Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126 және 2004 жылғы 1 наурыздағы N 256 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы N 914 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Табиғи монополиялар субъектілерiнiң тарифтiк саясатын жетілдiрудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 қазандағы N 1126  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 35, 375-құжат):
      2-тармақтағы "(келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын жетілдiрудiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "8. Бағдарламаның iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
      "2004 жыл" деген кішi бөлімде:
      4-бағандағы "(келiсiм бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрлерi 34, 40, 41, 42, 44, 45, 46, 47-жолдарда:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 ж. 4-тоқс.";
      реттік нөмiрi 43-жолда:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2004 ж. 3-тоқс.";
      2) "Индустриялық-инновациялық саясаттың бiрiншi кезектегi мiндеттерiн iске асыру жөнiндегi 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы N 256  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 11, 136-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Индустриялық-инновациялық саясаттың бiрiншi кезектегi мiндеттерiн iске асыру жөнiндегі 2004 жылға арналған iс-қимыл жоспарында:
      "5. Өндiрiс факторларының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру жөнiндегi шаралар" деген бөлiмде:
      "5.5. Мемлекеттiк реттеу" деген кiшi бөлiмде:
      "5.5.1. Тарифтiк саясат және бәсекелестiкті қорғау" деген тарауда:
      4-бағандағы "(келiсім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмiрлерi 5.5.1.2., 5.5.1.3., 5.5.1.4-жолдар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады