Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі N 926 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 797 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 797 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу және кодтау, өнiмдi каталогтау жүйесiн үйлестiру және дамыту, Қазақстан Республикасы жiктеуiштерiнiң бiрыңғай қорын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801 қаулысымен .

      1. Қоса берiліп отырған Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн (бұдан әрi - Депозитарий) құру және жүргiзу жөнiнде шаралар қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801 қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң  Техникалық реттеу және метрология комитетi(бұдан әрi - Комитет) Депозитарий қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801 қаулысымен .

      4. Мемлекеттiк жiктеуiштердi (анықтамалықтарды) әзiрлеуге, бекiтуге және жүргiзуге жауапты мемлекеттiк органдар 2004 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Комитетке олардың электронды және қағаз жеткiзушiлерде берiлуiн қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметінің       
2004 жылғы 2 қыркүйектегi
N 926 қаулысымен   
бекiтiлген       

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда- ҚР Үкіметінің 2005.08.01. N 801 қаулысымен .

         Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуіштерiнiң
депозитарийiн құру және жүргізу ережесi

      Осы Техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жiктеуiштерi депозитарийiнiң (бұдан әрi - Депозитарий) қызметiн ұйымдастырудың құқықтық негiздерiн және оны жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жiктеу мен кодтау жүйесiн дамытуға мүдделi Депозитарий субъектілерi арасындағы өзара iс-қимыл тетiгiн айқындайды.

1. Негiзгi ұғымдар

      1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Депозитарий - техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң жиынтығын бiлдiретiн, ведомствоаралық сипаты бар, олардың қалыптасуын, есепке алынуын, сақталуын, көкейкесті етiлген (бұдан әрi - көкейкесті ету) жағдайда ұсталуын қамтамасыз ететiн, Депозитарийдi пайдаланушылар мүддесiне ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ететiн арнайы қор;
      2) депозитарлық қызмет - техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуіштерiн әзiрлеу және қолдану саласында қалыптастыру, есепке алу, сақтау, көкейкесті ету, ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету жөнiндегi Депозитарий субъектілерінің қызметi;
      3) Депозитарийдiң жеткiзушілерi - техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн әзiрлеуге, бекiтуге және жүргізуге жауапты мемлекеттiк органдар;
      4) Депозитарийдiң пайдаланушылары - депозитарийдегі ақпаратты және жiктеуiштердi пайдалануға мүдделi жеке және заңды тұлғалар;
      5) уәкiлетті орган - техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган.

2. Жалпы ережелер

      2. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерi депозитарийi Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры негiзiнде құрылады және оның құрамдас бөлiгi болып табылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.28 N 396 Қаулысымен.

      3. Өзінің жұмысында Депозитарий осы Ереженi, техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын белгiлейтiн нормативтiк құжаттарды және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.28 N 396 Қаулысымен.

      4. Депозитарий қызметi мүдделi тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрамайтын бөлігінде қолжетiмдi, ашық және айқын болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасының экономикасы салаларында есепке алуға жататын статистикалық есептілік жүйесiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың түрлi ақпараттық жүйелерiнде пайдаланылатын техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерi депозитарлық қызмет объектілерi болып табылады.

      6. Уәкiлеттi орган, Депозитарийдiң жеткiзушiлерi мен пайдаланушылары депозитарийдiң субъектілерi болып табылады.

3. Депозитарий жүргiзу тәртiбi

      7. Депозитарийдi жүргiзудi уәкiлетті орган жүзеге асырады.

      8. Мыналар:
      мемлекеттiк органдар мен өзге де жеке және заңды тұлғалар;
      стандарттау жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдар депозитарийдiң жиынтықтау көздерi болып табылады.

      9. Жұмыстар жүргiзу және сақтау үшiн Депозитарийге техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеу мен кодтаудың бiрыңғай жүйесiнің стандарттарына сәйкес әзiрленген және бекiтiлген, нормативтiк құқықтық кесiмдерде белгiленген талаптарға сәйкес iстерге ресiмделген техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi мен оларға өзгерiстер қабылданады. Жiктеуiштердің басқа санаттары шығарылған құжаттар түрiнде қабылданады.

      10. Депозитарийдiң жеткiзушілерi құжаттарды көкейкесті түрде ұстау үшiн техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды Депозитарийге олар бекiтілгеннен кейiнгi екi апталық мерзiмiнен кешіктiрмей берудi қамтамасыз етеді.

      11. Депозитарийге келiп түсетiн және ондағы бар барлық техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерi, сондай-ақ олар туралы анықтамалық ақпарат қатаң есепке алынуға тиiс.
      Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн есепке алу олардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың қозғалысын, көкейкесті етілуi мен әрекет ету мерзiмдерiн бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

      12. Депозитарийде техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерiн есепке алуға, қалыптастыруға және сақтауға жауапты тұлғалар айқындалады.

      13. Депозитарийге осы Ереженiң 8-тармағында көзделген ұйымдар берген техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерi бақылау даналарына жатады және олар жұмыс iстеу үшiн берiлмейдi.
      Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiнiң бақылау даналары мүдделi тұлғаларға берілетiн құжаттардан бөлек сақталады.
      Берiлуге жататын техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерінің даналары "Жұмыс даналары" мәртебесiне ие болады және жұмыс iстеу үшiн мемлекеттік және орыс тілдерiнде қағаз, ал ол болмаған жағдайда электронды жеткiзушілерде берiледi.

      14. Белгіленген тәртiппен Депозитарийге келiп түсетiн техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ресiмделедi.

      15. Депозитарийдiң техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттiк жiктеуiштерi тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейтін жиынтық және жеке есепке алынуға жатады.

      16. Жiктеуішті жүргiзу:
      техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерінің эталондары мен бақылау даналарын құруды;
      ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын, жаңа объектілердi жiктеу мен кодтауды қамтамасыз ету, техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жiктеуiштерiн жетiлдiру мақсатында оларға өзгерiстер енгiзудi көздейдi.

      17. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган арнайы үй-жай бөледi.
      Сақтау нормативтік құқықтық кесiмдер белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Депозитарийдегi техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерi толық мәтiндiк электронды дерекқорларда қалыптастырылады.
      Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерi бойынша электронды дерекқорлар мемлекеттік және орыс тiлдерiнде қалыптастырылады.

      19. Мүдделi тараптарға қызмет көрсету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      20. Депозитарийдегi техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттiк жiктеуiштерi туралы ақпарат мемлекеттiк стандарттардың жылдық және ай сайынғы ақпараттық сiлтеуiштерiнде жарияланады.

4. Депозитарий субъектілерiнiң жауапкершілігi

      21. Депозитарий субъектiлерi оған берiлген және сақталатын техникалық-экономикалық ақпарат мемлекеттік жiктеуiштерiнiң көкейкестiлігі үшiн өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының  заңнамасына   сәйкес жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады