"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласы әуежайы жолаушылар терминалын салудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Имсталькон" ашық акционерлiк қоғамының N 1 Алматы монтаждау фирмасы жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат шегінде маңызды стратегиялық мәнi бар ретінде Алматы қаласы әуежайы жолаушылар терминалының жаңа ғимаратын салу жөнiндегi тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.
2. Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі