Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесiнiң 2001 жылғы 31 мамырдағы N 14 шешiмiмен бекiтiлген Еуразиялық экономикалық қоғамдастық органдарының лауазымды адамдары туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Виктор Васильевич Соболев Қазақстан Республикасына бекiтiлген Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы Экономикалық саясат департаментінің басшысы атқарып отырған квоталық лауазымынан керi шақырылсын.
2. Александр Яковлевич Казаков Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетi Хатшылығында Экономикалық саясат департаментiнің басшысы лауазымында жұмыс iстеу үшiн жiберiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi