Республикалық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде мемлекеттiң атынан акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және қатысудың мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 565 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.10.2014 № 1143 қаулысымен.

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы 34-бабының 3-тармағын орындау үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Мемлекеттiк органдар, оның iшiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) республикалық меншiктегi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне және қатысудың мемлекеттік үлестерiне иелiк етуi және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруы кезiнде:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiң қатысуы бар акционерлiк қоғамдардың жалпы жиналыстарында қабылдау үшiн ұсынылатын мынадай:
      қоғам жарғысына өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу немесе оны жаңа редакцияда бекiту;
      қоғамды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
      жарғылық капиталдың мөлшерiн өзгерту;
      есептi қаржы жылында қоғамның таза кiрiсiн бөлудiң тәртiбi;
      қоғамға тиесiлi барлық активтердiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердiң бiр бөлiгiн немесе бiрнеше бөлiгiн беру жолымен қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау;
      қоғамның меншiктi капиталы мөлшерiнiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға қоғамның мiндеттемелерiн ұлғайту туралы шешiм қабылдау;
      оларды жасасуда қоғам мүддесi бар iрi мәмiлелердi және мәмiлелердi жасасу туралы шешiмдердi қоғамның бекiтуi;
      директорлар кеңесiнiң сандық құрамын, өкiлеттiгi мерзiмiн айқындау, оның мүшелерiн сайлау және олардың өкілеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу мөлшерi мен шарттарын айқындау;
      "алтын акцияны" енгiзу және оның күшiн жою мәселелерi бойынша күн тәртiбiнiң мазмұны мен шешiмдердiң жобаларын алдын ала жазбаша түрде келiссiн;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, атқарушы орган басшысын (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау жәнe өкілеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату мәселелерiн Комитетпен келiсудi қамтамасыз етсiн;
      3) акциялардың кемiнде 50 пайызына мемлекет ие акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесi құрамына Комитет өкiлдерiн енгiзудi қамтамасыз етсiн;
      4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген акционерлiк қоғамдардың директорлар кеңесi құрамына Комитет өкiлдерiн енгiзу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын;
      5) мемлекеттiң үлестiк қатысуымен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге (бұдан әрi - серiктестiк) қатысушылардың жалпы жиналыстарында қабылдау үшiн ұсынылатын мынадай:
      жарғыға өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекiту;
      серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату;
      жарғылық капиталдың мөлшерiн өзгерту;
      жылдық қаржы есептілiгiн бекiту және таза кiрiстi бөлу;
      серiктестiктiң өзге де заңды тұлғаларда қатысуы туралы шешiм;
      серiктестiктiң бүкіл мүлкiнiң кепілi туралы шешім;
      серiктестiктiң атқарушы органын құру, оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк мүлкiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру жөнiндегi мәмілелер туралы шешiм қабылдау;
      байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiнi) сайлау және өкілеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;
      қатысушыдан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдау мәселелерi жөнiндегi күн тәртiбiнiң мазмұны мен шешiмдердiң жобаларын Комитетпен алдын ала жазбаша келiссiн;
      6) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Комитетке ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 20 мамырдағы
N 565 қаулысына  
1-қосымша      

      Ескерту. Кестеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.26. N 839 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
  мүлiк және жекешелендiру комитетiне мемлекеттiк органдардың
                  ақпарат беруiнiң кестесi
____________________________________________________________________
р/с|               Ақпарат          |       Беру мерзiмдерi
N |                                |
____________________________________________________________________
1                 2                              3
____________________________________________________________________
1.  Акционерлiк қоғамдардың            жыл сайын, жиналыс өткiзiл.
    (жауапкершiлiгi шектеулi           геннен кейiн 10 күннiң
    серiктестiктердiң) акционерлерi    iшiнде, сырттай дауыс беру
    (қатысушылары) жалпы               жолымен шешiм қабылданған
    жиналыстарының шешiмдерi           жағдайда - 15 күн iшiнде

2.  Iшкi аудит қызметiнiң (тексеру     жыл сайын, тиiстi тексеру
    комиссиясының) қорытындылары       өткiзiлгеннен кейiн 5 күннiң
                                       iшiнде

3.  Аудит жүргiзудiң нәтижелерi        жыл сайын, аудит жүргiзiлген.
                                       нен кейiн 5 күннiң iшiнде

4.  Акционерлiк қоғамдардың            өткiзiлуiне орай, жиналыс
    (жауапкершiлiгi шектеулi           өткiзiлгеннен кейiн 10
    серiктестiктердiң) акционерлерi    күннiң iшiнде; сырттай дауыс
    (қатысушылары) кезектен тыс        беру жолымен шешiм қабылдан.
    жалпы жиналыстарының шешiмдерi     ған жағдайда - 15 күн iшiнде

5.  Директорлар кеңесi отырысының      өткiзiлуiне орай, отырыстан
    шешiмi                             кейiн 7 күннiң iшiнде

6.  Соттың шешiмi (айқындамасы)        соттың шешiмiн (айқындамасын)
    (олар болған жағдайда)             алғаннан кейiн 3 күннiң
                                       iшiнде

7.  Акциялардың мемлекеттiк            тоқсан сайын, келесi айдың
    пакеттерiне (мемлекеттiң қатысу    5 күнiне дейiн
    үлесiне) дивидендтердi аудару
    туралы мәлiмет

8.  Акционерлiк қоғамдар жасайтын      шарттарға қол қойылғаннан
    iрi мәмiлелердiң барлық түрлерi    кейiн 5 күннiң iшiнде
    бойынша шарттардың көшiрмелерi

9.  Қазақстан Республикасы             жыл сайын, 15 қыркүйекке
    Қаржы министрінің 2007 жылғы       дейін
    23 мамырдағы N 184 бұйрығымен
    бекітілген нысандар бойынша
    жария мүдделі ұйымдардың
    (қаржылық ұйымдардан басқа)
    қағаз және электрондық
    жеткізгіштердегі
    қаржылық есептілігі

10. Қазақстан Республикасы Қаржы       бекiтiлген күннен бастап 5
    Министрінің 2005 жылғы 27 жел-     жұмыс күнi iшiнде
    тоқсандағы N 441 бұйрығына сәй-
    кес нысандар бойынша Қазақстан
    Республикасы Ұлттық Банкі мен
    Қазақстан Республикасы Прези-
    дентінің Іс басқармасы респуб-
    ликалық мемлекеттік меншік
    құқығы субъектісінің функция-
    ларын жүзеге асыратын ұлттық
    компаниялар мен ұйымдарды қос-
    пағанда, акцияларының бақылау
    пакеттері (қатысу үлестері)
    мемлекетке тиесілі акционерлік
    қоғамдардың (жауапкершілігі
    шектеулі серіктестіктердің)
    қаржы-шаруашылық қызметі жос-
    парларының қағаз және электрондық
    жеткізгіштердегі көшірмелері

10-1. Қазақстан Республикасы            бекітілген күннен бастап
      Қаржы министрінің 2006 жылғы 15   5 жұмыс күннің ішінде
      тамыздағы N 302 бұйрығына сәйкес
      нысандар бойынша Қазақстан Респуб-
      ликасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан
      Республикасы Президентінің Іс
      басқармасы республикалық мемлекеттік
      меншік құқығы субъектісінің функция-
      ларын жүзеге асыратын ұлттық компа-
      ниялар мен ұйымдарды қоспағанда,
      акцияларының бақылау пакеттері
      (қатысу үлестері) мемлекетке
      тиесілі акционерлік қоғамдардың
      (жауапкершілігі шектеулі серіктес-
      тіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі
      жоспарларының орындалуы жөніндегі
      есептердің қағаз және электрондық
      жеткізгіштердегі көшірмелері 

11. Акциялардың мемлекеттiк пакетiне   жоспарланатынның алдындағы
    дивидендтер мөлшерiнiң болжамды    жылдың 1 сәуiрiне дейiн
    көрсеткiштері
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 20 мамырдағы
N 565 қаулысына  
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде мемлекеттiң атынан акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне және қатысудың мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 285-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 30 маусымдағы N 908 қаулысы .

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 177 қаулысы .

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 882 және 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1405 қаулысының 1-тармағының 1-тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 47, 480-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады