Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 185 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 185 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызмет көрсетулер мен тауарларды сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы № 182 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 6, 59-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы атақтар берiлген қызметкерлерiнiң нысанды киiм үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1380 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 46, 470-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 ақпандағы № 182 және 2002 жылғы 8 тамыздағы № 884 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 820 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 335-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1380 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 2, 19-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң нысанды және арнайы киiм-кешектерiнiң үлгілерi мен заттай нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 қаулысы.
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 шілдедегі № 722 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1756 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады