Төтенше жағдай енгізiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 271 қаулысы.

      "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 4 наурыздағы
N 271 қаулысымен
бекiтiлген

Төтенше жағдай енгізілген жерде халықаралық ізгілік
көмекті бөлу ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында әзiрленді.

      Осы Ереже төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық ізгілік көмектi бөлу тәртiбiн айқындайды.

2. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгілік көмекті бөлу тәртiбi

      2. Қажеттi халықаралық iзгілік көмектің номенклатурасы мен жүктерінің көлемiн аумағына төтенше жағдай енгiзiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің әкiмдерi жергiлiктi жер комендантының келiсiмi бойынша айқындайды.

      Қазақстан Республикасына нақты мекен-жайлары көрсетiлмей келiп түскен халықаралық iзгілік көмек төтенше жағдай енгiзiлген жерде қажеттi жүктердің талап етiлетiн номенклатурасы мен көлемiне сәйкес бөлiнедi.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2017 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө өкiмiмен құрылған Қазақстан Республикасының халықаралық iзгілік көмек мәселелерi жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) өзiне жүктелген функцияларға сәйкес халықаралық iзгілік көмектi пайдалану мәселелерiн шешедi.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 23.10.2020 № 701 қаулысымен.

      3. Халықаралық iзгілік көмек Қазақстан Республикасына оны алушылардың нақты мекен-жайлары көрсетiлмей келiп түскен жағдайда, аумағына төтенше жағдай енгiзiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi:

      1) iзгілік көмек жүктерiн орналастыру және сақтау үшiн белгiленген санитарлық нормаларға сәйкес қоймалық үй-жайларды берудi, осы жүктердi орналастыруды;

      2) халықаралық iзгiлiк көмектi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып бөлудi;

      3) iзгiлiк көмек жүктерiн бөлу жөнiндегi iстiң жай-күйi туралы Комиссияға мәлiметтер берудi қамтамасыз етедi.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2020 № 701 қаулыларымен.

      4. Қазақстан Республикасына төтенше жағдай енгiзілген жердiң нақты мекен-жайлары көрсетiлiп, халықаралық iзгiлiк көмек ретiнде келiп түскен жүктер осы жүктердi тiкелей алушыларға бөлiнедi. Бұл ретте жүктердi алушылар Комиссияға халықаралық iзгiлiк көмектi бөлу жөнiндегi iстiң жай-күйi туралы мәлiметтер ұсынады.

      5. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгiлiк көмектi бөлудi және пайдалануды бақылауды Комиссия жүзеге асырады.

      6. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының келiсiмi бойынша:

      1) халықаралық iзгiлiк көмек ретiнде төтенше жағдай енгiзiлген жердің аумағына келген жүктердi қажет болған жағдайда, күзетудi және баратын жерiне дейiн iлесiп жүрудi;

      2) заңды және жеке тұлғалардың халықаралық iзгiлiк көмек тауарларын осы жүктердi басқа заңды және жеке тұлғаларға өткiзуi (сатуы) мақсатында заңсыз сатып алу фактiлерiн анықтауды қамтамасыз етедi.

      7. Халықаралық iзгiлiк көмекті төтенше жағдай енгiзiлген жерде бөлу барысы туралы жұртшылықты хабардар етудi бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган қамтамасыз етедi (жергiлiктi жердегi комендантпен келiсу бойынша).

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады