Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу және кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 108 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Әлеуметтік серiктестiк пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерiстер енгізілсiн:
      Әлеуметтік серiктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметі өкiлдерiнiң құрамына

Марченко                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александрович         Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
                               төраға

      болып енгiзілсiн.
      1-тармақта:
      көрсетiлген құрамнан Александр Сергеевич Павлов шығарылсын.

      2. Қоса берiліп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерінiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметінің    
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 108 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешімдерiнiң
Тізбесі

      1. "Кедейлiкті азайту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 қаулысы .

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 1618 қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 3 сәуiрдегі N 397 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 12-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 19 мамырдағы N 459 қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 305 және 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 17 қазандағы N 1061 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады