"Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегі кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингiне кредит беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 236 қаулысына сәйкес 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 012 "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегі кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингiне кредит бepу" бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен кредиттер алуға қарыз алушы банктер болып мынадай ұйымдар белгіленсiн:
1) "Ет қайта өңдеу" iшкi саласы (лот) бойынша - "Валют-Транзит Банк" ашық акционерлiк қоғамы:
кредит сомасы - 114020000 (бiр жүз он төрт миллион жиырма мың) теңге;
кредит мерзiмi - 7 (жетi) жыл;
сыйақы ставкасы - жылдық 0,5%;
2) "Tepi шикiзатын және жүндi қайта өңдеу" iшкi саласы (лот) бойынша - "Қазкоммерцбанк" акционерлiк қоғамы:
кредит сомасы - 135000000 (бip жүз отыз бес миллион) теңге;
кредит мерзiмi - 7 (жетi) жыл;
сыйақы ставкасы - жылдық 0,5%;
3) "Майлы дақылдарды қайта өңдеу" iшкi саласы (лот) бойынша - "Валют-Транзит Банк" ашық акционерлiк қоғамы:
кредит сомасы - 135000000 (бiр жүз отыз бес миллион) теңге;
кредит мерзiмi - 7 (жетi) жыл;
сыйақы ставкасы - жылдық 0,5%.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Валют-Транзит Банк" ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша), "Қазкоммерцбанк" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы