Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 мамырдағы N 434 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстанның техникалық үрдiсiнiң мемлекеттiк ұлттық бағдарламасының құрамдас бөлiгi болып табылатын республиканың ғылыми-техникалық прогресiнiң басым бағыттары бойынша республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларының қоса берiлiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның жобасын жасауға жауапты бас ұйымдарды белгiлеп, бекiтетiн болсын, сөйтiп осы бағдарламаның жобаларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.11. N 1378  қаулысымен .
     3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiне аталған бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн оларды
жасайтын бас ұйымдарға қажеттi аванс беруге рұқсат етiлсiн.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы         
Министрлер Кабинетiнiң         
1993 жылғы 26 мамырдағы        
N 434 қаулысымен            
Бекiтiлген               

             Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық
                      бағдарламалардың 
                          Тiзбесi

      1. Кен-металлургия кешенiнiң ресурс үнемдеушi аса тиiмдi технологиялары негiзiнде минералды шикiзатты кешендi пайдалану. 
      2. Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнiм өндiрудi ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру. 
      3. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығын ақпараттандыру. 
      4. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту. 
      5. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер үшін радиоэлектрондық аспаптар мен құралдарды әзірлеу, жасау және дамыту. 
      6. Ғаламдық экологиялық және табиғи-ресурс мониторингiн жасау. 
      7. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық ақпаратының мемлекеттiк жүйесiн дамыту. 
      8. Мұнай қалдықтарын, амбарлық және өңделмеген мұнайды, оның iшiнде аз өнiмдi және шалғай құбырлардан шығатын мұнайды жинаудың дайындау мен өңдеуге арналған шағын зауыттарды әзiрлеу мен өндiрiстiк игеру. 
      9. 2002-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін бірегей фитопрепараттарды әзірлеу және өндіріске енгізу. 
      10. Агроөнеркәсiп кешенiн ғылыми қамтамасыз ету. 
      10-1.  Алынып тасталды - 2003.03.21 N   288 Қ аулысымен.
      11. Машина жасауды дамытудың және тиімділігі жоғары машиналар мен жабдықтарды жасап шығарудың ғылыми-техникалық проблемалары. 
      12.  Алынып тасталды - 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.
      13.  Алынып тасталды - 2003.03.21 N   288   қаулысымен.
      14. Инновациялық өндiрiстердi ғылыми-техникалық қамтамасыз eту. 
      15.  Алынып тасталды - 2008.04.23  N 381 Қаулысымен.
      16.  Алынып тасталды - 2005.04.05  N 307 Қаулысымен.
      17. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету. 
      18. Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды әзірлеу. 
      19. Әр түрлi мақсаттағы перспективалық жаңа материалдарды әзiрлеу.
      20. 2007-2009 жылдарға арналған»"Қазақстан Республикасында фармацевтикалық кластерді дамытуға арналған бірегей, экспортқа бағдарланған фитопрепараттарды әзірлеу және оның өндірісін ұйымдастыру.
       Ескерту. Тiзбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1996.10.24. N  1294 , 1996.12.09. N  1502 , 1995.08.21. N  1142 , 1998.01.09.   N 2 , 1999.01.08. N 15 , 2000.08.01. N  1167 , 2000.09.11. N  1378 , 2000.12.29. N  1956 , 2001.03.16. N  353 , 2001.06.26. N  871 , 2001.07.24. N   996 , 2003.03.13. N   243 , 2003.03.18. N   263 , 2003.03.21. N   288 , 2004.02.04. N   135 , 2004.02.06. N  147 ,  2004.02.17. N  187 , 2004.06.25. N  703 , 2005.04.05. N  307 ,  2006.04.13. N  274 , 2007.05.24. N  417 , 2008.04.23  N 381 Қаулыларымен. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады