Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі N 398 қаулысы

      Азаматтардың ақпараттық қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру, телерадио хабарларын таратудың бүкіл инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі қаңтарда және шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.12.31.  N 21   қаулысымен .

      3. Осы Бағдарламаның iске асырылу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С. Есiмовке жүктелсiн.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.12.31.  N 21   қаулысымен .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2004 жылғы 9 сәуірдегі 
N 398 қаулысымен   
бекітілген      

  Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы

       Ескерту. Бағдарламаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N  891 , 2005.12.31.  N 21   қаулысымен .

  1. Бағдарламаның паспорты

Атауы          Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын
               таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
               бағдарламасы

Iске асыру     2004-2006 жылдар
мерзiмi

Бағдарламаның  Бағдарламаның негiзгi мақсаты - Қазақстан
мақсаты        Республикасы азаматтарының, мемлекеттiк билiк,
               жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдары мен
               қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн
               неғұрлым толық қанағаттандыру үшiн телевизия және
               радио хабарларын таратуды дамыту болып табылады

Бағдарламаның  Мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу
міндеттерi     қажет:
               телерадио хабарларын тарату саласында мемлекеттiк
               реттеудi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру;
               Қазақстан Республикасының халқын "Қазақстан",
               "Хабар" телевизиялық және Қазақ радиосының
               бағдарламаларын қабылдауды кезең-кезеңiмен
               қамтуды қамтамасыз ету;
                 өңiрлiк телевидение және радио хабарларын
               таратуды дамыту;
                 Қазақстанның бейне саясатын iске асыру;
                 телевизиялық және радио бағдарламаларының
               техникалық сапасын арттыру;
                 табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар
               кезiнде телевизия және радио хабарларын тарату
               желiсiнiң тұрақтылығы талаптарын қамтамасыз eту;
                 телерадиокомпаниялардың хабар тарату, желiсiн
               дамытуды ынталандыру;
                 көп бағдарламалы телевизия және радио хабарларын
               таратуды дамыту;
                 цифрлық телерадио хабарларын тарату жүйесiн құру;
                 телевизия және радио хабарларын тарату желiсi
               ұсынатын қызмет көрсетулер санын көбейту

Қаржыландыру     Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет,
көздерi        телевизия және радио хабарларын тарату желiсi
               субъектiлерiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге
               асырылатын болады.
                 2004-2006 жылдарға арналған есеп айырысу
               қажеттiлiк 18605926 мың теңгенi құрайды, соның
               iшiнде республикалық бюджет есебiнен:
                 2004 жылы - 4884511 мың теңге;
                 2005 жылы - 5128737 мың теңге;
                 2006 жылы - 5359530 мың теңге.

Күтілетін        Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
нәтиже           1) телевизия және радио хабарларын тарату
               саласында қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер
               жетiлдiрiледi;
                 2) телевизия және радио хабарларын тарату
               бағдарламаларының сапасы мен тартымдылығы
               арттырылады;
                 3) "Хабар", "Қазақстан" телевизиялық
               бағдарламаларының және Қазақ радиосының тәулiк
               сайынғы хабар тарату көлемi тиiсiнше 15, 20 және 24
               сағатқа дейiн ұлғайтылады;
                 4) телевизия және радио хабарларын тарату
               бағдарламаларының ТМД елдерiне және алыс шетелдерге
               шығуы үшiн қолайлы жағдайлар жасалады және осы
               мемлекеттердiң халқына Қазақстанның қоғамдық-саяси,
               мәдени-экономикалық өмiрi туралы объективтi
               ақпаратты жеткiзу қамтамасыз етiледi;
                 5) халықты "Хабар" телевизиялық бағдарламаларымен
               98%-ғa және "Қазақстан" телевизиялық
               бағдарламаларымен 96%-ға, сондай-ақ Қазақ радиосының
               бағдарламасымен 90%-ға дейiн қамтуға кезең-кезеңiмен
               қол жеткiзу қамтамасыз eтiледi;
                 6) телевизия және радио бағдарламаларын эфирлiк
               трансляциялау желiсiн жаңғырту аяқталады, оны
               ұстауғa арналған шығындарды азайтуға мүмкiндiк
               бередi;
                 7) 2005 жылы телерадио хабарларын таратудың
               цифрлық эфирiн тәжiрибелiк пайдалану басталады;
                 8) қуаттылығы аз телевизия және
               радиотаратқыштардың отандық өндiрiсi кеңейтiледi;
                 9) қуаттылығы аз 500 телевизиялық және
               радиотаратқыштарды ауыстыру жүргiзiледi.

  2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасының 1999-2005 жылдарға арналған Ұлттық қауiпсiздiгi стратегиясының 3-тарауын, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы N 2028-124өқ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiгiнiң 1999-2005 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.3.2.1. тармағын, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң 2001 жылғы 15 наурыздағы отырысы N 1 хаттамасының 1.2.1 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 6.5.11 тармағын орындау мақсатында әзiрлендi.
      Осы бағдарлама тұжырымдамалық құжат болып табылатын, оның бөлiмдерiнiң бiрi ақпараттық қауiпсiздiк пен тәуелсiз ақпараттық кеңiстiктi нығайту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру тұжырымдамасы мәселелерiне арналған Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясы негiзiнде әзiрлендi.
      Бағдарламада саяси маңызы бар, соның iшiнде телевизия және радио хабарларын таратудың арнайы дайындалған бағдарламаларын ТМД елдерiне және алыс шетелдерге трансляциялауды, халықты әртүрлi технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттiк телевизиялық және радио бағдарламаларымен барынша қамтуды қамтамасыз етудi ұйымдастырудағы жалпыұлттық сипаттағы ең ipi және маңызды мәселелердi шешу көзделедi.
      Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату саласының тұтастай алғанда мемлекеттiң де, сол сияқты қоғамның да әлеуметтiк, экономикалық және саяси мүдделерiнiң үлкен спектрiн қамтитын, оны экономиканың айрықша секторына бөлетiн бiрқатар сипатты ерекшелiктерi бар.
      Осы Бағдарламада телерадио хабарларын тарату саласын дамытудың негiзгi мақсаттары, мiндеттерi және бағыттары, Қазақстан Республикасының радио- және телевизия хабарларын тарату желiсiн жаңғырту мен дамыту жөнiнде 2004-2006 жылдар кезеңiне арналған негiзгi iс-шаралары айқындалған, қаржыландырудың көздерi мен тетiктерi көрсетiлген.

  3. Телерадио хабарларын тарату саласы
проблемаларының қазіргі жай-күйін талдау

Телерадио хабарларын тарату саласындағы
мемлекеттiк реттеу

      Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттiк реттеу мынадай тетiктердiң көмегiмен қамтамасыз етiледi:
      бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу;
      радиожиілік спектрiн бөлу;
      радиожиiлiк номиналдарын телерадиокомпанияларға бекiту;
      телевизиялық және дыбыстық бағдарламаларды эфирлiк трансляциялау, спутниктiк тарату, эфирлiк-кабельдiк және кабельдiк телевидение, сымдық радио желiлерi бойынша тарату жөнiндегi қызмет көрсетулердi лицензиялау, сондай-ақ радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру;
      тарифтiк саясат;
      техникалық құралдарды сертификаттау.
      Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметпен байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының " Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ", " Байланыс туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы ", " Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы " " Лицензиялау туралы " Заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен реттеледi. Сонымен бiрге қолданылып жүрген заңдар радио- және телевизия хабарларын тарату желiсiнiң субъектiлерi арасындағы өзара қатынастарды толық көрсетпейдi, осыған байланысты бұл саланы нормативтiк-құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру қажеттiгi пiсiп-жетiлдi.

Қазақстан Республикасындағы телевизия және радио хабарларын таратудың бағдарламалық тұжырымдамасы

      Мемлекет Қазақстан Республикасының " Мемлекеттiк сатып алу " Заңына сәйкес және мемлекеттiк те, сол сияқты мемлекеттiк емес телерадиокомпаниялардың да телевизиялық және радио бағдарламаларды шығару және тарату конкурсына қатысу жолымен телевизиялық және радио бағдарламаларды сатып алу арқылы ақпараттық саясат жүргiзедi. Мемлекеттiк тапсырыстағы телерадио бағдарламаларын таратудың тәулiктiк орташа көлемi 2000-2003 жылдары 44-тен 63 сағатқа дейiн өстi, ал тиiсiнше республикалық бюджеттен қаржыландыру 2070 миллионнан 4292 миллион теңгеге дейiн өстi. Мемлекеттiк тiлдi дамыту мақсатында 2003 жылы әртүрлi тақырыптық бағыттар бойынша мемлекеттiк тiлдегi бағдарламаларды дайындауға республикалық бюджеттен қосымша 150 млн. теңге бөлiндi.
      Республикалық деңгейде мемлекеттiк тапсырысты орындайтын "Хабар" агенттiгi" АҚ, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" телерадиокомпаниялары өздерiнiң бағдарламаларымен Қазақстан Республикасы аумағының үлкен бөлiгiндегi халықты қамтуды қамтамасыз етедi.
      Мемлекеттiк емес республикалық теле- және радиокомпаниялар "КТК", "HTК", "31 арна", "Рахат-ТВ", "Русское-радио-Азия", "Еуропа плюс Казахстан", "NS-радио" өз қаражаттары есебiнен республиканың едәуiр аумағына хабар таратуды жүзеге асырады.
      Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Шымкент қалалары ақпараттық кеңiстiктегi неғұрлым серпінді дамуымен ерекшеленеді.
      Телерадиокомпаниялардың қазақстандық заңнаманың тiлдiк теңгерiмiн сақтау және тақырыптық бағыттылығы әртүрлi өздерiнiң жаңа бағдарламаларын жасаудағы ретрансляция көлемдерi бөлiгiндегi талаптарды орындауға қатысты, телекомпаниялардың мемлекеттiк тiлдегi хабар тарату үлесiн көбейтуге компаниялардың ұмтылысындағы оң үрдiсiн атап өту қажет.
      Түрлi техникалық және шығармашылық мүмкiндiктерi бар жетекшi республикалық телерадиокомпаниялары мазмұны аудиторияның түрлi топтарының ақпараттық қажеттiлiгiн қанағаттандыратын және қазақстандық қоғамды жұмылдыруға, қазақстан халқының мәдени-тарихи құндылықтарының танымал болуына, жұртшылықтың бiлiм деңгейiн көтеруге ықпал ететiн телевизиялық және радио бағдарламаларын жасайды. Осы компаниялардың жоғары көркемдiк өнiмi жалпыұлттық көрермен аудиториялары мен радиотыңдаушылардың көңiлiнен шықты.
      Өңiрлiк, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын әсiресе шағын жекеменшiктерiн дамыту жергiлiктi экономикалық жағдайға, жарнамалық рынокқа, әр компанияның шығармашылық және техникалық әлеуетiне байланысты. Жергiлiктi бюджеттен қолдауы бар компаниялар ғана жарнама рыногына аса тәуелдi емес.

Телерадиокомпаниялардың материалдық-техникалық базасы

      Телерадиокомпаниялардың телевизиялық және радио бағдарламаларын өндiру және қалыптастыру ақпаратты жазып алу, дайындау және өңдеу жабдықтарымен, сондай-ақ бағдарламаларды алғашқы тарату желiсiне бағдарламаларды мынадай құралдармен беру: радиорелелiк немесе байланыстың талшықты-оптикалық желiлерiмен аппараттық-студиялық кешендерде жүзеге асырылады. Бағдарламаларды жазу, дайындау және өңдеу процестерi Betacam-SP, Betakam-SX, Digital-Betacam, DVC-PRO, DVS-PRO-50, DV форматтарында ескiрген жартылай кәсiби S-VHS форматтағы әлемдiк атағы бар жетекшi өндiргiш Sоnу, Panasonic, Philips, Siemens және басқа да фирмалардың жабдықтарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
      Республикалық телерадиокомпаниялардың материалдық-техникалық базасы әр буындағы жабдықтар мен форматтардан тұрады, мұның өзi телерадио бағдарламаларды дайындау технологиясын күрделендiруге және олардың сапасын одан әрi жақсартуға, шығармашылық процестiң жеделдеуiне ықпал етпейдi.

Телевизиялық және радио хабарлары
бағдарламаларын тарату жүйесi

      Жүйе телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын студиядан тұтынушыларға дейiн жеткiзудi ұйымдастыруға арналған және бағдарламаларды алғашқы бөлу желiсiн (бағдарламаларды беру арналары) және бағдарламаларды екiншi рет бөлу желiсiн (телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын трансляциялаудың жерүстi желiсiн) өзiне қамтиды.

Телерадио хабарларын таратудың спутниктiк желiсi

      1996 жылдан бастап спутниктiк телевидениенiң (цифрлық) ұлттық желiсiн енгiзу басталды және бүгiн Қазақстан ТМД елдерi арасында алғашқылардың бiрi болып телерадио бағдарламаларды халықаралық спутник операторының Intelsat-904 спутниктiк транспондерiн жалға алу жолымен тек спутниктiк арналар бойынша таратуды жүзеге асырады. Бағдарламаларды алғашқы бөлудiң спутниктiк желiсі хабар таратушылар қалыптастырған телевизиялық және радио бағдарламаларын Алматы қаласында орналасқан орталық қабылдау-тарату станциясынан бағдарламаларды екiншi рет бөлу желiсiнiң (трансляцияның жерүстi желiсi) радиотелевизиялық таратқыштарына дейiн (2500 данадан астам) DigiCipher II цифрлық стандартымен жеткiзудi қамтамасыз етедi.
      Бұл телевизиялық және радио бағдарламаларды үлкен аумақтарда шашыраңқы орналасқан және халқының тығыздығы бiркелкi емес тұтынушыларға жеткiзудi қамтамасыз етудiң проблемасын шештi.
      Қазақстан Республикасының аумағында телевизиялық және радио бағдарламаларды тарату бойынша қызмет көрсету жөнiндегi рынокта басымдық алып отырған оператор "Кателко" ЖАҚ болып табылады.
      2002 жылғы наурыздан бастап "Кателко плюс" коммерциялық жобасының iске қосылуымен республика тұрғындары, сондай-ақ одан тыс жерлерде бейненiң цифрлық сапасымен және 60-90 см антеннаға шартты қол жеткiзу cтepeo дыбысымен бiрге отандық және шетелдiң ең танымал спутниктiк телевизиялық бағдарламаларының жеке пакетiн тiкелей жеке қабылдау мүмкiндiгi берiлдi.

Телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлiк
трансляциялаудың желiсi

      Пайдаланылып жүрген тарату құралдары желiсi телевизиялық және радио хабарлары бағдарламаларымен республика халқын қамтуды мынадай көлемде қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi:
      "Қазақстан" телевизиялық бағдарламасымен - 90,67%;
      "Хабар" телевизиялық бағдарламасымен - 89,19%;
      "Ел арна" телевизиялық бағдарламасымен - 62,07%;
      Қазақ радиосы бағдарламасымен - 79,63%.
      Қазiргi уақытта "Қазтелерадио" ЖАҚ күшiмен телерадио бағдарламаларының эфирлiк трансляциясының республикалық желiсiн iшiнара жаңғырту жүргiзiлдi: моральдық және физикалық жағынан ескiрген 370-тен астам лампалық телерадиотаратқыш қазiргi заманғы қатты денелi жабдықтарға алмастырылды, 315 қуаттылығы аз ретранслятор автоматты жұмыс режимiне көшiрiлдi.
      Алайда, микроретрансляторларды қоспағанда, электросыйымдылығы, сенiмдiлiгi төмен, автоматтық деңгейi аз, оларды пайдалану және жұмысқа жарамды күйде ұстап тұруға көп еңбек шығындарын талап ететiн қуатты және қуаттылығы аз телерадиотаратқыштар пайдалану да одан әрi қалып отыр. Сонымен бiрге қолданыстағы антенналық-бағандық және азаматтық құрылыстардың эфирлiк телерадио хабарларын тарату желiсi көпшiлiгiнiң техникалық тозуы шектi нормадан асып кеткен.
      Соңғы жылдар iшiнде Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлiк трансляциялау желiсiнiң техникалық құралдарын оңтайландыру мен жаңғырту бойынша жүргiзiлген жұмыстар қажеттi қаржы қаражатының жоқтығынан аса тиiмдi болмады. Жүргiзiлiп жатқан жұмыстардан нақты нәтиже алу үшiн қосымша қаражат тарту, радио- және телевизиялық хабарларын тарату желiсiне жаппай жаңа технологиялар енгiзу қажет.

Кабельдiк және эфирлiк-кабельдiк телевидение желiсi

      Қазақстан аумағында ақылы көпбағдарламалы телевидениенiң қызметiн ұсынатын жоғары сапалы және қызмет көрсету деңгейi жоғары кабельдiң және эфирлiк-кабельдiк телевидение желiсiнiң 25-тен астам операторы жұмыс iстейдi. Олардың қызмет аясы әдетте жергiлiктi сипатта болады. Бұл сектор "Алма-ТВ", "Казцентр-ТВ", "Айна TB", "Секател" сияқты бiрнеше iрi операторларға ұсынылған. Бұл ретте арналар пакетi 28-ден 55-ке дейiн телевизиялық бағдарламаларға жетедi. Бүгiнгi күнi кабельдiк және эфирлiк-кабельдiк телевидениенiң инфрақұрылымын тек Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Ақтау, Семей сияқты iрi қалаларда ғана дамыту қолға алынды.

Эфирлік және сымдық радио хабарларын тарату желiсi

      Қазақ радиосының бағдарламасы негiзiнен 66-74 МГц (УКВ ЧМ) радиожиiлiк өрiсiндегi жеке дыбыстық режимде таралады. Бұрыннан жұмыс жасап тұрған 8 қуатты радиоорталықтардың 6-уы тоқтатылып, тек 2-уi жұмыс iстеп түр. Ocы радиоорталықтарда қуаттылығы 150 кВт-тан, СВ өрiсiндегi таратқыштар орналастырылған.
      Қазақстанның iрi қалаларында мемлекеттiк емес радиобағдарламаларды ҒМ өрiсiнде трансляциялауды дамыту жеткiлiктi түрде жылдам қарқын алуда.
      Сымдық тарату желiсiнiң соңғы 10 жылдағы қызметiне жасалған талдау республикада сымдық тарату қызметiн тұтынушылар санының күрт қысқару үрдiсiнiң сақталып отырғандығын көрсетедi. Радиофикация желiлерiн ұстауға, құрал-жабдықтарды ауыстыруға қаражаттың болмауы, мысалға ауылдық жерлердегi сымдық хабар тарату желiсiнiң мүлдем тоқтауына әкелiп соқтырды.
      Бұрын радиобағдарламаларды тек сымдық радио хабарларын тарату жүйесiмен қабылдап келген елдi-мекендер пункттерiнде радиохабарлар бағдарламаларымен республика халқын қамтуды қамтамасыз ету үшiн радио-бағдарламаларды эфирлiк трансляциялауды ұйымдастыру қажет.

Радио- және телевизия хабарларын тарату желiсi субъектiлерiнiң қызметiн қаржылық қамтамасыз ету

      Телевизиялық және радио бағдарламаларды өндiру, қалыптастыру және/немесе тарату бойынша қызмет көрсететiн республикалық және өңiрлiк телерадиокәсiпорындарды қаржыландыру:
      тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге мемлекеттiк тапсырысты орындау;
      коммерциялық қызмет кiрiстерi (жарнама және басқа да қызметтердi ұсыну);
      отандық және шетелдiк инвестициялар, демеушiлiк көмек тарту;
      тұрғындардан абоненттiк төлем алу;
      қосымша қызметтер ұсыну шеңберiнде алынатын қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      Телевизия және радио хабарларын тарату бағдарламаларын өндiру, қалыптастыру және таратуға республикалық бюджеттен бөлiнетiн ақша ағымдарының бөлiнуiне жасалған талдау бұл шығындардың едәуiр бөлiгiнiң телерадио хабарларын трансляциялаудың эфирлiк желiсiн ұстауға жұмсалатынын көрсетедi. Бұл республика халқын теледидар және радио хабарлары бағдарламаларымен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi телевизиялық және радиотаратқыштардың үлкен паркiнiң болуымен, физикалық әрi моральдық жағынан ескiрген жабдықтардың болуымен байланысты.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттiк органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн неғұрлым толық қанағаттандыру үшiн телевизия және радио хабарларын таратуды дамыту болып табылады.
      Бағдарламаның мынадай мiндеттерi айқындалған:
      1) телерадио хабарларын тарату саласында мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру;
      2) Қазақстан Республикасы халқын "Қазақстан", "Хабар" телевизиялық және Қазақ радиосының бағдарламаларын қабылдауды кезең-кезеңiмен қамтуды қамтамасыз ету;
      3) өңiрлiк теледидар және радиохабарларын таратуды дамыту;
      4) Қазақстанның бейне саясатын iске асыру;
      5) телевизиялық және радио бағдарламалардың техникалық сапасын арттыру;
      6) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде телевизия және радио хабарларын тарату желiсiнiң тұрақтылығы талаптарын қамтамасыз ету;
      7) телерадиокомпаниялардың хабар тарату желiсiн дамытуды ынталандыру;
      8) көпбағдарламалы телевизия және радио хабарларын таратуды дамыту;
      9) цифрлық телерадиохабарларын тарату жүйесiн құру;
      10) телевизия және радио хабарларын тарату желiсi ұсынатын қызмет көрсетулер санын көбейту.

  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары
және іске асыру тетігі

      Бағдарламаны тұтастай iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) уәкiлеттi орган мен телевизия және радио хабарларын тарату саласы субъектiлерiнiң өзара iс-қимылын реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;
      2) Қазақстан Республикасының халқын телевизиялық және радио бағдарламаларды эфирлiк қабылдаумен қамтуға жаңа телевизиялық және радио таратқыштарын пайдалануға енгiзу жолымен кезең-кезеңiмен қол жеткiзу;
      3) өңiрлiк телевидение және радио хабарларын тарату желiлерiн дамыту үшiн радиожиілік спектрiн бөлу;
      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын халықты қазақстандық телевизиялық және радио бағдарламаларымен қамтуды арттыру, сондай-ақ тiлшiлер қосыны желiсiн кеңейту;
      5) телерадио бағдарламаларды өндiру және трансляциялаудың техникалық стандартын әзiрлеу және бекiту;
      6) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде телевизия және радио хабарларын тарату желiлерi жұмысын ұйымдастыру схемасын әзiрлеу және бекiту;
      7) телерадиокомпанияларды әдiскерлiк қолдау;
      8) көпбағдарламалы телевизия және радиохабарларды дамыту үшiн жағдайлар жасау: тiкелей спутниктiк, кабельдiк, эфирлiк-кабельдiк, эфирлiк цифрлық хабарлар тарату;
      9) эфирлiк цифрлық телерадио хабарларын тарату жүйесiн пайдалану тәжiрибесiн ұйымдастыру және радиожиiлiк ресурсын бөлу;
      10) телевизия және радио хабарларын тарату желiсiмен ұсынылатын мультимедиалық қызметтердi дамыту үшiн жағдайлар жасау.

Мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету

      Қазақстан Республикасындағы телевизия және радио хабарларын таратудың тиiмдi жұмыс істеуіне қол жеткiзу үшін:
      телевидение және радио саласы субъектiлерiнiң телевизия және радиобағдарламаларын жасау және тарату процесiндегi қатынастарын реттейтiн, сондай-ақ телевизия және радио хабарларын тарату желiсiнiң техникалық пайдалану және субъектiлер қызметiн лицензиялау бөлiгiне қатысты қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесімдерді жетiлдiру;
      телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлiк трансляциялаудың жерүстi желiсi үшiн, соның iшiнде цифрлық телерадио хабарларын тарату үшiн жиiлiк-аумақтық жоспарлар әзiрлеу;
      DVB-T стандартындағы цифрлық телевизия және радио хабарларын таратуды енгiзу жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу.

Қазақстан Республикасының халқын телевизия және радио
бағдарламаларды эфирлiк қабылдаумен қамтуды кезең-кезеңiмен арттыру

      Халықты телевизия және радио бағдарламаларымен қамту аймағын кеңейту телевидение және радио мүлдем жоқ елдi мекендер пункттерiнде қуаттылығы аз таратқыш құрылғылар мен спутниктiк телевидениенiң қабылдау жүйесiнiң көмегiмен жүзеге асыру көзделедi.
      Беру желiсiн жаңғырту және кеңейту халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықтарды пайдалану арқылы жаңа технологиялар базасында жүзеге асырылатын болады.
      Бұл ретте республика халқын телевизия хабарларын таратумен кезең-кезеңiмен қамтуды арттыру негiзiнен ауылдық аудандарда қосымша телевизиялық таратқыштарды орнату жолымен жүзеге асырылатын болады.
      Қазақстан Республикасы төмен және халқының бiркелкi емес тығыздығы және оның үлкен аумақта шоғырлануы қуаттылығы аз телерадиотаратқыштарды пайдалану және қолданыстағы қуаттылықтарды қайта қapaу қажеттiлiгiмен түсiндiрiледi.
      Таяудағы жылдар iшiнде бес жүзге жуық қуаттылығы аз телерадио таратқыштар ауыстырылатын болады.
      Бұдан көрiне отырып, Қазақстан Республикасының аумағында телерадио хабарларын таратуға арналған техникалық құралдарды өндiруден тәжiрибесi бар кәсiпорындар негiзiнде осындай үлгiдегi жабдықтарды жаппай шығаруды кеңейту және қайта қалпына келтiру мүмкiншiлiгiн қарастыру қажет. Отандық өндiрiстi ұйымдастыру телерадиотаратқыштардың өзiндiк құнын азайтуға, сервистiк қызмет көрсетуге кететiн шығыстарды қысқартуға, қосымша еңбек рыногын жасауға мүмкiндiк бередi.
      Радио хабарларын таратуды дамытудағы әлемдiк үрдiстердi есепке ала отырып елдi-мекендердi одан әрi қамтуды ұлғайту стереодыбыстық режимде FM өрiсiндегi радио тарату қондырғыларымен жүзеге асырылатын болады.
      Халықты телевизия және радио бағдарламаларымен кезең-кезеңiмен қамтуға қол жеткiзу эфирлiк-кабельдiк және кабельдiк телевидение және радио хабарларын тарату желiсiн одан әрi дамыту жолымен көзделедi. Кабельдiк телевидение және радио хабарларын таратудың қайтадан құрылатын желiсi байланыстың талшықты-оптикалық торабын пайдалану арқылы қазiргi заманғы технологиялар негiзiнде құрылады. Кабельдiк телевидение және радио хабарларын тарату желiлерi бойынша кемiнде 30-ға жуық теледидар арналарының бағдарламаларын, стереодыбыстық радио хабарларын тарату бағдарламаларын, сондай-ақ мультимедиа қызметтерiн трансляциялау жоспарлануда. 2004-2006 жылдар кезеңiнде кабельдiк телерадио хабарларын тарату желiлерiн дамыту операторлардың өз қаражаттарын тарту есебiнен жүзеге асырылатын болады.
      Радио бағдарламаларды бұрын сымдық тарату желiлерi арқылы қабылдап келген елдi мекендер пункттерi радио бағдарламаларымен қамтуды эфирлiк таратқыштарды орнату жолымен қамтамасыз ету радиохабарлардың ескiрген сымдық тарату жүйесiнен бiртiндеп бас тартуға мүмкiндiк бередi.
      Мұндай бетбұрыстың қажеттiгi сымдық радио хабарларын қабылдағыш өндiрiсiнiң тоқтатылуымен, сондай-ақ жаңадан салынған тұрғын үйлерде пәтерiшiлiк тармақтаудың жоқтығына байланысты.
      Радиохабарларын таратудың сымдық тарату жүйесiнiң сақталып қалған материалдық-техникалық базасы заңнамада белгiленген тәртiппен кабельдiк теледидар нұсқасы бойынша хабар таратуды ұйымдастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      Ақпараттық кеңiстiкте мемлекет мүддесiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының ауыл халқын кезең-кезеңiмен мемлекеттiк тапсырыстағы телевизиялық және радио бағдарламалармен 2004 жылы орташа тәулiктiк көлемi "Қазақстан"-13 сағат, "Хабар"-16 сағат және Қазақ радиосы бағдарламаларымен-20 сағат толығымен қамтуды қамтамасыз ету жоспарланады.

Өңiрлік теледидар мен радионы дамыту

      Өңiрлiк телерадио хабарларын тарату желiсiн құру тиiстi радиожиiлiк ресурстарын бөлу, облыс орталықтарында жерүстi қабылдау-жеткiзушi спутниктiк станциялар құрылысын салу және байланыстың талшықтық-оптикалық торабын пайдалану жолымен қамтамасыз етіледi.
      Қазiргi уақытта "Кателко" АҚ күшiмен облыстар әкiмдiктерiнiң ықпал етуiмен Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында жерүстi қабылдау-жеткiзушi спутниктiк станцияларының құрылысы бойынша жобалар қазiрдiң өзiнде жүзеге асырылды. 2004 жылдың басында Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында қабылдау-жеткiзушi спутниктiк станцияларды пайдалануға беру көзделуде.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде телевизиялық бағдарламаларды қабылдауды қамтуды кеңейту есебiнен Қазақстанның бейне саясатын iске асыру

      Қазақстанның бейне саясатын iске асыру мақсатында "Хабар" агенттiгi" АҚ-тың 2002 жылғы қазанда iске асырған жобасы, "СаsрiоNеt" телевизиялық бағдарламасының таралу ауқымын кеңейту қажет. Жаңа телеарнаның ықтимал көрермендерi 93 миллионға жуық адам болды. "CaspioNet" үш тiлде: ағылшын, қазақ және орыс тiлдерiндегi сағаттық блоктармен тәулiк бойы ақпараттық хабар таратуды жүзеге асырады, оның басты мiндетi - неғұрлым тұрақты дамуы бар, тұрақты саяси жүйесi бар, қолайлы инвестициялық климаты мен өзiндiк көпұлтты мәдениетi бар тәуелсiз көпэтникалық мемлекет Қазақстан туралы барынша толық және объективтi мәлiмет беру. "CaspioNet" телевизиялық бағдарламасын тарату көп тiлдi дыбыстармен, ең алдымен қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде жүзеге асырылатын болады.
      Мемлекеттiң бейнелiк саясатында сыртқы саяси оқиғалар туралы жедел хабарламалар ерекше роль атқарады. Қазақстан бойынша және шетелдерде жұмыс жасап жатқан тiлшiлер қосыны ақпараттың перспективалық қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыра алмайды. "Xaбap" агенттiгi" АҚ-тың өз қаражаты есебiнен Вашингтонда, Лондонда, Анкарада және Сеулде жаңа тiлшiлер қосынының ашылуы осы маңызды әрi қызықты өңiрлерден өзiндiк объективтi және жедел ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы ақпараттық технологиялардың көшбасшысы болуға деген ұмтылысын дәлелдей түседi.

Телевизия және радио хабарларының таратылатын бағдарламаларының техникалық сапасын жақсарту

      Телевизия және радио сигналдарды трансляциялаудың техникалық сапасын жақсарту үшiн, телевизиялық сигналдардың соған ұқсас қалыптастырғыштарын ауыстыру арқылы хабар таратудың жаңа цифрлық технологияларға ауыстыру мүмкiндiгiмен, ең алдымен қалған лампалық телевизиялық және радиотаратқыштарды қатты денелерге жаңғырту талап етiледi.
      Телевизия және радионың қолданыстағы моральдық және физикалық жағынан ескiрген лампалық таратқыштар паркiн жаңғырту қажеттiгi тұтыну қуаттылығының мол болуынан, пайдалы iс-әрекет коэффициентiнiң төмен, автоматтандыру деңгейiнiң әлсiз, оларға қызмет көрсетуге кететiн көп еңбек шығындары, сондай-ақ үлкен көлемдi болуынан туындады.
      Лампалықты ауыстыру үшiн қолданылатын модульдiк қағидат бойынша құрылған үлкен интегралдық микрожинау және далалық радиоқабылдағыштарды пайдалану арқылы қазiргi заманғы элементтiк базада жасалған қатты денелi таратқыштар бұл жүйенiң сенiмдiлiгiн арттырады.
      Хабар тарату сенiмдiлiгiн, жоғары сапасын және республика халқының талап етiп отырған ауқымын қамтамасыз ету үшiн ескiрген антенна паркiн қазiргi заманғы, экономикалық жағынан үнемдi, жетiлдiрiлген сипаттамалары бар антенналарға ауыстыруды жүргiзу қажет.
      Телевизия және радио хабарларын таратуды позитивтi дамытудың маңызды факторы хабар тарату өндiрiсi көлемiнiң өсуi, бағдарламалармен қамтылуы, арнаның орнықты көрермендер аудиториясының қалыптасуы болып табылады.
      Телерадио бағдарламалардың шығармашылық та, сол сияқты техникалық жағынан да сапасын жақсарту қазiргi заманғы цифрлық Betacam-SP, Betacam-SX, Digital-Betacam, DVC-PRO форматтарындағы телевизиялық және радионың студиялық жабдықтарын пайдалану есебiнен жүзеге асырылатын болады.
      Белгiленген тақырыптық бағыттарға сәйкес қазақ және орыс тiлдерiне аудару, сондай-ақ субтитр беру жолымен дубляждық өнiмдер өндiрiсiн дамыту жалғасуда.
      Сонымен бiрге мәдени-тарихи құндылықты бiлдiретiн аудио және бейне материалдарды сақтау туралы мәселе өткiр қойылып отыр. Бұл үшiн аудио және бейне өнiмдi мұрағаттаудың цифрлық технологияларын енгiзу қажет.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде телевизия және радио хабарларын тарату желiсiнiң жұмысын ұйымдастыру

      Қазақстан Республикасының халқын ақпараттандыруды сақтау және жетiлдiру сақтау мақсатында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде радио- және телевизия хабарларын тарату желiсiнiң орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету қажет.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының радио- және телевизия хабарларын тарату желiсiне қойылатын негiзгi талаптар:
      төтенше жағдайлар туындағанда болжалдар, төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы жариялылық және халықты әрi ұйымдарды хабардар ету;
      төтенше жағдайлар кезiнде сигналдарды негiзгi және запастағы пункттерден радиотелевизиялық беру станцияларына және сымдық хабар тарату тораптарына берудi қамтамасыз ету;
      электр байланысының бүлiнген арналарын алмастыратын телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын берудiң уақытша арналарын және арнайы ұтқыр репортаждық жерүстi спутниктiк станцияларды пайдалану арқылы оқиға болған жерлерден жедел репортаждар беру үшiн керi арналар ұйымдастыру болып табылады.
      Төтенше жағдайлар кезiнде радиотелевизиялық хабарларды тарату желiсiнiң орнықты жұмысын қамтамасыз ету үшiн резервтегi арна бойынша барлық қуатты радиотелевизия жеткiзушi станцияларына (барлық телевизиялық және радиотаратқыштарға) және сымдық хабар тарату желiлерiне ең кемi бiр телевидение және радио хабарын тарату бағдарламасын жеткiзу мәселесiн қарастыру қажет.

Телевизия және радио хабарларын тарату саласы
субъектілерiн қолдау

      Қазақстан Республикасының " Бұқаралық ақпарат құралдары туралы " және " Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы " Заңдарына сәйкес телевизия және радио хабарларын таратудың мемлекеттiк тiлдегi үлесi басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен кем болмауы тиiс.
      Телевизия және радио хабарларын тарату саласы субъектiлерiнiң хабар таратудың жалпы көлемiндегi тiлдiк қатынас бойынша қазақстандық заңнаманың негiзгi ережелерiн соңғы сақтау бөлiгiнде қолдау мақсатында жыл сайын мемлекеттiк тiлдегi телевизия және радио бағдарламаларды өндiруге ашық конкурс өткiзу жолымен мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жоспараланады.
      Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган телерадиокомпанияларды мемлекеттiк тiлдегi бейне өнiмдермен қамтамасыз ету жөнiндегі жұмысты тұрақты жүргiзетiн болады.

Цифрлық теледидар мен радионы енгiзу

      Жиiлiк спектрiнiң тығыздығы телерадио хабарларының дамуын едәуiр тежейдi, мұны шешу Қазақстан Республикасының аумағына цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгiзу кезiнде мүмкiн болады. Цифрлық телерадио хабарларын тарату халықтың басым бөлiгiне цифрлық стандарттарға негiзделген хабар жазып алудың, қайта шығарудың, ақпаратты өңдеудiң және берудiң озық әдiстерi үлкен перспективаға жол ашады және мұнсыз ақпараттық кеңiстiктi толыққанды толықтыру мүмкiн емес.
      Цифрлық телерадио хабарларын таратудың артықшылығы:
      телерадио хабарларын таратудың цифрлық желiсiнiң әр абонентi жеткiзушi орталықтың қабылдау және алыстығы шартына тәуелдi болмай, цифрлық сапамен сигналдарды бөлмедегi антеннамен қабылдау мүмкiндiгiне ие болады;
      ұқсас нұсқада да пайдаланылатын жиiлiк белдеуiнiң сол енiнде бағдарламаның санынан бiрнеше есе көп трансляциялау есебiнен шектеулi жиiлiк ресурсын барынша тиiмдi пайдалану мақсатында көпбағдарламалы хабар таратуды ұйымдастыру;
      телевизия және радио бағдарламалардың қабылдау сапасын арттыру;
      бiр бейнекөрiнiстi 4-5 тiлде беру мүмкiндiгi;
      цифрлық пакетпен бiрге көп мөлшерде iлеспе ақпараттар беру мүмкiндiгi (телемәтiн, интернет, бағдарламалық жолбасшы және басқалар) - мультимедиа қызметтерiн көрсетуге мүмкiндiк беретiн интерактивтiлiктi енгізу.
      Телевизиялық және радиохабарларын тарату желiсiне цифрлық технологияларды енгiзу бұқаралық ақпарат құралдарын техникалық дамытудағы жаңа кезеңдi бiлдiредi және қабылдағыштардың барлық паркiн дерлiк ауыстыруға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстан Республикасы аумағындағы телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын трансляциялау желiсiне цифрлық технологияларды қолдану тәжiрибе аймақтарында жүргiзiлген сынақтардың нәтижелерi жан-жақты зерделегеннен және талдағаннан кейiн жүзеге асырылатын болады.
      Жерүстi цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгiзу үшiн цифрлық желiлер құруға арналған радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың негiзгi ережелерiн анықтау бөлiгiне ұсынымдар әзiрлеу қажет, олар перспективада қолданыстағы ұқсас нұсқаларды алмастыруға тиiс. Бұл ретте аздаған жаңғыртумен цифрлық телерадио хабарларын таратуға ауысуға мүмкiндiк беретiн ұқсас жабдықтарды пайдалану көзделедi.
      Қазақстан Республикасында эфирлiк цифрлық телевидениенi енгiзу қолданыстағы ұқсас нұсқалы телевидениемен қатар кезең-кезеңiмен iске асырылатын болады. 2005-2006 жылдары телерадио хабарларын тарату бағдарламаларын эфирлiк трансляциялау желiсiнде DVB-T стандартындағы цифрлық телевидениенің тәжiрибе аймағы құрылуға тиiс, ал қабылдау аппаратының қымбаттылығына байланысты оны коммерциялық пайдалану басталады. Цифрлық телевизия хабарларын таратуда қабылдағыш ретінде абоненттiк қосымшасы (set-toр-box) бар ұқсас теледидарлар және цифрлық теледидарлар пайдаланылады.

  6. Қажетті ресурстар және оларды
қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет, радио- және телевизия хабарларын тарату желiсi субъектiлерiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаның 2004-2006 жылдарға арналған іс-шараларын iске асыруға болжалған шығыстар 18605926 мың теңгені құрайды, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 2004 жылы - 4884511 мың теңге, 2005 жылы - 5128737 мың теңге, 2006 жылы - 5359530 мың теңге.
      2005-2006 жылдарға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемi Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" тиiстi қаржы жылына арналған Заңына сәйкес анықталады (нақтыланады).

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
      1) телерадио хабарларын тарату саласында қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер жетiлдiрiледi;
      2) телевизия және радио хабарларын тарату бағдарламаларының сапасы және тартымдылығы арттырылады;
      3) "Хабар" тәулiктiк хабар тарату көлемi - 15 сағатқа дейiн, "Қазақстан" - 20 сағатқа дейiн және Қазақ радиосы 24 сағатқа дейін ұлғайтылады;
      4) телевизия және радио хабарларын тарату бағдарламаларының ТМД елдерiне және алыс шетелдерге шығу үшiн қолайлы жағдайлар жасалады және осы мемлекеттердiң халқына Қазақстанның қоғамдық-саяси, мәдени-экономикалық өмiрi туралы объективті ақпаратты жеткiзу қамтамасыз етiледi;
      5) елдi-мекендер "Xaбap" телевизиялық бағдарламаларымен 98%-ға дейiн және "Қазақстан" - 96%-ға дейiн, сондай-ақ Қазақ радиосының бағдарамасын - 90%-ға дейiн кезең-кезеңiмен қамтуға қол жеткiзу қамтамасыз етiледi;
      6) телевизия және радио бағдарламаларды эфирлiк трансляциялау желісін жаңғырту аяқталады, бұл оны ұстауға арналған шығындарды азайтуға мүмкіндік бередi;
      7) 2005 жылы цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуды тәжiрибелiк пайдалану басталады;
      8) отандық қуаттылығы аз телевизия және радиотаратқыштардың өндiрiсi кеңейтiледi;
      9) қуаттылығы аз 500 телерадиотаратқыштарды ауыстыру жүргiзiледi.

  8. Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.24. N  891 , 2005.12.31.  N 21   қаулысымен .

___________________________________________________________________
Р/с |             |Аяқталу|Орындалуына| Орында.|Болжалды |Қаржылан.
N  |  Iс-шаралар |нысаны | жауаптылар|   лу   |шығыстар,|дыру көзі
    |             |       |           | мерзімі|мың.теңге|
___________________________________________________________________
  1 |      2      |   3   |     4     |    5   |   6     |    7
___________________________________________________________________
                    1. Ұйымдастыру шаралары
___________________________________________________________________
1.1.   Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.31.  N 21   қаулысымен .

1.2.   Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.12.31.  N 21   қаулысымен .

1.3.  Телевизия    Норматив.  Ақпарат. 2005    Талап
      және радио   тiк        мині,    жылғы   етіл.
      хабарларын   құқықтық   АБА       4      мейді
      таратудың    кесiмнiң            тоқсан
      техникалық   жобасы
      құралдарын
      техникалық
      пайдалану
      тәртібi
      бойынша
      epeжe
      әзірлеу

1.4.  Табиғи,      Бірлескен  МАСМ,    2005    Талап
      техногендiк  бұйрық     АБА,     жылғы   етіл.
      сипаттағы               ТЖМ       4      мейді
      төтенше                         тоқсан
      жағдайлардың
      шарттары
      үшін хабар
      тарату
      схемасын
      әзірлеу
__________________________________________________________________
                      2. Құқықтық реттеу
__________________________________________________________________
2.1.  Ақпаратминi  Бірлескен  Ақпарат. 2005    Талап
      жанынан      бұйрық     мині,    жылғы   етіл.
      ведомство.              БҒМ       1      мейді
      аралық                           тоқсан
      ғылыми-тех.
      никалық
      кеңес құру

2.2.  "Телерадио   Норматив.  Ақпарат. 2004    Талап
      хабарларының тiк        минi     жылғы   етіл.
      мемлекеттiк  құқықтық              1     мейді
      бағдарлама.  кесімнің            тоқсан
      сын тарату   жобасы
      тәртібі
      туралы"
      Қазақстан
      Республикасы
      Үкіметінің
      1996 жылғы
      12 желтоқ.
      сандағы N
      1527 қаулы.
      сының радио.
      жиілік
      номиналдарын
      бөлу бөлiгi.
      не өзгеріс.
      тер енгiзу

2.3   Теледидар және/немесе радио   Норма-  МАСМ  2005   Талап
      хабарларын таратуды           тивтiк        жылғы  етiл-
      ұйымдастыру жөнiндегi         құқық-        4-     мейдi
      қызметтi лицензиялау кезiнде  тық           тоқсан
      қойылатын бiлiктiлiк          кесiмнiң
      талаптары                     жобасы
___________________________________________________________________
                  3. Техникалық iс-шаралар
____________________________________________________________________
3.1.  Радионың      Yкiмет.   МАСМ,    Жыл    27 434     "Қазақстан"
      мемлекеттік   ке        АБА      сайын  мың. теңге РТРК" АҚ
      бағдарлама.   ақпарат            2, 4   2004 ж.-   өз қаража.
      ларының                          тоқсан 10000      ты есебі.
      стереохабар                             2005 ж.-   нен
      тарату                                  10000
      режиміндегі                             2006 ж.-
      FM өрісінде                             7434
      өту

3.2.  Цифрлық      Yкiмет.   МАСМ      2006   102772     "Қазтеле.
      эфирлiк      ке                  жылғы  мың.теңге  радио" ЖАҚ
      телевидение  ақпарат              4                және
      пайдаланудың                     тоқсан            "Кателко"
      коммерциялық                                       ЖАҚ өз
      желiсiн құру                                       қаражаты
                                                         есебiнен

3.3.  Өңiрлiк      Yкімет.   МАСМ      Жыл    3082883    "Кателко"
      телевидение. ке                  сайын  мың.теңге  ЖАҚ өз
      нiң және     ақпарат              4     2004 ж.-   қаражаты
      радионың                        тоқсан  866234     есебінен
      желiсiн құру                            2005 ж.-
                                              918102
                                              2006 ж.-
                                              1 298547

3.4.  "Хабар",     Yкімет.   МАСМ      Жыл    15372777   республика.
      "Қазақстан"  ке                  сайын  мың.теңге  лық
      телевизиялық ақпарат              1     2004ж.-    бюджеттен
      бағдарлама.                      тоқсан 4884511
      ларын,                                  2005ж.-
      сондай-ақ                               5128737
      Қазақ                                   2006ж.-
      радиосының                              5359530
      бағдарлама.
      ларын өндiру
      және тарату

3.5.  "Хабар"      Yкімет.   МАСМ      Жыл    * іс-шара. Республика.
      телевизиялық ке                  сайын  ларды      лық бюджет.
      бағдарлама.  ақпарат              4     қаржылан.  тен
      сын қабыл.                       тоқсан дыру
      дауды                                   "Қазақстан
      республика                              Республи.
      халқын                                  касының
      кезең-кезе.                             ауылдық
      ңiмен                                   аумақтарын
      қамтуды                                 дамытудың
      қамтамасыз                              2004-2006
      ету                                     жылдарға
3.6   "Қазақстан"  Yкімет.   МАСМ      Жыл    арналған   Республи.
      телевизия.   ке                  сайын  мемлекет.  калық
      сының        ақпарат              4     тік бағ.   бюджеттен
      бағдарлама.                      тоқсан дарламасы"
      сын қабыл.                              ауқымында
      дауды                                   жүзеге
      республика                              асырылады.
      халқын
      кезең-кезе.
      ңiмен
      қамтуды
      қамтамасыз
      ету

3.7.  Қазақ радио. Yкімет.   МАСМ,     Жыл               Республи.
      сының        ке        АБА       сайын             калық
      бағдарлама.  ақпарат              4                бюджеттен
      сын қабыл.                       тоқсан
      дауды
      республика
      халқын
      кезең-кезе.
      ңiмен
      қамтуды
      қамтамасыз
      eту

3.8.  (CaspioNet)  Yкімет.   МАСМ,     Жыл    Iс-шара.   Республика.
      спутниктiк   ке        СІМ       сайын  ларды      лық
      телеарнасы.  есеп беру             1    қаржылан.  бюджеттен
      ның жұмысын                      тоқсан дыру
      ұйымдастыру.                            "Шетелдер.
      ды қамтама.                             де тұратын
      сыз ету                                 отан.
                                              дастарды
                                              қолдаудың
                                              2004-2006
                                              жылдарға
                                              арналған
                                              бағдарла.
                                              масы"
                                              шеңберiнде
                                              жүзеге
                                              асырылады.

3.9.  "Шалқар"     Yкімет.   МАСМ      Жыл    20 060    "Қазақстан" 
      радиосы      ке        АБА       сайын  мың.теңге РТРК" АҚ
      бағдарлама.  ақпарат               4    2004 ж.-  және "Қаз.
      сының желi.                      сайын  5 000     телерадио"
      сiн кеңейту                             2005 ж.-  ЖАҚ өз
                                              5 000     қаражаты
                                              2006 ж.-  есебінен
                                              10060

3.10  Телевизия    Норматив. АБА,      2004   Талап
      және радио   тiк       Ақпарат.  жылғы  етіл.
      бағдарла.    кесімнің  мині,      4     мейді
      маларын      жобасы    Қорғаныс. тоқсан
      эфирлiк                мині
      трансляция.
      лаудың
      жерүсті
      желiсi үшiн,
      оның ішінде
      цифрлық
      телерадио
      хабарларын
      таратудың
      жиілiк-
      аумақтық
      жоспарын
      әзiрлеу
___________________________________________________________________

      * Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149  Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламада" "Хабар", "Қазақстан" және Қазақ радиосы бағдарламаларын қабылдауды 100% қамтуды қамтамасыз ету үшiн "Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзу" iс-шараларын қаржыландыру республикалық бюджеттiк бағдарлама бойынша жоспарлануда

      1.  Ескерту. 2005-2006 жылдарға республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын iс-шаралар бойынша шығыстар көлемi Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" тиiстi қаржылық жылға арналған  Заңына сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады.
      2. МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi;
      Еңбекминi - Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлiгi;
      БҒМ - Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi;
      СIМ - Қазақстан Республикасының сыртқы iстер министрлiгi;
      Қорғанысминi - Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлiгi;
      АБА - Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi;
      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады