"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
1) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабілетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлу ережесi;
2) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер көзделетiн өңiрлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдері бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн және есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне бөлiнген мақсатты трансферттердiң пайдаланылуы туралы тиiстi есептi ұсынсын.
Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын,
мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және
көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлу
ережесi
1. Осы Ереже "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының
26-бабына
сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлудiң тәртiбiн реттейдi.
2. Жергілiктi бiлiм берудi басқару органдары жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне сурдо және тифлоқұралдарға өтiнiмдер бередi.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi тиiстi қаржы жылына бөлiнетiн қаражат шегiнде жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабілетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер көзделетiн өңiрлер тiзбесiнiң (бұдан әрi - Тiзбе) жобасын қалыптастырады.
4. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Тiзбеге сәйкес iске асырылады.
Жергілiктi бюджеттерден қаржыландырылатын,
мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және
көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер көзделетiн өңiрлердiң тiзбесi
___________________________________________________________________
Р/с| |
N | Атауы |Сомасы, мың теңге
___|____________________________________________|__________________
1 2 3
___________________________________________________________________
Барлығы 112 165
1. Ақмола облысы 6 400
2. Ақтөбе облысы 3 200
3. Алматы облысы 3 200
4. Атырау облысы 1 600
5. Шығыс Қазақстан облысы 16 896
6. Жамбыл облысы 7 296
7. Батыс Қазақстан облысы 8 146
8. Қарағанды облысы 7 296
9. Қостанай облысы 7 297
10. Қызылорда облысы 7 296
11. Маңғыстау облысы 7 296
12. Павлодар облысы 3 200
13. Солтүстiк Қазақстан облысы 3 200
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы 12 096
15. Алматы қаласы 13 696
16. Астана қаласы 4 050