Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.6.9-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әpi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiнде:
12-тармақтағы "1999-2003" деген сандар "2004-2006" деген сандармен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Yкіметiне жылына екi рет әрбiр жылдың 15 қаңтарына және 15 шілдесiне Бағдарлама Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 17 ақпандағы
N 187 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық
кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының
стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық
қамтамасыз ету" туралы 2004-2006 жылдарға арналған
ғылыми-техникалық бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы "Қазақстан Республикасының
тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс
iстеуiн және оның дамуының стратегиялық
басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз
ету" туралы 2004-2006 жылдарға арналған
ғылыми-техникалық бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан
әзiрлеудiң Республикасының индустриалды-инновациялық
негiзi дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы
N 1096 Жарлығы , "Қазақстан Республикасының
тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс
iстеуiн және оның дамуының стратегиялық
басымдықтарын 2004-2006 жылдарға арналған
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету"
ғылыми-техникалық бағдарламасын әзiрлеу"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5
қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы"
N 903 қаулысының 2.6.9-тармағы
Негiзгi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
әзiрлеушi министрлiгi
Мақсаты Қазақстан Республикасының
тау-кен-металлургиялық кешенінiң инновациялық
дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету,
жоғары қосымша құны бар бәсекеге қабілеттi
өнiм алу жөнiнде жаңа өндiрiс құру, қоршаған
ортаға техногендiк әсердi төмендету және
кадрлық ғылыми әлеуетiн дамыту.
Міндеті Әлемдiк рынок талаптарына сәйкес
тау-кен-металлургиялық кешенiнiң бәсекеге
қабілетті өнiмдерiн арттыру мақсатында жаңа
технологиялар әзiрлеу және iстегі өндiрiстердi
жетiлдiру;
жоғары қосымша құны бар экспорттық және импорт
алмастырушы өнiмдердiң номенклатурасын кеңейту
жөнiнде технологиялар әзiрлеу;
рудалы, техногендi, баланстан тыс және
құрамында қайталама металы бар шикізатты қайта
өңдеуге тартуды қамтамасыз ететiн жаңа
технологиялар әзірлеу және игеру;
қоршаған ортаға техногендік ықпалды азайтуға
бағытталған технологиялар әзiрлеу;
шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң
қатысуымен әзiрлемелердi енгiзу арқылы жаңа
өндiрiстер құру;
Қазақстан Республикасының
тау-кен-металлургиялық кешенiн тиiмдi басқару
үшiн ғылыми негіздеу және әдiстемелiк құжаттар
әзiрлеу;
ғылыми кадрлардың бiлiктiлігін арттыру және
тау-кен-металлургиялық салаға жоғары
бiлiктендiрiлген мамандарды тарту.
Басымдылығы Жоғары қосымша құны бар бәсекеге қабiлеттi
өнiмдi шығаруды қамтамасыз ететiн түстi және
қара металлургияның рудалы және техногендiк
шикiзатын кешендi пайдалану үшiн pecуpc пен
энергия үнемдеушi экологиялық жағынан таза
технологиялар мен жабдықтар жасау және iске
асыру.
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
көзi республикалық бюджетте Бағдарламаның әкiмшiсi
көздеген қаражаттың шегiндегi мемлекеттiк
тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген
қаржы шығындары барлығы - 700,7 млн. теңгенi,
соның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы - 222,6
млн. теңге, 2005 жылы - 233,8 млн. теңге, 2006
жылы - 244,3 млн. теңге құрайды. 2005-2006
жылдарға арналған шығыстар көлемi
"Республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес тиiстi қаржы
жылынан нақтыланатын болады.
