Локомотив жабдықтарын жеткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 350 қаулысы

      2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы, "Локомотив" акционерлiк қоғамы, "Қазтемiржолкөлiк" акционерлiк қоғамы, АБН AMPO Банк H.B. және Америка Құрама Штаттарының Экспорттық-импорттық Банкi арасындағы кредиттік шарттың (бұдан әрi - кредиттік шарт) орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановқа "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының бiрден-бiр акционерлік атынан Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Экспорттық-импорттық банкi арасындағы локомотив жабдықтарын жеткiзу туралы шартқа (бұдан әрi - шарт) қол қою тапсырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi кредиттiк шартқа сәйкес кепіл заты болып табылатын локомотивтерге билiк етудi шектеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының өзге де мүдделi мемлекеттік органдары шарттың тиiсiнше орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады