды пайдалану туралы есеп беру Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      7. ҚАЖ-дың мемлекеттiк мекемелерi көрсететiн ақылы қызметтердiң және сатылатын тауарлардың бағасын заңнамада белгіленген тәртіппен ҚАЖ-дың аумақтық басқару органдары бекiтедi.<*>
      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.08.18. N 820
қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады