Қазақстан Республикасы Yкiметінің резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 323 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнің қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 қаулысына сәйкес және Астана қаласы сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы шешiмiн және Астана қаласы сотының 2003 жылғы 2 қыркүйектегi ұйғарымын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 2004 жылға арналған республикалық бюджетте сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнің, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерiнің мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен Астана қаласы сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Алматықұрылыс" ашық акционерлiк қоғамының пайдасына шығарылған шешiмiн орындау үшiн 68302138 (алпыс сегiз миллион үш жүз екі мың бір жүз отыз сегіз) теңге, оның iшiнде негiзгi борыштың қалған сомасын өтеу үшiн 64435979 (алпыс төрт миллион төрт жүз отыз бес мың тоғыз жүз жетпiс тоғыз) теңге және жергiлiктi бюджет кiрiсiне мемлекеттiк баж төлеу үшiн 3866159 (үш миллион сегiз жүз алпыс алты мың бiр жүз елу тоғыз) теңге мөлшерiнде қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Pecпубликасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Mинистрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады