Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 23 мамыр N 634. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.08. N 908 қаулысымен.

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123
қаулысымен .
      1. Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар қызметкерлер санатының қоса берiлiп отырған Тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Мыналар:
      "Су шаруашылығының мұқтажына арналған жерлердi, автомобиль жолдарының бөлiп берiлетiн белдеулерiн, iшкi су жолдарының жағалаулық белдеулерiн және қызметтiк жер үлесiне арналған жерлердi бөлiп беру мен пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан КСР Министрлер Кеңесiнiң 1962 жылғы 25 қыркүйектегi N 711 қаулысы;
      "Қызметiне байланысты, ереже бойынша, елдi мекеннен шалғай тұруға тиiстi жұмысшылар мен қызметкерлерге қызметтiк жер үлестерiн бөлiп берудiң нормалары мен тәртiбi жөнiндегi Ереженiң күшiн мемлекеттiк қорықтар мен аңшылық шаруашылықтар қызметкерлерiне қолдану туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1964 жылғы 27 наурыздағы N 208 қаулысы;
      "қызметiне байланысты, ереже бойынша, елдi мекеннен шалғай тұруға тиiстi жұмысшылар мен қызметкерлерге қызметтiк жер үлестерiн бөлiп берудiң нормалары мен тәртiбi жөнiндегi Ереженiң күшiн темiр жол көлiгiнiң механикаландырылған қашықтық және тиеу-түсiру жұмыстары өндiрiстiк учаскелерiнiң қызметкерлерiне қолдану туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1967 жылғы 19 маусымдағы N 455 қаулысы (ҚазКСР ҚЖ, 1967 ж., N 3, 25-бап) күшiн жойған деп танылсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң               
1996 жылғы 23 мамырдағы        
N 634 қаулысымен            
Бекiтiлген                

             Қызметтiк жер үлесiне құқығы бар
                  қызметкерлер санатының
                        Тiзбесi

      1. Қызметтiк жер үлесi жердi уақытша ұзақ мерзiмге пайдаланудың ерекше бiр түрi болып табылады және ол жер үлесiне құқығы бар адамдар жұмыс iстейтiн заңды ұйымның жер пайдалануындағы мемлекеттік жерлерден бөлiнедi. Қызметтiк жер үлестерi қызметтiк тұрғын үйге қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, шабындық және мал жайылымы үшiн берiледi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123
қаулысымен
      2. Қызметтiк жер үлесi тәртiбiмен берiлген учаскелердегi жер қатынастары "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңының 32-бабына сәйкес реттеледi.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123
қаулысымен .
      3. Қызметтiк жер үлесiне қызметкерлердiң мына санаттарының:
      1) темiр жол көлiгiнiң желiлiк қызметкерлерi:
      жолдарды, көпiрлердi, құлайтын жерлер мен тоннельдердi тексерушiлердiң, жол айырығындағы кезекшiлердiң;
      жол жұмысшылары және ғимараттарды күнделiктi ұстау, жөндеу жөнiндегi жұмысшылардың, жол бригадирлерiнiң, техниктердiң;
      жол машиналары мен механизмдерi механиктерiнiң және механиктер көмекшiлерiнiң, автодрезин, мототасығыш жүргiзушiлерi мен олардың көмекшiлерiнiң, сондай-ақ жолдарды күнделiктi ұстау мен жөндеуде пайдаланылатын автомашиналар жүргiзушiлерiнiң;
      аға жол шеберлерiнiң, көпiр, жол және тоннель шеберлерiнiң;
      қорғаныштық орман алқаағаштары қашықтығының орман дақылдары өндiрiстiк учаскелерi шеберлерiнiң, орманшыларының, бастықтарының, бригадирлерiнiң, бригадир-механиктерiнiң, автомашина жүргiзушiлерiнiң, тракторшыларының;
      кезекшi айырушылардың, белгi берушiлердiң, машинистердiң, машинистер көмекшiлерiнiң, электромеханиктердiң, күл шығарушылардың, тауар және билет кассирлерiнiң, қож тазалаушылардың;
      локомотив бригадасының демалыс үйлерi және ауысым пункттерi меңгерушiлерiнiң, кезекшiлерi мен қызмет көрсетушiлерiнiң;
      түрлi пункттерде тұратын локомотив машинистерiнiң, олардың көмекшiлерiнiң;
      электрмен жабдықтаудың жүйелiк аудандары қызметкерлерiнiң;
      IV және V-санаттардағы станциялар электромеханик-бастықтарының;
      бақылау техникалық қызмет көрсету пункттерi жылжымалы құрамының қараушы-жөндеушiлерi, операторлары, слесарларының;
      "ПОНАБ" және "ДИСК" приборларымен жабдықталған қауiпсiздiк посттары вагондарын қараушылардың;
      сумен жабдықтау пунктi қызметкерлерiнiң: насос станциялары шеберлерiнiң, бригадирлерiнiң, слесарларының, автомашиналар жүргiзушiлерiнiң, электриктердiң, бульдозершiлердiң, экскаваторшылардың, тракторшылардың, ағаш шеберлерiнiң, жабдықтаушылардың, газ-электрмен дәнекерлеушiлердiң, токарьлардың, от жағушылардың;
      байланыстық жүйе аудандарының, поезд подстанциялары
бастықтарының, электромеханиктерiнiң, электромонтерлерiнiң, автомотокөлiк жүргiзушiлерiнiң;
     орталықтандыру және блокадалаудың белгi беру (ОББ) электромеханиктерiнiң;
     IV және V-санаттар станцияларының бастықтары мен кезекшiлерiнiң, поезд құрастырушылары мен олардың көмекшiлерiнiң;
     жолдарда орналасқан мектепке дейiнгi балалар мекемелерi мен медпункттер, сауда нүктелерi қызметкерлерiнiң;
     2) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау қызметiнiң жол қызметкерлерi;
     жол жұмысшыларының, жөндеу монтерлерiнiң;
     көпiр қарауылдарының;
     салышылардың (паромщики);
     жол және көпiр шеберлерiнiң;
     қардан қорғау және сәндiк ағаштар жөнiндегi шеберлердiң және
ағаш питомниктерi қызметкерлерiнiң;
     3) өзен және теңiз флотының қызметкерлерi:
     аға және қатардағы посттар мен жол жұмысшыларының, кеме жағдайын хабарлаушылардың;
     шамшырақтар мен гидротехникалық ғимараттар қызметкерлерiнiң;
     4) орман шаруашылығының қызметкерлерi:
     орманшылардың, орман шеберлерiнiң, егерлердiң (егеря);
     орманшылар көмекшiлерiнiң, орманшылардың;
     5) жол-техникалық цехтары мен учаскелердiң, халықаралық байланыс және телевидениенiң кабельдiк магистралi жүйелiк байланыс торабы қызметкерлерi:
     кабельшi-дәнекерлеушiлердiң;
     6) су шаруашылығы жүйесi басқармасының, су қоймасының, бассейiндiк су шаруашылығы бiрлестiктерi мен оларға теңестiрiлген, су шаруашылығы объектiлерiнде тiкелей тұратын және өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаратын қызметкерлер:
     учаскелiк гидротехниктердiң, гидроөлшегiштердiң, су техниктерiнiң, қадағалаушыларының, сондай-ақ су шаруашылығы объектiлерiнде қызмет көрсету жөнiндегi басқа да мамандардың (насос станциялары машинистерiнiң, электриктердiң);
     7) мемлекеттiк табиғат қорықтары, ұлттық табиғат парктерi мен мемлекеттiк табиғат заказниктерi және басқа да айрықша қорғалатын аумақтар қызметкерлерi:
     аға егерлердiң, егерлердiң, орманшылардың, аға инспекторлардың, инспекторлардың, тоғай қызметкерлерiнiң;
     8) аңшылық шаруашылықтарының қызметкерлерi:
     аға егерлердiң, егерлердiң;
     балық жетекшiлерiнiң;
     кастеляншалардың, тазалаушылардың, жұмысшылардың, қарауылдардың;
     9) ауыл шаруашылығының қызметкерлерi:
     шалғайдағы мал шаруашылығы формалары меңгерушiлерiнiң,
зоотехниктердiң, мал дәрiгерлерiнiң, табыншылардың;
     табын айдау жолдарына қызмет көрсететiн егiс алқаптары мен базалар қарауылдарының;
     10) труба тарту көлiгiнiң қызметкерлерi:
     желiлiк тексерушiлердiң;
     11) гидрометеорологиялық қызметтiң қызметкерлерi:
     гидрометеостанциялар бастықтарының;
     техник-метеорологтардың;
     техник-гидрологтардың;
     техник-агрометеорологтардың;
     гидрометеопосттар байқаушыларының;
     12) балық шаруашылығы қызметкерлерi:
     балық жетекшiлерiнiң;
     қарауылдарының;
     тоған жұмысшыларының;
     инкубация цехтары жұмысшыларының;
     насос станциялары машинистерiнiң құқығы бар.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады