Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.06 № 422 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 сәуірдегі N 431 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 147-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
қазақша мәтініндегі тақырыбында "Мұнайдың төгілуіне" деген сөздер өзгеріссіз қалады;
мыналар енгізілсін:
Бижанов Нұрахмет Құсайынұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы, төраға;
Дүйсекенов Нұрсіләм Рахымұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау, техникалық және тау-кен қадағалау жөніндегі департаментінің директоры, хатшы;
мыналар шығарылсын: Нұрқаділов Заманбек Қалабайұлы, Оглов Вадим Валерьевич.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі