Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасында 1993 жылғы 15 қазанда Брюссельде алдын ала қол қойылған және 1999 жылғы 29 қарашада алдын ала қол қойылған Хаттар алмасу нысанындағы келiсiммен өзгертілген Еуропа Экономикалық қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы жөнiндегі келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы Хаттар алмасу нысанындағы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 ақпандағы N 122 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасындағы 1993 жылғы 15 қазанда Брюссельде алдын ала қол қойылған және - 1999 жылғы 29 қарашада алдын ала қол қойылған Хаттар алмасу нысанындағы келiсiммен өзгертілген Еуропа Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы жөнiндегi келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы Хаттар алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдiгiндегi Төтенше және Өкiлетті Елшiсi Константин Васильевич Жигаловқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасында 1993 жылғы 15 қазанда Брюссельде алдын ала қол қойылған және 1999 жылғы 29 қарашада алдын ала қол қойылған Хаттар алмасу нысанындағы келiсiммен өзгертiлген Еуропа Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Тоқыма бұйымдарының саудасы жөнiндегi келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы Хаттар алмасу нысанындағы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Жоба

Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы
арасында 1993 жылғы 15 қазанда Брюссельде
алдын ала қол қойылған және 1999 жылғы
29 қарашада алдын ала қол қойылған Хаттар
алмасу нысанындағы келiсiммен өзгертілген
Еуропа Экономикалық Қоғамдастығы мен
Қазақстан Республикасы арасындағы Тоқыма
бұйымдарының саудасы жөнiндегi келiсiмге
өзгерiстер енгiзу туралы Хаттар алмасу
нысанындағы келiсiм

      А. Еуропа Одағы Кеңесiнiң хаты

      Құрметтi мырза,

      1. Осы 1999 жылғы 29 қарашада алдын ала қол қойылған Хаттар алмасу нысанындағы келiсiмге (бұдан әрі - "Келiсiм") соңғы өзгерiстерге сәйкес 1993 жылғы 15 қазанда алдын ала қол қойылған Еуропа Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Тоқыма бұйымдары саудасы жөнiндегi келiсiмге сілтеме жасау құрметiне ие болып отырмын.
      2. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi 2003 жылғы 31 желтоқсанда аяқталуына байланысты, сондай-ақ Келiсiмнiң 20 (4)-бабына сәйкес Еуропа Қоғамдастығы мынадай өзгерiстер мен шарттарды ескере отырып, осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiн бұдан әрі бір жыл мерзiмге ұзартуды ұсынады:
      2.1. Келiсiмнiң 1-бабына жататын өнiмдер баяндалған 1-қосымша осы хатқа 1-қосымшамен ауыстырылды.
      2.2. Келiсiмнiң 20-бабының 1-параграфының екiншi және үшiншi сөйлемдерi мыналармен ауыстырылады:
      "Осы Келiсiм 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады".
      2.3. 1, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 санатындағы тоқыма бұйымдары Келiсiмнiң 2 (3)-бабына сәйкес қосарлы бақылау жүйесiнен алынып тасталды және А хаттамасында айқындалған. Егер ағымдағы жылы тоқымалардың осы санатындағы өнiмнiң импорт деңгейi Келiсiмнiң 5 (2)-бабында көрсетiлген нормалардан асып кетсе, қосарлы бақылау жүйесi өздiгiнен көрсетілген санаттарға қатысты қайта енгiзiлетiн болады.
      3. Осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға мүше болатынына не болмайтынына қарамастан, 2 (2)-ден 2 (5) аралығындағы, 3, 6, 7, 8, 9, 11-ден 19 аралығындағы баптардың, А хаттамасының, B хаттамасының, С хаттамасының, N 1 хаттаманың, N 2 хаттаманың N 3 хаттаманың ережелерi ДСҰ-ның Тоқыма бұйымдары мен киiм жөнiндегі келiсiмнiң 2(17)-бабының маңызы шеңберiнде әкiмшiлiк келiсiмдер ретiнде қолданылуы тиiс.
      4. Егер Сiз жоғарыда аталған ұсыныстарды Сiздiң Yкiметiңiздiң қабылдағанын растай алсаңыз ризашылығымды білдiрген болар едім. Осы хат қосымшасымен және Сiздiң қабылдау туралы хатыңызбен бiрге Тараптар қажеттi құқықтық рәсімдердің аяқталғаны туралы бір-бірін хабардар еткен күннен кейiн айдың бiрiншi күнi күшiне енетін Хаттар алмасу нысанындағы келiсiмдi құрайтын болады. Оған дейiн ол өзара алмасу шартымен қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады.

      Сiзге деген терең құрмет сезiмiмдi қабыл алыңыз.

      Еуропа Одағы Кеңесi үшiн

      В. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң хаты

      Құрметтi мырза,

      Сiздiң ..................... хатыңызды алғандығым туралы хабарлау құрметiне ие болып отырмын.

      "Құрметті мырза,

      1. Осы 1999 жылғы 29 қарашада алдын ала қол қойылған Хаттар алмасу нысанындағы келiсiмге (бұдан әрі - "Келiсiм") соңғы өзгерiстерге сәйкес 1993 жылғы 15 қазанда алдын ала қол қойылған Еуропа Экономикалық Қоғамдастығы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Тоқыма бұйымдары саудасы жөнiндегі келiсiмге сiлтеме жасау құрметiне ие болып отырмын.
      2. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi 2003 жылғы 31 желтоқсанда аяқталуына байланысты, сондай-ақ Келiсiмнiң 20 (4)-бабына сәйкес Еуропа Қоғамдастығы мынадай өзгерiстер мен шарттарды ескере отырып, осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiн бұдан әрі бір жыл мерзiмге ұзартуды ұсынады:
      2.1. Келiсiмнiң 1-бабына жататын өнiмдер баяндалған 1-қосымша осы хатқа 1-қосымшамен ауыстырылды.
      2.2. Келiсiмнiң 20-бабының 1-параграфының екiншi және үшiншi сөйлемдерi мыналармен ауыстырылады:
      "Осы Келiсiм 2004 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады".
      2.3. 1, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 санатындағы тоқыма бұйымдары Келiсiмнiң 2 (3)-бабына сәйкес қосарлы бақылау жүйесiнен алынып тасталды және А хаттамасында айқындалған. Егер ағымдағы жылы тоқымалардың осы санатындағы өнiмнiң импорт деңгейi Келiсiмнiң 5 (2)-бабында көрсетiлген нормалардан асып кетсе, қосарлы бақылау жүйесi өздiгiнен көрсетілген санаттарға қатысты қайта енгiзiлетiн болады.
      3. Осы Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін Қазақстан Pecпубликасы ДСҰ-ға мүше болатынына не болмайтынына қарамастан, 2 (2)-ден 2 (5) аралығындағы, 3, 6, 7, 8, 9, 11-ден 19 аралығындағы баптардың, А хаттамасының, В хаттамасының, С хаттамасының, N 1 хаттаманың, N 2 хаттаманың, N 3 хаттаманың ережелерi ДСҰ-ның Тоқыма бұйымдары мен киiм жөніндегi келiсiмнiң 2 (17)-бабының маңызы шеңберiнде әкiмшiлiк келiсiмдер ретiнде қолданылуы тиiс.
      4. Егер Сiз жоғарыда аталған ұсыныстарды Сiздiң Үкiметiңiздiң қабылдағанын растай алсаңыз ризашылығымды бiлдiрген болар едiм. Осы хат қосымшасымен және Сiздiң қабылдау туралы хатыңызбен бiрге Тараптар қажеттi құқықтық рәсiмдердiң аяқталғаны туралы бiр-бiрiн хабардар еткен күннен кейiн айдың бiрiншi күнi күшiне енетiн Хаттар алмасу нысанындағы келiсiмдi құрайтын болады. Оған дейiн ол өзара алмасу шартымен қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады.

      Сiзге деген терең құрмет сезiмiмдi қабыл алыңыз".

      Қазақстан Республикасының Үкiметi осы хаттың мазмұнымен келiсетiндiгiн растау құрметiне ие болып отырмын.

      Менiң Сiзге деген терең құрметiме сенуiңiздi сұраймын.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады