"Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамына кредит ресурстарын беру шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1105 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстанның Даму Банкі" (бұдан әрі - Даму Банкi) акционерлік қоғамына "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 35-1-бабына сәйкес 080 "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ кредиттiк ресурстар беру" бағдарламасы бойынша 4300000000 (төрт миллиард үш жүз миллион) теңге сомасында кредиттік ресурстар (бұдан әрi - Кредит) берілсін.

      2. Даму Банкiне Кредит берудiң мынадай шарттары айқындалсын:
      1) Кредит Даму Банкіне жылдық 0,1%-ға (нөл бүтiн оннан бір пайызға) тең сыйақы ставкасы бойынша 15 (он бес) жыл мерзiмге жеделдік, ақылық және қайтарымды шарттарымен берiледi;
      2) Даму Банкiне Кредит берудiң мақсаты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 қыркүйектегi N 1187 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамының 2001-2003 жылдар кезеңiне арналған кредит саясаты туралы меморандумда белгiленген экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларға кредит беру ставкасын төмендету болып табылады;
      3) кредит шартының тараптары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржы министрлiгi), Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi (бұдан әрі - Әкiмшi) және Даму Банкi болып табылады;
      4) Кредит бойынша негiзгi борышты өтеуді Даму Банкi осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мерзiмнiң соңында бiр жолға жүзеге асырады;
      5) Кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу 2004 жылдан бастап жарты жылдық мерзiмдiлiкпен жүзеге асырылады;
      6) республикалық бюджеттен Кредит бөлудi Әкiмшiнiң өтiнiмi негiзiнде Кредит сомасын Әкiмшiнiң бюджеттiк шотынан Даму Банкiнiң корреспонденттiк шотына бiр жолғы аудару жолымен Қаржы министрлiгi жүзеге асырады;
      7) Кредит Әкiмшiнiң бюджеттiк шотынан қаражат алынған сәттен бастап игерiлдi деп саналады;
      8) Кредит қаражатын экспорттық операцияларға кредит беруге жұмсауға болмайды.

      3. Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген кредит шартының жасалуын қамтамасыз етсiн.

      4. Кpeдиттiң игерiлуiн, мақсатты пайдаланылуын, республикалық бюджетке уақтылы және толық өтелуiн бақылауды Қаржы министрлiгi мен Әкiмшi жүзеге асырады.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады