"Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамына кредит ресурстарын беру шарттарын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі N 785 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832  қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Даму Банкi) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңының 38-бабына сәйкес 007 "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ кредит ресурстарын бepу" бағдарламасы бойынша 4599000000 (төрт миллиард бес жүз тоқсан тоғыз миллион) теңге сомасында кредит ресурстары (бұдан әрi - Кредит) берiлсiн.

      2. Даму Банкiне Кредит берудiң мынадай шарттары айқындалсын:
      1) Кредит Даму Банкiне жылдық 0,1 (нөл бүтiн оннан бiр) пайызға тең сыйақы ставкасы бойынша 15 (он бес) жыл мерзiмге мерзiмдiк, ақылық және қайтарымдылық шарттарымен берiледi;
      2) Даму Банкiне Кредит берудiң мақсаты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289  қаулысымен бекiтiлген "Қазақстанның Даму Банкi" акционерлiк қоғамының кредит саясаты меморандумында белгiленген экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларға кредит беру ставкасын төмендету болып табылады;
      3) кредит шартының тараптары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі (бұдан әрi - Қаржы министрлігі), Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі (бұдан әрi - әкiмшi) және Даму Банкi болып табылады;
      4) Кредит бойынша негiзгі борыш өтелiмiн Даму Банкi осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген мерзiмнiң соңында бiр жолға жүзеге асырады;
      5) Кредит бойынша есептелген сыйақы төлемi жарты жылдық кезеңділiкпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақының бiрiншi төлемi Кредитті игерген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн жүзеге асырылады;
      6) республикалық бюджеттен Кредит бөлудi әкiмшi өтiнiмiнiң негiзiнде Кредит сомасын әкiмшiнiң бюджеттiк шотынан Даму Банкiнiң корреспонденттік шотына бiр жолғы аудару жолымен Қаржы министрлiгi жүзеге асырады;
      7) Кредит әкiмшiнiң бюджеттiк шотынан қаражат алынған сәттен бастап игерiлдi деп саналады;
      8) Кредит қаражатын экспорттық операцияларға кредит беруге жұмсауға болмайды.

      3. Қаржы министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген кредит шартының жасалуын қамтамасыз етсiн.

      4. Кредиттiң игерiлуiн, мақсатты пайдаланылуын, республикалық бюджетке уақтылы және толық өтелуiн бақылауды Қаржы министрлiгi және әкiмшi жүзеге асырады.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады