Акционерлiк қоғамның үлгі жарғысын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 142 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі N 852 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.16 N 852 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Акционерлiк қоғамның үлгi жарғысы бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2004 жылғы 6 ақпандағы
N 142 қаулысымен   
бекiтiлген     

Акционерлік қоғамның үлгі жарғысы

        1. Жалпы ережелер

      1. _________________________________ акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - қоғам) осы Жарғысы* оның атауын, орналасқан жерiн, оның органдарын құру тәртiбi мен құзыретiн, оны қайта ұйымдастыру мен қызметiн тоқтату шарттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да ережелердi айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
            2. Қоғамның толық атауы:
      1) мемлекеттік тiлде: ___________________________;
      2) орыс тiлiнде: ________________________________.
      3. Қоғамның қысқартылған атауы:
      1) мемлекеттiк тілде: ___________________________;
      2) орыс тiлiнде: ________________________________.
      4. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жерi: ______.

2. Қоғамның заңдық мәртебесi

      5. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктiк шоттары болады, ол өз атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтарды сатып алады және жүзеге асыра алады, мiндеттер атқарады, сотта талап қояды және жауап бередi.
      6. Қоғамның өз атауы және өзге де деректемелерi жазылған, оның қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi мөрi және бланкiлерi болады.
      7. Қоғам өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
      8. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқығы.
      9. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртіппен оның мекен-жайынан тысқары орналасқан, заңды тұлғалар болып табылмайтын және олар туралы Ереже негiзiнде өз атынан және қоғамның тапсыруы бойынша филиалдар (өкiлдiктер) құруға құқылы.

3. Қоғамның және акционерлердің жауапкершiлiгi

      10. Қоғам өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапкершiлiк атқарады.
      11. Қоғам өз акционерлерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiк атқармайды. Акционерлер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, қоғам мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өздерiне тиесiлi акциялар құны шегiнде қоғам қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.
      12. Қоғам мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты оның мiндеттемелерi бойынша мемлекет жауап бермейдi.

4. Қоғам қызметінің негiзгi түрлері

      13. Негiзгi қызмет түрлерi мыналар болып табылады: _________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________.

5. Қоғамның мүлкi және капиталы

      14. Қоғамның мүлкi мыналардың есебiнен құралады:
      1) акционерлер қоғам акцияларына ақы төлеуге берген мүлiк;
      2) оның қызметi нәтижесiнде алынған кiрiстер;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған негiздер бойынша сатып алынатын өзге де мүлiк.
      15. алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      16. алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

6. Акциялар, облигациялар.
Бағалы қағаздарды орналастыру шарттары

      17. Қоғам жай акцияларды не жай және артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
      18. алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      19. алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      20. Жай акция дауыс беруге енгiзiлетiн барлық мәселелердi шешкен кезде акционерге акционерлердiң жалпы жиналысына дауыс беру құқығымен қатысу құқығын, акционерлердiң жалпы жиналысының тиiстi шешiмi негiзiнде қоғамда таза кiрiс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын бередi.
      Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жыл/тоқсан/жарты жылдық (қажеттісінің астын сызу) қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      21. Қоғамның артықшылықты акциясы оның иесiне:
      акционерлер, жай акцияларды ұстаушылар алдында ____________ мөлшерінде (артықшылықты акция бойынша белгiленген түрдегi немесе оның мәнi реттелетiн және жалпыға ортақ қол жетерлiктей болған кезде қандай да бiр көрсеткiшке қатысты индекстеумен дивидендтiң кепiлдi мөлшерi көрсетiледi) дивидендтер алуға басым құқық бередi;
      қоғам таратылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мүлiктiң бiр бөлiгiне құқық бередi.
      Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу кезеңдiлiгi _________.
      Артықшылықты акция акционерге:
      1) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы шешiмi артықшылықты акцияларды иеленетiн акционердің құқығын шектеуi ықтимал мәселенi қараған жағдайда. Мұндай мәселе бойынша шешiм шектеудi жақтап орналастырылған (сатып алынғандарды шегергенде) артықшылықты акциялардың жалпы санының үштен екiсiнен кем емес дауыс берген жағдайда қабылданды деп саналады;
      2) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселе қарағанда;
      3) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшiн белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап үш айдың iшiнде толық көлемде төленбеген жағдайларды қоспағанда, қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейдi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      22. Акцияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу, сондай-ақ жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу шарттары мен тәртiбi акцияларды шығару проспектiсiнде белгiленедi.
      23. Акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерiнiң тiзбесi "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрi - Заң) белгiленедi.
      24. Қоғам айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы.
      25. Қоғам қосымша қаражат тарту үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығаруға құқылы.
      Облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу, олар бойынша сыйақы төлеу, облигацияларды өтеу және оларды сатудан түскен қаражатты пайдалану шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында және облигацияларды шығару проспектiсiнде айқындалады.

7. Таза кiрiстi бөлу тәртiбi.
Акциялар бойынша дивидендтер

      26. Қоғамның таза кiрiсi (салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн) қоғамның басқаруында қалады және акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiмен айқындалған тәртiппен, оның iшiнде дивидендтер төлеуге бөлiнедi. Қалған бөлiгi қоғамды дамытуға немесе акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiнде көзделген өзге де мақсаттарға жiберiледi.
      Акционерлердiң жалпы жиналысы жыл қорытындысымен жай акциялар бойынша дивидендтер төлеудiң мақсатқа сай еместiгi туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу осы Жарғының 27-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, қоғам органының шешiмiн талап етпейдi.
      Орналастырылмаған немесе қоғамның өзі сатып алған акциялар бойынша, сондай-ақ, егер сот немесе акционерлердің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім шығарса, дивидендтер есептелмейді және төленбейді.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      27. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:
      1) меншiктi капиталының мөлшерi терiс болған кезде немесе қоғамның меншiктi капиталының мөлшерi оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесiнде терiс болғанда;
      2) егер ол Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем жасауға қабiлетсiздiк немесе дәрменсiздiк белгілерiне жауап берсе не көрсетiлген белгiлер оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесiнде пайда болса;
      3) дивидендтер есептеуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

8. Қоғамның органдары

      28. Қоғамның органдары:
      1) жоғары орган - акционерлердiң жалпы жиналысы (егер қоғам акцияларының барлық дауыс беретiн акциялары бiр акционерге тиесiлi болса - осы акционер);
      2) басқару органы - директорлар кеңесi;
      3) атқарушы органы - басқарма немесе атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға (Атқарушы директор);
      4) алынып тасталды - 2005.12.23. N 1282 қаулысымен.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      29. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мынадай мәселелер жатқызылады:
      1) қоғамның жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе оны жаңа редакциямен бекiту;
      1-1) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
      2) қоғамды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
      3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;
      4) есеп комиссиясының сандық құрамын және өкiлеттiк мерзiмiн айқындау, оның мүшелерiн сайлау және олардың өкiлеттігiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;
      5) директорлар кеңесiнiң сандық құрамын, өкiлеттiк мерзiмiн айқындау, оның мүшелерiн сайлау және олардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу мөлшерi мен шарттарын айқындау;
      6) қоғам аудитiн жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
      7) жылдық қаржылық есептi бекiту;
      8) қоғамның есептi қаржылық жылдағы таза кiрiсiн бөлу тәртібiн бекiту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылдау және қоғамның бiр жай акциясына есептегенде жыл қорытындысы бойынша дивиденд мөлшерiн бекiту;
      9) Заңның 21-бабының 5-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешiм қабылдауы;
      10) қоғамға тиесiлi барлық активтердiң жиынтығында жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру арқылы өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қоғамның қатысуы туралы шешім қабылдау;
      11) алынып тасталды - 2005.12.23. N 1282 қаулысымен.
      12) алынып тасталды - 2005.12.23. N 1282 қаулысымен.
      13) қоғамның акционерлерге акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлау нысанын айқындау және осындай ақпаратты баспасөз басылымында орналастыру туралы шешiм қабылдау;
      14) қоғам акцияларды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына сәйкес сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдiстемесiн бекіту;
      15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртiбiн бекiту;
      16) акционерлерге қоғамның қызметi туралы ақпарат беру тәртiбiн айқындау, егер осындай тәртiп қоғамның жарғысында айқындалмаса;
      17) "алтын акцияны" енгiзу және жою;
      18) шешiмiн қабылдау Заңмен және осы жарғымен акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған өзге де мәселелер.
      Жалпы жиналыстың шешiмдерi мына мәселелер бойынша:
      1) қоғамның жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу немесе оны жаңа редакциямен бекiту;
      2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
      3) қоғамның жарияланған акцияларының санын өзгерту туралы шешiм қабылдау;
      қоғамның дауыс беретiн акцияларының жалпы санының бiлiктi көпшiлiгiмен қабылданады.
      Жалпы жиналыстың қалған мәселелер бойынша шешiмдерi қоғамның дауыс беруге қатысатын дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жай басым көпшiлiгiмен қабылданады.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      30. Акционерлердiң қатысу тәртiбiмен өткiзiлетiн жалпы жиналысында қоғамның коммерциялық құпиясын құрамайтын мәселелерді талқылау кезiнде қоғамның акционерлерi болып табылмайтын тұлғалар қатыса және сөз сөйлей алады. Көрсетiлген тұлғалардың акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
      31. Акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру және өткiзу тәртiбi, оның iшінде:
      1) акционерлердiң жылдық, кезектен тыс және қайта шақырылатын жиналыстарына шақыру;
      2) акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар тұлғалардың тiзiмiн жасау;
      3) акционерлердi акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабардар ету;
      4) акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiн қалыптастыру және оған кiретiн мәселелер бойынша материалдар дайындау;
      5) акционерлердiң жалпы жиналысының кворумын айқындау;
      6) есеп комиссиясын қалыптастыру және оның қызметi;
      7) акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу;
      8) акционерлердiң жалпы жиналысында шешiмдер қабылдау;
      9) акционерлердiң жалпы жиналысында дауыс беру;
      10) акционерлердiң жалпы жиналысының хаттамасын жасау тәртiбi Заңмен айқындалады.
      32. Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша дауыс беру қорытындылары ___________ ____________  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      33. Заңмен және осы Жарғымен акционерлердiң жалпы жиналысының құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, қоғамның қызметiне жалпы басшылық жасауды қоғамның директорлар кеңесi жүзеге асырады.
      34. Директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне мынадай мәселелер жатады:
      1) қоғам қызметiнiң басымды бағыттарын айқындау;
      2) акционерлердiң жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешiм қабылдау;
      3) жарияланған акциялар саны шегінде акцияларды орналастыру (сату) туралы, соның ішінде орналастырылатын (сатылатын) акциялар саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
      4) қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешiм қабылдау;
      5) қоғамның жылдық қаржылық есебiн алдын ала бекiту;
      6) жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешiм қабылдау және есептi қаржы жылында төленетiн дивидендтердi қоспағанда бiр жай акцияға дивидендтiң мөлшерiн айқындау;
      7) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттарын айқындау;
      8) атқарушы органның (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) сандық құрамын, өкілеттiк мерзiмiн айқындау, оның басшысын және мүшелерiн сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;
      9) лауазымдық жалақылардың мөлшерiн және атқарушы органның басшысының және мүшелерiнiң (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаның) еңбегіне ақы төлеу және сыйақы төлеу шарттарын айқындау;
      10) iшкi аудит қызметiнiң жұмыс тәртiбiн, iшкi аудит қызметi қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу және сыйақы төлеу мөлшерiн және шарттарын айқындау;
      11) бағалаушының және аудиторлық ұйымның қызметiне ақы төлеу мөлшерiн айқындау;
      12) алынып тасталды - 2005.12.23. N 1282 қаулысымен.
      13) қоғамның iшкi қызметiн реттейтiн құжаттарды (қоғамның қызметiн ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттарды қоспағанда) бекiту;
      14) қоғамның филиалдары мен өкiлдiктерiн құру және жабу туралы шешiмдер қабылдау және олар туралы ережелердi бекiту;
      15) қоғамның басқа ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы шешiм қабылдау;
      16) қоғамның мiндеттемелерiн оның меншiктi капиталының он және одан көп процентiн құрайтын шамаға ұлғайту;
      17) бұрынғы тiркеушiмен шарт бұзылған жағдайда қоғамның тiркеушiсiн таңдау;
      18) қоғам немесе оның қызметi туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты айқындау;
      19) iрi мәмiлелер және жасалуында қоғамның мүдделiлiгi бар мәмiлелер жасау туралы шешiм қабылдау.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      35. Директорлар кеңесiн сайлау тәртiбi Заңмен белгiленедi.
      Директорлар кеңесінің _____ мүшесі тәуелсіз директорлар болып табылады.
      Қоғамның директорлар кеңесi директорлар кеңесiнiң  ______ мүшесінен және оның төрағасынан тұрады, олардың әрқайсысының дауыс беру кезiнде бір дауысы болады.
      Директорлар кеңесін өткізуге арналған кворум директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының 50 және одан көп пайызын құрайды.
      Дауыстардың саны тең болған кезде директорлар кеңесi төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      36. Мына тұлғалар:
      жоғары не орта арнаулы бiлiмi жоқ;
      заңмен белгiленген тәртіппен сотталғандығы өтелмеген немесе алынып тасталмаған;
      бұрын банкрот болып танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылған тұлға банкроттық консервация, санация, мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл iшiнде осы тұлғаға басшылық жасаған уақытта директорлар кеңесiнiң мүшесi болмайды.
      (Көрсетілген тізбе қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша толықтырылуы мүмкiн).
      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
      37. Директорлар кеңесiн сайлау және қызметiнiң тәртiбi, оның iшiнде:
      1) құрамы және оның өкілеттiк мерзiмi;
      2) мәжiлiстерiн шақыру және өткiзу тәртiбi;
      3) дауыс беру және мәжiлiс хаттамасын ресiмдеу тәртiбi Заңмен белгiленедi.
      38. Директорлар кеңесiнiң шешiмдерi директорлар кеңесінің қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкiн.
      Сырттай дауыс беру директорлар кеңесiн шақыруға бастамашы болу құқығы бар тұлғалардың бастамасы бойынша өткiзiледi. Сырттай дауыс берудi өткiзу туралы талап директорлар кеңесiнiң төрағасына (ол сырттай дауыс берудi өткiзуден бас тартқан жағдайда - атқарушы органға) жазбаша нысанда берiледi және дауыс беруге қойылған, нақты және бiржақты тұжырымдалған мәселе (мәселелер) болуы тиiс.
      Сырттай дауыс беру кезiнде дауыс беруге арналған бiрыңғай нысандағы бюллетеньдер және дауыс беруге енгiзілген мәселе (мәселелер) бойынша материалдар директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерiне дауыс берудi өткiзу туралы талап келiп түскен күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей жiберiледi (таратылады).
      Бюллетеньде:
      1) қоғамның толық атауы;
      2) мәжiлiстi өткiзудiң бастамашысы туралы мәлiметтер;
      3) дауыс беруге арналған бюллетеньдердi ұсынудың түпкiлiктi күнi;
      4) дауыс беруге қойылған, нақты және бiржақты тұжырымдалған мәселе (мәселелер);
      5) "иә", "жоқ", "қалыс қалдым" деген сөздермен бiлдiрiлген дауыс беру нұсқалары;
      6) бюллетеньдi толтыру тәртiбi бойынша түсiндiрме болуы тиiс.
      Директорлар кеңесiнiң сырттай өткiзiлген мәжiлiсiнiң шешiмi директорлар кеңесiнiң мүшелерiнен келiп түскен бюллетеньдердi қоса бере отырып жазбаша түрде ресiмделедi.
      39. Қоғамның ағымдағы қызметiне басшылықты қоғам қызметiнiң қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша шешiм қабылдайтын атқарушы органы - Басқарма (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) жүзеге асырады.
      Атқарушы орган ______ мүшеден тұрады.
      Басқарманың мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ аптасына кем дегенде бiр рет, Басқарманың кез келген мүшесiнiң бастамасы бойынша шақырылады.
      Басқарманың шешiмдерi Басқарма мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауыстарымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Хаттамаға Басқарманың осы мәжiлiске қатысқан барлық мүшесi қол қояды.
      40. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге асыру үшiн iшкi аудит қызметi құрылады/құрылмайды (қажеттісінің астын сызу).
      Ол құрылған жағдайда, қоғамның ішкі аудит қызметі ______ мүшеден тұрады және қоғамның оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.
      Iшкi аудит қызметiнiң қызметкерлерi қоғамның директорлар кеңесiнiң және атқарушы органының құрамына сайлана алмайды.
      Iшкi аудит қызметi тiкелей директорлар кеңесiне бағынады және оның алдында өзiнiң жұмысы туралы есеп бередi.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

       8-1. Қоғамның ірі акционерлерінің және лауазымды
      тұлғаларының өздерінің аффилиирленген тұлғалары
             туралы ақпаратты қоғамға ұсынуы

      Ескерту. 8-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
 
       40-1. Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының есебін осы тұлғалар немесе қоғамның тіркеушісі ұсынған мәліметтер негізінде жүргізеді.
      40-2. Қоғамның ірі акционерлері мен лауазымды тұлғалары өздерінің аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мынадай көлемде ұсынады:

Жеке тұлғалар туралы:

Тегі, аты,
әкесінің
аты (болса)

Жеке басын
куәланды-
ратын
құжаттың
деректері
және жеке 
тұлғаның
тұрғылықты
жері туралы  мәліметтер

Туған
күні

Аффилиир-
ленгенді-
гін тану үшін
негіз-
демелер 

Аффилиирленген-
дігінің пайда
болған күні

Ескертпе

Заңды тұлғалар туралы:

Заңды
тұлғаның
толық
атауы
 

Заңды тұлғаны
мемлекеттік
тіркеу күні
және нөмірі,
заңды тұлғаның
почталық
мекен-жайы
және іс жүзінде
орналасқан   
жері         

Аффилиирлен-
гендігін тану үшін негіз-
демелер

Аффилиирленген-
дігінің пайда
болған күні

Ескертпе

      40-3. Қоғамның акционерлері мен аффилиирленген тұлғалары аффилиирленген тұлғалар туралы ақпаратты тұлғаларды аффилиирленген деп тану үшін негіздемелер пайда болған (жойылған) күнінен бастап не акциялар сатып алынған (қоғамның лауазымды тұлғасымен еңбек шарты жасалған) күнінен бастап 7 күн ішінде ұсынады.

9. Қоғамның ақпаратты ашуы

      41. Қоғам өз қызметi туралы, қоғам акционерлерiнiң мүдделерiн қозғайтын ақпаратты өзiнiң акционерлерiне Заңға және осы Жарғыға сәйкес назарына жеткiзедi.
      Акционерлiк қоғам және оның акционерлерi өзiнiң хабарларын және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде жариялайтын басқа ақпаратты жариялау үшiн пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдары ____________.
      Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.23. N 1282 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      42. Акционердiң талап етуi бойынша қоғам акционерге Заңда көзделген құжаттардың көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
      43. Акционер ақпарат алу мақсатында қоғамның атқарушы органына жазбаша нысанда өтiнiш жасайды. Акционердiң өтiнiшi қоғамның кiрiс құжаттарын есепке алу журналында тiркелуi тиiс. Қоғам акционерге талап етiлетiн ақпаратты (талап етiлген құжаттардың көшiрмелерiн) өтiнiш жасаған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде беруге мiндеттi.
      Құжаттардың көшiрмелерiн бергенi үшiн төленетiн ақының мөлшерiн қоғам белгiлейдi және құжаттардың көшiрмелерiн дайындау шығыстарының құнынан және құжаттарды акционерге жеткiзуге байланысты шығыстарды төлеу ақысынан аспауы тиiс.

10. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату

      44. Қоғам акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша қайта ұйымдастырылуы және таратылуы мүмкiн.
      45. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату тәртiбi Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

11. Қорытынды ережелер

      46. Қоғам осы Жарғымен реттелмегендер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.
      47. Осы Жарғы белгiленген заңнамалық тәртiппен оның мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының)
      қолдары (жарғыны құрылтай жиналысы (жалғыз
      құрылтайшы) бекiткен кезде)
      немесе
      уәкiлеттi тұлғаның қолы (жарғыны акционерлердiң
      жалпы жиналысы (жалғыз акционер)
      бекiткен кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады