Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1323 қаулысы

      "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына , "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Шанхай ынтымақтастық ұйымының тұрақты жұмыс істейтін органдарын техникалық іске қосу кезеңіне (2003 жылғы 1 қараша - 31 желтоқсан) Қазақстан Республикасының үлестік жарнасын енгізу үшін 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төлем күніне белгіленген бағам бойынша 20874 (жиырма мың сегіз жүз жетпіс төрт) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлінсін.
 

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады