Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы N 150п қаулысы

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 339-қосымшада:
      "бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
      5-бағанда:
      "фильмдерді" деген сөзден кейін ", бейне-роликтерді, телебағдарламалар мен мультфильмдерді жасай және" деген сөздермен толықтырылсын;
      "медициналық жабдықтармен" деген сөздерден кейін ", 32 бірлік санында бейнеаппаратурамен (теледидарлар - 16 дана, бейнемагнитафондар - 16 дана)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "техникалық тапсырманы және бағдарламалық қамтамсыз етуді әзірлеу" деген сөздерден кейін ", деректерді бұдан кейін абоненттік төлеммен берудің ведомстволық желісін ұйымдастыру, компьютерлік жабдыққа құрамдас бөліктерді сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      "1500" деген сандар "2836" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады