Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қытай Халық Республикасының Үкіметiне iзгiлiк көмек беруі туралы хат алмасу нысанында келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1107 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қытай Халық Республикасының Үкiметiне iзгiлiк көмек беруi туралы хат алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиевке Келiсiмнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат ете отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қытай Халық Республикасының Үкiметiне iзгiлiк көмек беруi туралы хат алмасу нысанында келiсiм жасасуға өкілеттік берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба 

Қытай Халық Республикасының 
Коммерция министрi 
Лю Фуюань мырзаға

      Жоғары мәртебелiм,
      Осымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Тараптардың достық келiссөздер нәтижесiнде мына төмендегiлер туралы уағдаласқанын хабарлау мәртебесiне ие болып отырмын:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қытай Халық Республикасының Үкiметiне 80 мың АҚШ доллары сомасында дәрілiк заттар мен медициналық жабдықтар сатып алу нысанында iзгiлiк көмек көрсетедi.
      Егер Сiз жоғарыда баяндалғандарды жауап хатыңызбен растайтын болсаңыз, онда осы хат пен Сiздiң жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қытай Халық Республикасының Үкiметiне iзгiлiк көмек беруi туралы келiсiм болып саналады, ол осы Келiсiмнiң күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енедi.
      Жағдайды пайдалана отырып, өзiмнiң Сiзге деген жоғары құрметiмдi тағы да білдiремiн.

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрi 
Ж. Досқалиев мырза 
 
Астана қаласы 2003 жылғы "___" ________ 

жоба 

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрi 
Ж. Досқалиев мырзаға 

      Жоғары мәртебелiм,
      Осымен Сiздiң 2003 жылғы "___" ________ мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды хабарлау мәртебесiне ие болып отырмын:
      "Осымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Тараптардың достық келiссөздер нәтижесiнде мына төмендегiлер туралы уағдаласқанын хабарлау мәртебесiне ие болып отырмын:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қытай Халық Республикасының Үкiметiне 80 мың АҚШ доллары сомасында дәрiлiк заттар мен медициналық жабдықтар сатып алу нысанында iзгiлiк көмек көрсетедi.
      Егер Сiз жоғарыда баяндалғандарды жауап хатыңызбен растайтын болсаңыз, онда осы хат пен Сiздiң жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қытай Халық Республикасының Үкіметiне iзгiлiк көмек беруi туралы келiсiм болып саналады, ол осы Келiсiмнiң күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енедi".
      Осымен Қытай Халық Республикасының Үкiметi атынан жоғарыда баяндалғандармен келiсетiнiмдi және осы жауап хат пен Сiздiң хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қытай Халық Республикасының Үкiметiне iзгiлiк көмек беруi туралы келiсiм болып саналатынын, ол осы Келiсiмнiң күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енетiнiн растау мәртебесiне ие болып отырмын.
      Жағдайды пайдалана отырып өзiмнiң, Сiзге деген жоғары құрметiмдi тағы да бiлдіремiн.

Қытай Халық Республикасының 
Коммерция министрi 
Лю Фуюань мырза 
 
2003 жылғы "___" ________ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады