Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен Пәкстан Ислам Республикасының Қоршаған орта министрлiгi арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға келiсiм берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi мен Пәкстан Ислам Республикасының Қоршаған орта министрлiгi арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
ынтымақтастық туралы
Келісім
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Пәкстан Ислам Республикасының Қоршаған орта министрлiгi,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына адалдығын растай отырып,
екi мемлекет арасындағы достық қатынастарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрi кеңейтудi ескере отырып,
қазiргi және келешек ұрпақтар алдындағы экологиялық бүлiншiлiктер мен апаттардың, табиғи орта тозуының алдын алу мен экологиялық зиянсыз өмiр сүру аймағын құру жөнiндегi өз жауапкершілiктерiн түйсiне отырып,
Қазақстан Республикасының және Пәкстан Ислам Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық заңнамасын назарға ала отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес нақты ынтымақтастық бағдарламаларын қабылдау жолымен теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негізiнде жүзеге асыратын болады.
2-бап
Ынтымақтастық мынадай негізгі салаларда жүзеге асырылады:
атмосфера мен топырақты ластанудан қорғау;
су жүйелерiн зерттеу, ұтымды пайдалану, қорғау және күзету;
ұлттық парктердiң рекреациялық пайдаланылуын реттеу;
қоршаған табиғи ортаны радиациялық ластанудан қорғау;
биологиялық әртүрліліктi сақтау, сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн, олардың тiршiлiк орнын зерделеу және құтқару жобаларын әзiрлеу әрi жүзеге асыру;
топырақты қорғау және жер ресурстарын ұтымды пайдалану;
орманды қорғау, күзету және орман ресурстарын ұтымды пайдалану;
қоршаған орта ластануының экологиялық-генетикалық салдарын зерттеу;
қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;
қоршаған орта ластануының климатқа әсерi;
қалалар мен елдi мекендердегi қоршаған ортаны жақсарту;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық реттеу мен басқару мәселелерi;
табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын экономикалық реттеу;
қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту;
экологиялық сараптау, экологиялық болжамдау мен жобалаудың әдiснамалық тұрғылары;
қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы тиiстi нормативтiк- әдiстемелiк құжаттамаға экологиялық нормативтер мен ережелердi әзiрлеу.
3-бап
Ынтымақтастық мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:
қоршаған ортаны қорғау және жақсарту жөнiндегi шараларды бiрлесе отырып iске асыру;
Тараптар мемлекеттерiнiң қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-техникалық құжаттамасымен және ақпаратпен, сондай-ақ нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен алмасу.
4-бап
Ынтымақтастық пен бiрлескен жобаларды iске асырудың қаржылық шарттары Тараптардың бюджеттiк мүмкiндiктерi шеңберiнде әрбiр жекелеген жағдайда қарастырылады.
5-бап
Ынтымақтастың нәтижелерiн құқықтық қорғау және пайдалану мәселелерi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес шешiледi.
6-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану кезiнде алынған ынтымақтастық нәтижелерi үшiншi мемлекеттерге, олардың заңды немесе жеке тұлғаларына Тараптардың жазбаша келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн.
7-бап
Осы Келiсiм олар қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
8-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсуiмен осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
9-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешетiн болады.
10-бап
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Келiсiм 5 жыл мерзiмге жасалды. Тараптардың ешқайсысы Келiсiм қолданылатын тиiстi 5 жылдық кезеңнiң аяқталуына алты ай қалғанда өзiнiң осы Келiсiмдi тоқтату туралы ниетiн жазбаша нысанда бiлдiрмеген жағдайда, оның қолданылуы келесi 5 жылдық кезеңге ұзартылады.
2003 жылғы "__"_______________ ____________________ қаласында әрқайсысы қазақ, урду, ағылшын және орыс тiлдерiндегi екi түпнұсқа данада жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнiне жүгiнетiн болады.
Қазақстан Пәкстан
Республикасының Ислам Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау Қоршаған орта
министрлігі үшін министрлiгi үшiн