Маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 1275 қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Shеаrman & Sterling" және "King & Spalding" компаниялары Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiмдi одан әрi iске асыруға байланысты даулы мәселелер бойынша тәуелсiз заңи сараптамалар жүргiзу жөнiндегi маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi берушiлер болып белгiленсiн.

      2. "Bayphase International Ltd." компаниясы:
      "Қашаған" кен орнының қорларын есептеудi жүргiзу;
      "Қашаған" кен орнын игеру жоспарының жобасында және игеру бюджетiнде Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша Мердiгер ұсынған негiзгi параметрлердi бағалау және талдау;
      Басқарушы Комитет бекiтпеген 1998-2000 жылдардағы кезең үшiн Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша Мұнай Операцияларының Шоттарын тексеру жөнiнде маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтер көрсетудi берушi болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-пен бiрлесiп (келiсiм бойынша), заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген компаниялармен қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес қызметтер көрсетудi сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      жүргiзiлген тәуелсiз сараптамаларды ескере отырып, Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша Мердiгермен келiссөздер жүргiзу нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етудi;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi В.С. Школьникке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады