Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үікметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 280 қаулысы

      Iргелi зерттеулердiң басым бағыттарының ғылыми-техникалық әлеуетiн шоғырландыру және елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiн шешуде iргелi ғылымның үлесiн ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындары оларды қосу жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - Кәсiпорындар) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi құрылатын Кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) құрылатын Кәсiпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) құрылатын Кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Құрылатын Кәсiпорындарға 2-қосымшаға сәйкес еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындарын құруға рұқсат етiлсiн.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 5 наурыздағы
N 280 қаулысына   
1-қосымша      

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарына қосу жолымен қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының
Тізбесі

___________________________________________________________________
Р/с|2-бағанда көрсетiлген шаруашылық |Құрылатын шаруашылық
N  |жүргізу құқығындағы республикалық|жүргiзу құқығындағы
   |мемлекеттiк кәсiпорындарына қайта|республикалық мемлекеттiк
   |ұйымдастырылатын республикалық   |кәсiпорындардың атауы,
   |мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын. |орналасқан жерi
   |дардың атауы                     |
___|_________________________________|_____________________________
1               2                             3
___________________________________________________________________
1.  "А.Б. Бектұров атындағы Химия     "Химиялық-технологиялық
    ғылымдары институты" республика.  зерттеулер орталығы"
    лық мемлекеттiк қазыналық         шаруашылық жүргiзу
    кәсiпорны;                        құқығындағы республикалық
    "Д.В. Сокольский атындағы         мемлекеттік кәсiпорны,
    Органикалық катализ және электро. Алматы қаласы
    химия институты" республикалық
    мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
    "Металлургия және кен байыту
    институты" республикалық
    мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
    "Физикалық-техникалық институт"
    республикалық мемлекеттiк қазына.
    лық кәсiпорны;

2.  "Математика институты"            "Физикалық-математика-
    республикалық мемлекеттiк қазы.   лық зерттеулер орталығы"
    налық кәсiпорны;                  шаруашылық жүргiзу
    "Информатика және басқару         құқығындағы республикалық
    проблемалары институты"           мемлекеттік кәсiпорны,
    республикалық мемлекеттік         Алматы қаласы
    қазыналық кәсiпорны;
    "Ө. А. Жолдасбеков атындағы
    Механика және машинатану инс.
    титуты" республикалық мемле.
    кеттiк қазыналық кәсiпорны;

3.  "Ғарыштық зерттеулер институты"   "Астрофизикалық зерттеулер
    республикалық мемлекеттiк         орталығы" шаруашылық жүргiзу
    қазыналық кәсiпорны;              құқығындағы республикалық
    "В.Г. Фесенков атындағы Астро.    мемлекеттiк кәсiпорны,
    физика институты" республикалық   Алматы қаласы
    мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
    "Ионосфера институты" респуб.
    ликалық мемлекеттiк қазыналық
    кәсiпорны

4.  "Зоология институты" республи.    "Биологиялық зерттеулер
    калық мемлекеттiк қазыналық       орталығы" шаруашылық
    кәсiпорны;                        жүргізу құқығындағы
    "Адам және мал физиологиясы       республикалық мемлекеттік
    институты" республикалық мемле.   кәсiпорны, Алматы қаласы
    кеттiк қазыналық кәсiпорны;
    "М.А. Айтхожин атындағы
    Молекулярлық биология және
    биохимия институты" республи.
    калық мемлекеттiк қазыналық
    кәсiпорны;
    "Ботаника және фитоинтродукция
    институты" республикалық мемле.
    кеттiк қазыналық кәсіпорны

5.  "У.М. Ахмедсафин атындағы         "Геологиялық-географиялық
    Гидрогеология және гидрофизика    зерттеулер орталығы"
    институты" республикалық мемле.   шаруашылық жүргiзу
    кеттiк қазыналық кәсiпорны;       құқығындағы республикалық
    "Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология   мемлекеттік кәсiпорны,
    ғылымдары институты" республи.    Алматы қаласы
    калық мемлекеттік қазыналық
    кәсiпорны;
    "География институты" республи.
    калық мемлекеттiк қазыналық
    кәсiпорны;
    "Сейсмология институты"
    республикалық мемлекеттiк
    қазыналық кәсiпорны
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң     
2004 жылғы 5 наурыздағы
N 280 қаулысына   
2-қосымша      

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң жаңадан
құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттiк кәсiпорындарына құруға рұқсат етiлетiн еншiлес
мемлекеттік кәсiпорындарының
Тізбесі

___________________________________________________________________
Р/с|Құрылатын негізгi    |1-бағанда көрсетiлген республикалық
N  |республикалық        |мемлекеттiк кәсiпорындарға құруға
   |мемлекеттiк          |рұқсат етiлген еншiлес мемлекеттiк
   |кәсiпорындардың атауы|кәсiпорындардың атауы
___|_____________________|_________________________________________
1            2                     3
___________________________________________________________________
1.  "Химиялық-технология.  "А.Б.Бектұров атындағы Химия
    лық зерттеулер орта.   ғылымдары институты" еншiлес
    лығы" республикалық    мемлекеттiк кәсiпорны;
    мемлекеттiк кәсiпорны  "Д.В.Сокольский атындағы
                           Органикалық катализ және электрохимия
                           институты" еншiлес мемлекеттiк
                           кәсiпорны;
                           "Металлургия және кен байыту институты"
                           еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны;
                           "Физикалық-техникалық институты" еншiлес
                           мемлекеттiк кәсiпорны;

2.  "Физикалық-математи.   "Математика институты" еншiлес мемлекет.
    калық зерттеулер       тік кәсiпорны;
    орталығы" республи.    "Информатика және басқару проблемалары
    калық мемлекеттiк      институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны;
    кәсiпорны              "Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика
                           және машинатану институты" еншiлес
                           мемлекеттік кәсiпорны;

3.  "Астрофизикалық зерт.  "Ғарыштық зерттеулер институты"
    теулер орталығы"       еншiлес мемлекеттік кәсiпорны;
    республикалық мемле.   "В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика
    кеттiк кәсiпорны       институты" - еншiлес мемлекеттiк
                           кәсiпорны;
                           "Ионосфера институты" еншiлес мемлекеттік
                           кәсiпорны
4.  "Биологиялық зерттеу.  "Зоология институты" еншiлес
    лер орталығы" респуб.  мемлекеттiк кәсiпорны;
    ликалық мемлекеттік    "Адам және мал физиологиясы
    кәсiпорны              институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны;
                           "М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық
                           биология және биохимия институты"
                           еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны;
                           "Ботаника және фитоинтродукция
                           институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны

5.  "Геологиялық-геогра.   "У.М.Ахмедсафин атындағы
    фиялық зерттеулер      Гидрогеология және гидрофизика
    орталығы" республи.    институты" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорны;
    калық мемлекеттiк      "Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология
    кәсiпорны              ғылымдары институты" еншiлес мемлекеттiк
                           кәсiпорны;
                           "География институты" еншiлес
                           мемлекеттiк кәсiпорны;
                           "Сейсмология институты" еншiлес
                           мемлекеттiк кәсiпорны
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады