Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының электрмен жабдықтау объектiлерiн (бұдан әрi - объектілер) мемлекеттiк меншiкке өтеусіз беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеті заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 1-қосымшаға сәйкес объектілердi республикалық меншiкке қабылдау жөнiнде қажетті ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын;
2) осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлердi Қазақстан Республикасының Президентi Іс басқармасының "Мемлекеттiк резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының теңгеріміне берсiн.
3. 2-қосымшаға сәйкес объектiлердi Ақмола облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы Ақмола облысы әкiмiнiң ұсынысы қабылдансын.
4. Ақмола облысының әкiмдiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген объектілердi қабылдау жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 наурыздағы
N 248 қаулысына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.04. N 298 қаулысымен.
Республикалық меншікке берілетін электрмен жабдықтау объектілері
___________________________________________________________________
N | Тауарлардың атауы |Өлшем бірлігі | Саны | Құны (теңге)
___________________________________________________________________
1. 0,4 кВ кабель желісі метр 1480 5207993
2. ЩО-70 панелі дана 2 1913523
3. Автоматтандырылған дана 3 1067510
сөндіргіш ВА43-53
___________________________________________________________________
Жиыны 8189026
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 1 наурыздағы
N 248 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.04. N 298 қаулысымен.
Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берілетін электрмен жабдықтау объектілері
___________________________________________________________________
N | Тауарлардың атауы |Өлшем бірлігі | Саны | Құны (теңге)
___________________________________________________________________
1. 10 кВ кабель желісі метр 3900 24826602
2. КРУН-10 кВ ұяшығы дана 1 2138128
3. қуаты 2х630 кВ 10/0,4 жиынтық 1 3371506
трансформаторлық
шағын станция
___________________________________________________________________
Жиыны: 30336236
___________________________________________________________________