"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектердi және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларды әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Респуюликасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 шілдедегі N 737 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектердi және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзілсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заң актiлерiне
Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, мүгедектердi және
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы
алушыларды әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi
бойынша өзгерiстер енгiзу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат; 1999 ж., N 8, 239-құжат; N 23, 925-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат; 2003 ж., N 1-2, 13-құжат):
      1) 12-бапта:
      1-тармақта:
      екiншi абзацтағы "7" деген сан "10" деген сандармен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "5" деген сан "7,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "3" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацтағы "4" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "7" деген сан "10" деген сандармен ауыстырылсын;
      жетіншi абзацтағы "5,5" деген сандар "8" деген санмен ауыстырылсын;
      сегiзiншi абзацтағы "4" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      екiншi абзацтағы "9" деген сан "12" дегeн сандармен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "7" деген сан "9,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "5" деген сан "7" деген санмен ауыстырылсын;
      2) 16-бапта:
      1-тармақтағы "10" деген сандар "12" деген сандармен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "3,5" деген сандар "4,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "3" деген сан "3,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      төртiншi абзацтағы "2,5" деген сандар "2,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      бесiншi абзацтағы "2" деген сан "2,3" деген сандармен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiгiндегi "он еселенген" деген сөздер "он екi еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегi  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат; 2000 ж., N 23, 411-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат; 2002 ж., N 6, 71-құжат):
      7-баптың үшiншi бөлiгінiң 1), 2) тармақшасындағы "5,8", "7,1" деген сандар "15" деген сандармен ауыстырылсын.

       2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады