"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1134 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 681 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1134 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiне қарауына енгiзiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентiнің 1993 жылғы
5 наурыздағы N 1134 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

      Қаулы етемін:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1134  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 6, 76-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақта "50" деген сандар "80" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады