Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 908 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      "Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 634 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 22, 198-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1123 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 399-құжат).

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Yкiметiнiң         
2003 жылғы 8 қыркүйектегi
N 908 қаулысымен     
бекiтiлген        

Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер
санатының тiзбесi

      1. Қызметтік жер үлесi тәртiбiмен берiлген учаскелердегi жер қатынастары Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 41-бабына  сәйкес реттеледi.

      2. Қызметтiк жер үлесiне қызметкерлердiң мынадай санаттарының құқығы бар:
      1) темiр жол көлiгiнiң желілік қызметкерлерi:
      жолдарды, көпiрлердi, құлайтын жерлер мен тоннельдерді тексерушiлер, жол айырығындағы кезекшiлер;
      жол жұмысшылары және құрылыстарды ағымдағы ұстау және жөндеу жөнiндегi жұмысшылар, жол бригадирлерi, техниктер;
      жол машиналары мен механизмдердiң механиктерi және механиктердiң көмекшiлерi, автодрезин, мототасығыш жүргiзушiлерi мен олардың көмекшiлерi, сондай-ақ жолдарды ағымдағы ұстаумен және жөндеумен айналысатын автомашиналар жүргiзушiлерi;
      аға жол шеберлерi, көпiр, жол және тоннель шеберлерi;
      қорғаныштық орман алқаағаштары қашықтығының орман дақылдары өндiрiстiк учаскелерiнiң шеберлерi, орманшылары, бастықтары, бригадирлерi, бригадир-механиктерi, автомашина жүргiзушiлерi, тракторшылары;
      кезекшi айырушылар, дабыл берушiлер, машинистер, машинистердiң көмекшiлерi, электромеханиктер, күл шығарушылар, тауар және билет кассирлерi, қож тазалаушылар;
      локомотив бригадасының демалыс үйлерiнiң және ауысым пункттерiнiң меңгерушiлерi мен кезекшiлерi;
      түрлi пункттерде тұратын локомотив машинистерi, олардың көмекшiлерi;
      электрмен жабдықтаудың желілік аудандарының қызметкерлерi;
      IV және V санаттардағы станциялардың электромеханик-бастықтары;
      бақылау-техникалық қызмет көрсету пункттерi жылжымалы құрамының қараушы-жөндеушілерi, операторлары, слесарлары;
      "ПОНАБ" және "ДИСК" аспаптарымен жабдықталған қауiпсiздiк посттары вагондарын қараушылар;
      сумен жабдықтау пункттерiнiң қызметкерлерi: сорғы станцияларының шеберлерi, бригадирлерi, слесарлары, автомашиналардың жүргiзушiлерi, электриктep, бульдозершiлер, экскаваторшылар, тракторшылар, ағаш шеберлерi, жабдықтаушылар, газ-электрмен дәнекерлеушiлер, токарьлар, от жағушылар;
      байланыстық желi аудандарының, тартқыш кiшi станцияларының бастықтары, электромеханиктерi, электромонтерлерi, автомотокөлiк жүргiзушілерi;
      орталықтандырылған дабыл беру және блоктaу (ОББ) электромеханиктерi;
      IV және V санаттар станциялары бойынша бастық пен кезекшiлер, поезд құрастырушылары мен олардың көмекшiлерi;
      жолдарда орналасқан мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен медпункттердiң, сауда нүктелерiнiң қызметкерлерi;
      2) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау қызметiнiң желiлiк қызметкерлерi;
      жол жұмысшылары, жөндеушiлер;
      көпiр қарауылдары;
      паромшылар;
      жол және көпiр шеберлерi;
      қардан қорғау және сәндiк ағаштар бойынша шеберлер және ағаш питомниктерiнiң қызметкерлерi;
      3) өзен және теңiз флотының қызметкерлерi:
      аға және қатардағы посттар мен жол жұмысшылары, кеме жағдайын хабарлаушылар;
      шамшырақтар мен гидротехникалық құрылыстардың қызметкерлерi;
      4) мемлекеттiк орманды қорғау қызметкерлерi:
      орманшылар, орман шеберлерi, қорықшылар, аға қорықшылар;
      орманшылардың көмекшiлерi, орманшылар, аңшылар;
      орманды күзету, қорғау, молайту және орман өcipу мәселелерiн жүргiзушi барлық санаттағы инженерлер;
      орман шаруашылығын жүргiзушi ұйымдардың бiрiншi жетекшiлерi мен олардың орынбасарлары;
      5) техникалық желi цехтары мен учаскелерiнiң, халықаралық байланыс және теледидар кабельдiк магистралы байланысы желiлiк торабының қызметкерлерi:
      кабельшi-дәнекерлеушiлер;
      6) су шаруашылығы жүйесi басқармасының, су қоймасының, бассейндiк су шаруашылығы бiрлестiктерi мен оларға теңестiрiлген, су шаруашылығы объектiлерiнде тiкелей тұратын және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер:
      учаскелiк гидротехниктер, гидроөлшегiштер, су техниктерi, қадағалаушылар, сондай-ақ су шаруашылығы объектiлерiне қызмет көрсету жөнiндегi басқа да мамандар (сорғы станцияларының машинистерi, электриктер);
      7) республикалық және жергілiктi маңызы бар, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар;
      8) ауыл шаруашылығының қызметкерлерi:
      шалғайдағы мал шаруашылығы фермаларының меңгерушiлерi, зоотехниктерi, ветеринарлары, табыншылары;
      табын айдау жолдарына қызмет көрсететiн егiс алқаптары мен баздардың қарауылдары;
      9) құбыр тарту көлiгiнiң қызметкерлерi:
      желiлiк тексерушілер;
      10) гидрометеорологиялық қызметтiң қызметкерлерi:
      гидрометеостанциялардың бастықтары;
      техник-метеорологтар;
      техник-гидрологтар;
      техник-агрометеорологтар;
      гидрометеопосттардың байқаушылары;
      қар өлшеу бағыттарының қызметкерлерi;
      11) балық шаруашылығының қызметкерлерi:
      балық жетекшiлерi;
      қарауылдар;
      тоған жұмысшылары;
      инкубация цехтарының жұмысшылары;
      сорғы станцияларының машинистерi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады