Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнің арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 477 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
екiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Нартай Нұртайұлы Дүтбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметінiң арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келiсiмдi жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі