Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 821 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

  Республикалық бюджет комиссиясы
туралы ереженi бекiту туралы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі  Бюджет кодексiне сәйкес қаулы етемін:

      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801  Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 37-құжат, N 38, 39-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы  
Президентiнiң      
2004 ж. "__" ______   
N __ Жарлығымен    
бекiтiлген       

  Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) қызметiн реттейдi.

      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негізiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы , Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексi , Қазақстан Республикасының заңнамасы және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы ереже құрайды.

  2. Комиссия қызметiнiң мақсаты

      3. Комиссия қызметiнiң негізгі мақсаты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзiрлеудi қамтамасыз ету және республикалық бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар жасау болып табылады.

  3. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      4. Комиссияның негiзгі мiндеттерi:
      1) мыналар:
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясат;
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының көрсеткіштерiн айқындау;
      алдағы үш жылдық кезеңде және жоспарланатын қаржы жылында қаржыландыру үшін бюджеттiк бағдарламаларды iрiктеу, орта мерзiмдi фискалдық саясатқа негізделе отырып, оларды iске асыру тетігін айқындау;
      республикалық немесе жергілiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдердiң қысқаруын көздейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобалары;
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылау;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуын бағалау нәтижелерiн қарау жөнiнде ұсыныстар жасау;
      2)  Бюджет кодексiнде және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктер.

      5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және мыналарды:
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамды көрсеткiштерiн;
      алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсiмдерiнiң болжамды көрсеткiштерiн;
      республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асыру тәсiлдерiн;
      бюджет қаражатын жұмсаудың және заңды тұлғаларды субсидиялаудың басым бағыттарын;
      бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
      мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
      республикалық бюджет шығыстарының лимиттерiн;
      мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiнде жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн;
      мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiнде республикалық бюджеттен дамуға мақсатты трансферттер және кредит беру есебiнен қаржыландырылатын, жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге арналған басымды жергілiкті бюджеттiк инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн;
      заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестицияларды;
      жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге арналған қаржыландыруды талап ететiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiн;
      бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыру көздерi мен тетiктерiн;
      республикалық бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қаржыландыруға бағытталған және республикалық бюджеттен дамуға мақсатты трансферттер мен кредиттердi көздейтiн бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiн айқындайды;
      2) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және мынадай:
      республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарын және ұлттық компаниялардың орта мерзiмдi даму жоспарын мақұлдау;
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын мақұлдау;
      өткен кезеңде бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру тиiмдiлігін бағалау нәтижелерi;
      мемлекеттiк бюджеттiң және республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамды көрсеткiштерiн есепке ала отырып, заттай нормаларды өзгерту немесе алып тастау туралы ұсыныстар;
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiк өтiнiмдер және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган қорытындылары;
      орталық мемлекеттік органдардың байланыстырылған гранттарды тартуға өтiнiмдерi;
      алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы;
      республикалық немесе жергiлiктi бюджеттер шығыстарының ұлғаюын немесе түсiмдерiнiң қысқаруын көздейтiн Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулылары жобаларының ережелерi;
      республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттердiң көлемдерi бойынша ұсыныстар;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi нақтылау;
      бюджеттiк өтiнiмдердi қарау кезiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi мен бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі уәкiлеттi органның арасындағы келiспеушіліктердi реттеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

  4. Комиссияның құқықтары

      6. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн мамандарды және сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) оның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және ұсыныстар енгізуге;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшін қажеттi материалдарды сұратуға және оларды алуға;
      4) Комиссияның мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органның және ұйымның бiрiншi басшыларын, ал олар болмаған кезде - бiрiншi басшысының мiндетiн атқарушы тұлғаларды Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
      5) Комиссияның құзыретіне кiретiн мәселелердi қарау үшiн тақырыптық блоктар бойынша кiшi комиссияларды құруға құқығы бар.

  5. Комиссияны қалыптастырудың және оның қызметiнiң тәртiбi

      7. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

      8. Комиссия құрамына:
      1) Комиссия төрағасы;
      2) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
      3) Комиссия хатшысы;
      4) Комиссия мүшелерi кiредi.

      9. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, Комиссия отырыстарын өткiзедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң іске асырылуы үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын ол тағайындаған Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      10. Комиссия хатшысы Комиссияның қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындайды.

      11. Комиссия мүшелерiнiң отырыстарға қатысу жөнiндегi өздерiнiң өкiлеттiктерiн басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

      12. Комиссия жұмыстың жоспар-кестесiн белгілейдi. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу кезеңiнде Комиссия жұмысының жоспар-кестесi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттiк бюджеттi әзiрлеу ережесiнде айқындалған мерзiмдерге сәйкес белгіленеді.

      13. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы, сондай-ақ Комиссия мүшелерiне сауал қою жолымен қабылданады және егер, олар үшiн қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгі жақтап дауыс бepce, қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдау кезiнде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы жақтап дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.

      14. Комиссия отырыстарының күн тәртiбi мәселелерін қараудың нәтижелерi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң қорытындысы көрсетiле отырып, тиiстi хаттамаларға енгiзiледi және төраға айқындайтын жағдайларда Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелерi қол қояды. Комиссия қабылдаған шешiм төраға мен хатшы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда отырыстың хаттамасына қоса берiлетiн өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге құқығы бар.

      15. Комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында қабылданған шешімдерін барлық мемлекеттік органдар мiндеттi түрде қарауы және көрсетiлген мерзiмде орындауы тиiс.

      16. Комиссияның жұмыс органы бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган болып табылады.

      17. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметiнiң ұйымдық мәселелерiн Комиссияның жұмыс органы шешедi.

      18. Комиссия немесе жұмыс органы айқындайтын мерзiмге және күн тәртiбiне сәйкес Комиссия отырыстарына материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелерiне тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша оларға Комиссияның хаттамалық шешiмдерiнен үзiндi көшiрмелер жiберу, сондай-ақ нормативтік құқықтық кесiмдерден және осы ережеден туындайтын басқа да функциялар жұмыс органының функциялары болып табылады.

  6. Комиссияның қызметін тоқтату

      19. Комиссияның қызметiн тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Президентiнің Комиссия қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдауы негiз болады.

      20. Осы ереженiң 19-тармағында көрсетiлген, Комиссияның қызметiн тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлар туындаған кезде Қазақстан Республикасының Президентiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне жасалған жұмыс туралы есеп-хат жiберiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады