"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2004 жылғы 20-21 мамырда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өтетін Беларусь Республикасының өнеркәсіптiк-инвестициялық әлеуетiн зерделеу жөніндегi келiссөздерге, сондай-ақ 2004 жылғы 22 мамырда Ялта қаласында (Украина) өтетін Жоғары деңгейдегi топтың он екiншi мәжілiсiне Қазақстан Республикасы делегациясының қатысуы үшiн оларды сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Астана - Минск - Симферополь - Астана бағыты бойынша арнайы рейсті жүзеге асыру жөнiндегi қызметтердi берушi болып "Еуро-Азия Эйр" авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамы белгіленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдiк iссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде қызметтi мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
осы қаулыға сәйкес қызметтi мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшінe енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi