Маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Сарыарқа-Даму" өндірістік-құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру үшін сатып алудың маңызды стратегиялық мәні бар, 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік үй-жайларын күрделі жөндеу жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетуді беруші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен:
      1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіруді;
      2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесінің қызметтік үй-жайларын күрделі жөндеу үшін бөлінген қаражаттың оңтайлы әрі ұтымды жұмсалуы қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады