"Қазақстан Республикасының кейбiр конституциялық заңдарына мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 560 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр конституциялық заңдарына мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба 

Қазақстан Республикасының
Конституциялық Заңы Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттiк басқару деңгейлері арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджеттiк қатынастар мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:

      1. "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 10, 341-құжат):
      1) 21-баптың 1-тармағында:
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) референдумның бастамашыл топтарын және оның референдумға ұсынатын мәселесін (мәселелерiн) тiркеудi жүзеге асырады. Бұл туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарына берудi қамтамасыз eтeдi;";
      мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      12) референдумның бастамашыл топтарын тiркеу туралы куәлiк нысанын бекiтедi;
      13) дайындық парақтарын бере отырып, бiр мезгілде референдумның бастамашыл топтарын тiркеу туралы куәлiк берудi жүзеге асырады;
      14) осы Конституциялық Заңда көзделген жағдайларда бастамашыл топтар мүшелерiнiң қызметін тоқтату туралы; куәлiктi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды;
      15) осы Конституциялық Заңда көзделген жағдайларда жекелеген учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) референдум өткiзудi жарамсыз деп таниды.";
      2) 22-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) референдумның бастамашыл топтарының қол қою парақтарын тексерудi жүргізеді.";
      3) 23-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) бюллетеньдердi жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдайды.";
      4) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Референдумның нәтижелерiн шығару кезiнде бюллетеньдердiң жарамсыз деп танылуына байланысты келiспеушiлiктер туындаған жағдайда мәселенi дауыс беру жолымен референдумның учаскелiк комиссиясы шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң дауысымен қабылданады.".

      2. "Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 4, 44-құжат; 1999 ж., N 10, 344-құжат):
      1) 14-баптың 6) тармақшасында, 15-баптың 4) тармақшасында "қолданылып жүрген заңдарда белгіленген" деген сөздер "оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентiнiң актілерiмен жүктелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 19-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында "Республиканың заңдарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентiнiң актілерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24):
      1) актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы";
      2) кiрiспе алынып тасталсын;
      3) мәтiнде "осы Жарлықты", "осы Жарлықта", "осы Жарлықпен", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықтың", "осы Жарлық" деген сөздер "осы Конституциялық заңды", "осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңмен", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңның", "осы Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 42-бап алынып тасталсын.

       2-бап. Осы Конституциялық заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады