Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 3 тамыздағы
N 827 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. <*>
Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен .
2. <*>
Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен .
3. "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 қазандағы N 1064 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасында:
"Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Әмрин Ғұсман Кәрiмүлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;";
"Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;".