Күтілетiн Бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруды қамтамасыз
нәтиже ететiн қара, түстi, сирек және асыл металл
кендерiн қайта өңдеудiң қазiргi
технологияларын жетiлдiру және жаңа
технологиялар жасап шығару;
пайдалы қазбаларды өндiруде ресурс сақтаушы
технологияларды пайдалану есебiнен
бұрғылау-жарылыс жұмыстарын қысқартуға руданың
шығының және жұпындануын төмендету;
сульфитта полиметалл және қиын байытылатын
кендi байыту технологияларын жетiлдiрудiң
есебiнен кен байыту кәсiпорындарында
экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында
концентраттар сапасын арттыру және улы тапшы
реагенттер шығыстарын қысқарту;
жаңа экологиялық таза технологияларды
енгізудің есебінен тау-кен-металлургиялық
кешенi кәсіпорындарының қоршаған ортаға
тигiзетiн зиянды әсерiн төмендету және
өндiрiс қалдықтарының жиналуын қысқарту;
тау-кен-металлургиялық кешенінің
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшiн жаңа өнiм
түрлері;
тау-кен-металлургиялық кешені дамуының
стратегиялық басымдықтарына сәйкес
өнеркәсіптiң тау-кен өндіру және қайта өңдеу
салалары жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру.
тау-кен-металлургиялық саласына инновациялық
технологияларды құру мен енгiзу үшін жоғары
білікті ғылыми кадрлар дайындалған.
Бағдарламаны 2004-2006 жылдар
iске асыру мерзiмi
2. Кiрiспе
Қазақстан 2030 стратегиясында тау-кен-металлургиялық кешені Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуының жоғары деңгейі бар елдердiң қатарына өркендеуіне жол ашатын басымды саланың бірі ретінде анықталған. Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургиялық кешенін дамытудың басты мiндеттерi бәсекеге қабілеті мол өнiм шығаруды жеделдететін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазақстан металлургиялық өнеркәсібi әлемдік рынокта бұрын болып, көрмеген ғаламат бәсекелiк жағдайда жұмыс iстеп келеді. Қазақстанның металл өндiру саласында халықаралық еңбектi бөлісуге қатысуы тау-кен-металлургия кәсiпорындарының техника мен технологиялық жаңа түрлерін пайдалануды ынталандыруға бағытталған арнайы шараларын жүзеге асырумен байланысты.
Қазіргі уақытта республиканың тау-кен-металлургиялық сапасында химиялық және фазалық құрамы жағынан жаңа тиімді технологиялар мен құрал-жабдықтың соңғы түрлерін пайдалануды қажет ететiн күрделі кендi қайта өңдеуге тартумен байланысты ауқымды проблемалар бар. Шикiзаттың дәстүрлі емес көздерiн тиімдi қайта өңдеу жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың техникалық және технологиялық жаңаруымен және жаңа кәсіпорындар құрумен, тiкелей байланысты. Әрине, мұндай жағдайларда жұмыс істеп тұрған тау-кен-металлургиялық кешенi тиiмдiлiгiнiң өсуi тек қана ғылым мен өндірістiң тығыз кiрiгуiнiң, ғылыми жетістiктерді кең ауқымда iске асырудың, жаңа технологиялар мен техниканы жедел енгізудің есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін. "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенін тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" туралы 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзiрлеудiң негiзгi себебi де осы болатын.
Бағдарламаны әзірлеу негізi мыналар:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы;
2. "Қазақстан Республикасының 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысы (2.6 9-тармағы "2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірлесін".).
Бұрын тау-кен-металлургиялық кешенi кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандыру үшiн екi Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдаpламалар: "1993-1998 жылдарға арналған тау-кен-металлургиялық кешенiнде pecуpc үнемдейтін тиімділігі жоғары технологиялардың негiзiнде минералды шикiзатты кешендi пайдалану" және "1999-2003 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуi мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" орындалған болатын, сол жинақталған тәжiрибе "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiн тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" туралы 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаны әзiрлеу кезiнде ескерiлдi. Жоғарыда аталған бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде тау-кен-металлургиялық кешенi кәсіпорындарында 40-тан астам жаңа әзiрлемелер жасалған және енгізiлген болатын, Қазақстан Республикасы үшiн жаңа өнiм шығару бойынша бірқатар өндiрiстер құрылды. Жаңа бағдарламада негiзгi басымдықтарға - рудалы, техногендік, балансты және құрамында металл бар қайталама шикізатты өңдеуге, экологиялық аспектілерге ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
3. Проблеманың қазiргi заманғы жай-күйiн талдау
Қазақстанның маманданған саласының бiрi ұлттық тау-кен-металлургия өнеркәсiбi болып табылады.
Елдiң ІЖӨ-дегі тау-кен-металлургиялық секторының үлесi 2002 жылы 8,4% (1999 жылы - 8,1%, 2003 жылы - 9,8%, 2001 жылы - 8,2%) құрады. Салада өндірістердің тұрақты даму үрдiсi байқалды, тоқтап тұрғандарды қалпына келтiру және жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды кеңейту, шығарылатын өнiмнiң сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Тау-кен-металлургиялық саланы дамыту үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар 2000 жылы байқалды, өйткенi 1999 жылдың ортасынан бастап әлемдiк рыноктарда қазақстандық тау-кен-металлургиялық кәсіпорындар өндiретiн негiзгi шикiзат өніміне едәуір баға өстi. Сол кезеңде жалпы өнiмнiң көлемi US$3 млрд.-тан астамды құрап, өзiнiң ең жоғары деңгейiне жетті.
Сонымен қалар, Қазақстанның тау-кен-металлургиялық кешенiнiң осал жақтары мен проблемалары бар - рудалардың құрамында пайдалы элементтердiң аз болуы, оны өндірудің кешендігінің төмен болуы, сондай-ақ төменгi қайта байыту өнiмдерi мен жоғары қосымша құны бар тауар өнiмін шығаратын өндiрiстердiң мүлдем болмауы. Экономиканың шикiзат шығаруға бағытталуы елдi әлемдiк рыноктарда минералдық шикiзат пен металдар сұранысына толығымен тәуелдi етедi.
Өнеркәсiп салаларында шикiзатқа шығаруға бағытталуынан кету үшiн ғылымды көп қажетсiнетiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар құру қажет.
Тау-кен металлургиялық салада жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн ауқымды және жедел түрде инновациялар енгiзу қажет. Инновациялық және инвестициялық қызметтi жандандыру кәсiпорындардың дамуын шектейтiн керi әсер етушi факторларды төмендетедi, өндiрiстік әлеуеттi түбегейлi қайта жаңартуды қамтамасыз етедi, барлық pecуpc түрлерінің шығыстарын төмендету мен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi нормаларды сақтау кезiнде дәстүрлi және жаңа өнiмдердiң түрлерiн жасап шығарады.
Инновациялық өндiрiстер құру үшiн алдын ала даярланған, жоғары бiлiктi ғылыми кадрлар қажет.
Бiрқатар ғылыми тақырыптарды толық қаржыландырмау жас ғалымдардың ғылыми саладан кетуiне әкелдi. Бүгiнгi күнi республикамызда техникалық мамандықтар, менеджмент, маркетинг және талдау салаларында жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Технологиялық қалушылықты жеңу және Қазақстан экономикасын құрылымды қайта құру үшiн бастапқы дәрежелi мәнi бар ғылымдардың салалары үшiн ғылыми кадрлар даярлау және қайта даярлау қажет. Осы мақсатта алдыңғы қатарлы шетел компанияларында мамандарды тағлымдамадан өткiзудi қарастыру, семинарлар және сол сияқтылар өткiзу үшiн жоғары бiлiктi шетел мамандарын тарту қажет.
Тау-кен-металлургия кешенiнiң дамуы сөзсiз, ел экономикасының жалпы деңгейiмен, отандық және шетел капиталын қолдау перспективаларымен, әлемдiк рынок конъюктурасымен, кәсiпорындардың өнiмiн iшкi тұтынумен айқындалады.
Сондықтан тау-кен-металлургиялық кешенiн қарқынды дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарлама әзiрлеу; өндiрiстердi технологиялық жағынан жаңарту; металл сапасын арттыру; экспортқа бағытталған өнiм шығару және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту мәселелерi аса өзектi болып табылады. Бағдарлама дәл осы мiндеттердi шешуге бағытталып отыр.
Бағдарламаны жасау тау-кен-металлургиялық кешенiнде болатын проблемаларды мынадай жолмен шешуге мүмкiндiк бередi:
- саланың шикiзат шығаруға бағытталуын төмендету;
- Қазақстан металының бәсекеге қабiлеттілігін арттыру;
- жер қойнауын пайдалану мониторингін, бақылау мен басқару құру;
- технологиялық қайта өңдеулердi жетілдiру есебiнен бағалы компоненттердiң жойылуын төмендету;
- жоғары білiктi ғылыми кадрлар даярлау.
Әзiрленiп отырған Бағдарламаны iске асыру әлемдiк рыноктың, ТМД рыногының қажеттілiгiн және iшкi қажеттіліктi, сондай-ақ елiмiздiң экономикалық тәуелсiздігiн нығайтуды ескере отырып, саланың бәсекеге қабілеттілігін apттыруға мүмкiндiк береді.
Жаңа Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалық-инновациялық даму стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығына сәйкес инновациялық өндiрiстер құру үшiн Қазақстан Республикасының минералды және техногендік шикiзатын қайта өңдеу жөніндегi бiрқатар жаңа технологиялар әзiрлеу көзделіп отыр.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiнiң инновациялық дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, жоғары қосымша құны бар бәсекеге қабiлеттi өнiм алу жөніндегі жаңа өндiрiстер құру, қоршаған ортаға техногендік әсердi төмендету және кадрлық ғылыми әлеуеттi дамыту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
әлемдiк рыноктың талаптарына сәйкес тау-кен металлургиялық кешенінің бәсекеге қабiлеттi өнімдерін арттыру мақсатында жаңа технологиялар әзiрлеу және жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жетiлдiру;
жоғары қосымша құны бар экспорттық және импорт алмастырушы өнiмдердің номенклатурасын кеңейту жөнiнде технологиялар әзірлеу;
рудалы, техногендік, баланстан тыс және құрамында қайталама металы бар шикiзатты қайта өңдеуге тартуды қамтамасыз ететiн жаңа технологиялар әзірлеу және игеру;
қоршаған ортаға техногендiк ықпалды азайтуға бағытталған технологиялар әзiрлеу;
шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң қатысуымен әзірлемелерді енгізу жолымен жаңа өндiрiстер құру;
Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургиялық кешенін тиімді басқару үшін ғылыми жағынан негiздеу және әдiстемелiк құжаттар әзiрлеу;
ғылыми кадрлардың бiлiктiгiн арттыру және тау-кен металлургиялық салаға жоғары білiктi мамандарды тарту.
5. Бағдарламаны iске асырудың
негiзгi бағыттары мен тетiгi
1. Бәсекеге қабiлеттi өнім шығаруды қамтамасыз ететін рудалы және техногендік шикiзатты кешенді қайта өңдеу үшiн ресурс және энергия үнемдейтiн, экологиялық жағынан таза технологиялар мен жабдықтар жасау және оларды іске асыру:
шығарып тасталған жоғалымдардан кенді қайта өңдеуден өткізу арқылы мыс және iлеспе металдарды өндірудің технологиялық процесін жетілдіру;
қорғасын, мырыш және ілеспе металдар өндiрудiң ғылыми-техникалық деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн тиiмдiлігі жоғары, экологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар жасау және iске асыру;
бәсекеге қабiлеттi өнiм алуды қамтамасыз ететiн рудалы және техногендiк шикiзаттан жасалатын түстi, сирек және асыл металдарды алудың рентабельдiгі жоғары және экологиялық жағынан таза технологияларды әзiрлеу және игеру;
баланстан тыс және бабына келмеген темiр рудасы мен ферроқорытпа шикiзатын, техногендiк қалдықтарды қайта өңдеудiң тиiмдiлігі жоғары, экологиялық жағынан таза технологияларын игеру;
жаңа құралдар мен автоматтандыру жүйелерiн енгiзе отырып, металлургиялық процестердi басқару үшiн ақпараттық-өлшеу кешендерiн құру.
2. Кен өндiру және қайта өңдеу кәсiпорындарының қатты, сұйық және газ күйiндегі қалдықтарын кәдеге жаратудың технологияларын жасау:
өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарын кәдеге жарату мен жоюды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер мен аппараттар жасап шығару және енгiзу;
сумен жабдықтаудың айналымдық жүйелерiн әзiрлеу және енгiзу;
қауiптi қалдықтарды азайтуды, толық кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды қамтамасыз ететiн жаңа технологиялар жасап шығару және игеру.
3. Ғылыми-техникалық өнiмдердi кейiннен сату үшiн тәжiрибелi және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстар:
тәжiрибелi және тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстар жүргiзу;
ғылыми-техникалық өнiмдi кейiннен сату үшiн техникалық, технологиялық және жобалау құжаттамаларын әзiрлеу.
4. Өнеркәсіптiң кен өндiру және қайта өңдеу салаларының дамуы мен қауiпсiз жұмыс iстеуiнiң нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарын әзiрлеудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету.
5. Тау-кен-металлургиялық сала үшiн кадрлық әлеуеттi даярлау.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары, барлығы - 700,7 млн. теңгенi, соның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы - 222,6 млн. теңге, 2005 жылы - 233,8 млн. теңге, 2006 жылы - 244,3 млн. теңгенi құрайды. 2005-2006 жылдарға арналған шығыстар көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асырудың нәтижесiнде негiзiнен мынадай нәтижелер алынатын болады:
қорғасын алуды 5 %-ға, мырышты 8 %-ға, мыс алуды 1-1,5 %-ға, асыл металдарды 2-2,5 %-ға арттыруға, қара түстi, сирек және асыл металдар рудаларын қайта өңдеуге мүмкiндiк беретiн баланстан тыс, жұпыны рудаларды байытудың қолданыстағы технологиялары жетiлдiрiлдi және жаңа технологиялар игерілдi;
қазақстанның жаңа шикiзат көздерiн қайта өңдеуге тартудың, құрамында титан бар шикiзатты балқыту процесiнiң техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн 5-7 %-ға арттыруды, ванадий алудың дәрежесiн 8-10 %-ға, титан алуды 0,5-1 %-ға өсiрудi қамтамасыз ететiн оларды кешендi қайта өңдеудiң жаңа технологиясын жасаудың есебiнен сирек (ванадий, галлий және тағы басқа) және асыл (алтын, күмiс, платина) металдардың шикiзат базасы ұлғайтылды;
жер қойнауынан руданы өндiрудiң өзiндiк құнын 8-10 %-ға төмендетудi, салу жұмыстарына, кен тазалау орындарын бекiту мен ұстауға жұмсалатын шығынды 30-35 %-ға қысқартуды қамтамасыз ететiн тау-кен өндiрiсiнiң процестерiн механикаландыру мен басқару жүйесiнiң құралдары әзiрлендi және енгізiлдi;
тапшы және улы реагенттер шығысын айтарлықтай қысқартуға, кен байыту кәсiпорындарынан экологиялық ахуалын жақсарта отырып, концентраттардың сапасын арттыруға мүмкiндiк туғызатын құрамында асыл металдары бар сульфитті полиметалл рудаларын, қиын байытылатын, баланстан тыс, жұпыны рудаларды байытуда жаңа технологиялар әзiрлендi және игерiлдi және қолданылып жүрген технологияларды жетiлдiрiлдi;
тау-кен-металлургиялық кешенi кәсiпорындарының қоршаған ортаға тигiзетiн зиянды әсерiн төмендетуге, өндiрiс қалдықтарының жиналуын қысқартуға және табиғи объектiлерге шығарылатын авариялық лақтырындыларды азайтуға мүмкiндiк туғызатын жаңа технологиялар жасанды және игерілдi;
металлургиялық шлактар мен кен байыту фабрикаларының қалдықтарын қайта өңдеу жөнiндегi технологиясы әзiрлендi;
кен байыту фабрикалары мен металлургиялық өндiрiстердiң кен үйiндiлерiнен және қалдықтарынан жасалған түстi, асыл және сирек жер металдарын алу жөнiндегi технологиясы әзiрлендi;
елiмiз үшiн жаңа кешендi балқымалар мен лигатур түрлерiн, соның iшiнде: ферробор, ферротитан, барий, кальций, ванадий бар ферросиликоалюминий алудың технологиясы әзiрлендi және енгiзiлдi;
автоматтандырудың құралдары мен жүйелерiн игере отырып, процестердiң технологиялық параметрлерiн бақылаудың жабдықтары мен аспаптарының жаңа түрлерiнiң тәжiрибелiк үлгiлерi әзiрлендi және жасалды;
тау-кен-металлургиялық кешенiнiң дамуын бейімдiк басқару үшiн ғылыми-әдiстемелiк құжаттар жасалды;
пайдалы қазба қорларын тиiмдi және кешендi пайдалану жөнiндегi ғылыми-әдiстемелiк құжаттаманың жобалары әзiрлендi;
тау-кен-металлургиялық кешенi кәсiпорындарының ИСО 9000 және 14000 халықаралық стандарттар саласына көшуiн және өнiм сапасын басқарудан сапа менеджментi жүйелерiне көшудi ғылыми-әдiстемелiк және метрологиялық қамтамасыз ету құрылды;
тау-кен-металлургиялық салаға инновациялық технологияларды құру және енгiзу үшiн жоғары бiлiктi ғылыми кадрлары даярланды.
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары
__________________________________________________________________
Р/с| Iс-шаралар | Аяқтау |Жауапты | Орындау|Күтi. |Қаржы.
N | | нысаны |орындаушы| мерзiмi|летiн |ландыру
| | |(iске | |шығыс.|көзi
| | |асырушы) | |тар |
| | | | |(млн. |
| | | | |теңге)|
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7
__________________________________________________________________
1. Ұйымдастыру Іс-шаралары
1 Бағдарламаның Бағдар. ҚР ИСМ 2004 жылғы - Қаржы.
негiзгi тапсырмалары лама I тоқсан ланды.
бойынша жобаларды әкiмшi. руды
iрiктеу конкурсын сінің талап
ұйымдастыру және бұйрығы. етпейдi
өткiзу. Бағдарлама Конкур.
бойынша басты стық
ұйымды анықтау комис.
сияның
хатта.
масы
2 2004-2006 жылдарға Бұйрық. ҚР ИСМ 2004 жылғы - Қаржы.
арналған Бағдарлама. пен бе. I тоқсан ланды.
ның кеңейтiлген кiтiлген руды
нұсқасын жасау Бағдар. талап
ламаның етпейдi
кеңей.
тiлген
нұсқасы
3 Аралық есептердi Ғылыми- ҚР ИСМ желтоқсан - Қаржы.
қарау және бекiту техни. мен шілде ланды.
калық жыл сайын руды
кеңесте талап
бекi. етпейдi
тiлген
есеп
4 Алдағы жылға Бұйрық. ҚР ИСМ IV тоқсан - Қаржы.
арналған пен бе. жыл сайын ланды.
Бағдарламаның кiтiлген руды
кеңейтiлген бағдар. талап
нұсқасын жасау ламаның етпейдi
және бекiту алдағы
жылға
арналған
кеңей.
тiлген
нұсқасы
2. Негiзгi ғылыми-техникалық тапсырмалар
1 Бәсекеге қабiлеттi Есептер, ҚР ИСМ IV Бар. Респу.
өнiм шығаруды сынақ тоқсан лығы - бли.
қамтамасыз ететiн кесiм. жыл 310,5, калық
рудалы және дерi сайын оның бюджет
техногендiк шикiзатты және iшiнде
кешендi пайдалану пайда. жылдар
үшiн ресурс және лануға бойын.
энергия үнемдейтiн, қабыл. ша:
экологиялық жағынан данған 2004 -
таза технологиялар жаңа 110,0
мен жабдықтар әзiрлеу зертте. 2005 -
және оларды іске мелердi 100,5
асыру: енгiзу. 2006 -
мыс және шығарып 100,0
тасталған жоғалым.
дардан кендi қайта
өңдеу арқылы iлеспе
металдарды өндiрудiң
технологиясын
жаңарту;
қорғасын, мырыш және
iлеспе металдар
өндiрудiң ғылыми-
техникалық деңгейiн
арттыруды қамтамасыз
ететiн, тиiмдiлiгi
жоғары, экологиялық
жағынан қауiпсiз
технологияларды құру
және iске асыру;
бәсекеге қабiлеттi
өнiм алуды қамтамасыз
ететiн рудалы және
техногендiк шикiзат.
тан жасалатын сирек
және асыл металдарды
алуда рентабельдiгі
жоғары және
экологиялық жағынан
таза технологиялар
әзiрлеу және игеру;
баланстан тыс пен
бабына келтiрiлмеген
темiр рудалы және
ферроқорытпа
шикiзатын,
техногендiк
қалдықтарды қайта
өңдеудiң тиiмдiлігi
жоғары, экологиялық
жағынан таза
технологияларын
игеру;
автоматтандырудың
жаңа құралдары мен
жүйесiн құруды
игере отырып,
металлургиядағы
технологиялық
процестердi
бақылау мен
басқару үшін
өлшеу-есептеу
кешендерiн құру
2 Тау-кен өндірумен
және қайта өңдеу Есептер, ҚР ИСМ IV Бар. Респу.
кәсiпорындарының сынақ тоқсан лығы - блика.
қатты, сұйық және кесiмде. жыл 142,5, лық
газ күйiндегi рi және сайын оның бюджет
қалдықтарды кәдеге өндi. iшiнде
жаратудың рiске жылдар
технологияларын енгі. бойын.
әзiрлеу: зiлген, ша:
өнеркәсiптік iс жү. 2004 -
өндiрiстердiң зiнде 50,0
қалдықтарын кәдеге қолда. 2005 -
жарату мен жоюды нуға 52,5
қамтамасыз ететiн дайын 2006 -
технологиялық зерт. 40,0
процестер мен темелер.
аппараттар әзiрлеу Техни.
және енгiзу; калық-
сумен жабдықтаудың эконо.
айналымдық жүйелерiн микалық
әзiрлеу және енгiзу; көрсет.
қауiптi қалдықтарды кiштер,
азайтуды, толығымен өндi.
кәдеге жарату мен рiсте
залалсыздандыруды игерiл.
қамтамасыз ететін ген
жаңа технологияларды техно.
әзiрлеу және игеру логиялар
3 Ғылыми-техникалық Есептер, ҚР ИСМ IV Бар. Респу.
өнiмдердi кейiннен сынақ. тоқсан лығы - блика.
сату үшiн тәжiрибелi тан жыл 205,0, лық
және тәжiрибелi- өткiзу сайын оның бюджет
конструкторлық актiлерi ішінде
жұмыстар жүргiзу: және ен. жылдар
тәжiрибелi және гізулер бойын.
тәжiрибелi- ша:
конструкторлық 2004 -
жұмыстар жүргiзу; 50,0
ғылыми-техникалық 2005 -
өнiмдi кейiннен сату 65,5
үшiн техникалық, 2006 -
технологиялық және 90,0
жобалау құжаттама.
ларын әзiрлеу.
4 Өнеркәсiптiң Норма. ҚР ИСМ IV Бар. Респу.
тау-кен өндiру тивтiк тоқсан лығы - бли.
мен және қайта өңдеу кесiм. жыл калық
салаларының дамуы дердiң сайын бюджет
мен қауiпсiз жұмыс жобалары 42,7,
iстеуiнiң норма. оның
тивтiк-әдiстемелiк ішінде
құжаттарын әзiрлеу. жылдар
дiң ғылыми-техни. бойын.
калық қамтамасыз ша:
етiлуiн ұйымдастыру. 2004 -
12,6
2005 -
5,8
2006 -
14,3
__________________________________________________________________