Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне өзгерістер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 тамыздағы N 891 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2004 жылғы 24 тамыздағы 
N 891 қаулысымен    
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      реттік нөмiрлерi 21-28 ("Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" ЖАҚ) және 111-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "AҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 123-29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "123-29 "Мектеп" баспасы" ЖШС".
      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгіне" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 223, 224-16-жолдарда "ЖАҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмiрi 224-4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "224-4 "Мектеп" баспасы" ЖШС".
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 747 Қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29 N 1130 қаулысымен.
      5. "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 9 сәуiрдегi N 398 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 16, 209-құжат):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.С.Әйтімоваға жүктелсiн.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
      мәтіндегі "Хабар" агенттігі" ЖАҚ" деген сөздер "Xaбap" агенттігі" АҚ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      7-бағанда, реттік нөмiрлерi 3.1. және 3.9-жолдарда "Қазақстан" РТРК" ЖАҚ" деген сөздер "Қазақстан" РТРК" AҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады