Ел экономикасының мұқтаждары үшiн мазуттың жеткілiкті қорын жасау қажеттігiне байланысты және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 2005 жылғы 1 наурызға дейiн мазутты (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 2710 19 610 0 - 2710 19 690 0) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажетті шаралар қабылдасын.